Тарих (грек. historia – сұрастыру, зерттеу) – адамзат баласының өткенін зерт- тейтін қоғамдық ғылым. Тарих – үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылығы мен бел- сенділігі зор маңызға ие.
Тарихи-салыстырмалы əдіс – түрлі құбылыстарды зерттеу жəне түсіндіру жо- лында осы құбылыстардың форма жағынан ұқсастығы арқылы олардың генетикалық жақындығын, яғни олардың пайда болуының ортақ негізі ту- ралы тұжырым жасау.
Тарихтың объективті факторы – адамдардан тəуелсіз жəне олардың қызметі- нің бағыты мен ауқымын көрсететін шарттар.
Тарихтың субъективті факторы – бұқараның, топтардың, мемлекеттің, жеке адамдардың белгілі бір мақсатқа бағытталған іс-əрекеттері, олардың сана- сы, еркі, іс-қимылға бейімділігі.
Тəптіштеу (интерпретация – лат. interpretation – түсіндіру) – зерттеліп отырған мəселеге тікелей қатысы бар көрсеткіштерді анықтау нəтижелерін, олар- дың негізінде жасалған болжамдарды түсіндіретін көп сатылы талдау.
Теология (грек. theos – құдай + logos – сөз, ілім) – Құдай туралы діни ілім. Ол Құдайдың өзі мен оның əрекеттерінің мəнін анықтайтын діни шығармалар жиынтығынан тұрады.
Теория (грек. theorіa – пайымдау, анықтау) – өзінің объектісін құрастырып отыр- ған белгілі бір жиынтықтың қызметін сипаттайтын, түсіндіретін жəне бол- жайтын, шындықтың қандай да болмасын «фрагменті» жөніндегі нақты білімді жинақтап қорытындылайтын жүйе.
Тепе-тең ақиқат пікірлер – ақиқаттың кез келген мəндерінде ақиқат болатын қисындама пікірлер, өрнектер немесе формулалар.
Тепе-теңдік – заттың, құбылыстың өзара біркелкі, тең дəрежелі болуын немесе бірнеше заттың деңгейлес екендігін өрнектейтін категория.
Термин (лат. terminos – шекара) – ғылыми жəне т.б. кейбір ұғымдарды белгілей- тін бір мағыналы сөз, тілдің жалпылайтын теоремасы.
Типология (грек. tipos – үлгі + logos – сөз, ілім) – этнологияда қолданыс тапқан ғылыми тəсіл. Оның негізінде этнология объектілерін жіктеу жəне жалпы модельге қарай біріктіру жатыр.
Толеранттылық (ағылш. tolerance – төзімділік) – басқа ойға, көзқарасқа, на- ным-сенімге, іс-əрекетке, əдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті.
Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – зорлық-зомбылық пен қоқан- лоқыны негізіне алған саяси үстемдік жүйесі.
Трайбализм (лат. tribuo – бөлемін) – рушылдық, қоғамдық жікке бөлінушілік- ті тудыратын этнос ішіндегі ру-тайпалар мен жеке адамдар бойындағы тайпалық, рулық сезім, құбылыс. Ол, негізінен, билікке таласушылықты, сепаратизмді қоздыратын құбылыс ретінде саяси мəдениеті төмен, демок- ратиялық институттары нашар дамыған елдерге тəн.
Тұжырымдама – 1) белгілі бір мəселеге, құбылысқа көзқарастардың жүйесі;
2) ғылыми еңбектің, шығарманың жəне т.б. негізгі қағидалары. Саясат əлемінде ол саяси партиялардың бағдарламаларында, жарғыларында, рес- ми құжаттарында жəне т.б. көрініс береді.
Тұрғылықты жер – барлық табиғат компоненттері бар, сонымен қатар байла- ныс түрлері, тұрғылықты орындары, өнеркəсіптік, ауылшаруашылық жə- не əлеуметтік-мəдени объектілері бар жер беткейінің бір бөлігі.
Тұлға – жеке адамның өзіндік адамгершілік, əлеуметтік, психологиялық қырла- рын ашып, адамды саналы іс-əрекет иесі жəне қоғам мүшесі ретінде жан- жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның əлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі жəне белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орна- ту арқылы жеке адамды əлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Тұлғааралық қатынас – этнопсихологияда əрбір тайпаның, халықтың ұлттық дəс- түрлерге байланысты əдет-ғұрыптары, салт-дəстүрлері жəне т.б. Ол əрбір ха- лық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |