Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет91/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Политеизм (грек. poly – көп + грек. theos – құдай, көп құдай) – көп құдай: бірне- ше құдайға құлшылық ету.

Политология (грек. politicos – қоғамдық + logos – ілім, сөз) – саяси қатынастар- ды зерттейтін қоғамдық ғылым саласы.

Популяция (лат. populus – халық, тұрғын халық) – белгілі бір кеңістікте генети- калық жүйе түзетін, бір түрге жататын жəне көбею арқылы өзін-өзі жаң- ғыртып отыратын азғалар тобы. Осы топтың популяция болып есептелуі үшін тарихи қалыптасқан ареалы жəне үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыраты- лып тұруы тиіс.

Постмодернизм (ағылш. postmodernism модернизмнен кейін) – əуелде сəулет- те шыққан атау, хатжүзіндік мағынасы – модерннен кейінгі, яғни осы за- маннан кейінгі. Дəл мағынасында модерннен кейінгі, қазіргі заман дегенді білдіреді.

Постулат (лат. postulatum – талап ету) – белгілі бір ғылыми теория шеңберін- де бастапқы дəлелденбейтін ретінде қабылданған оның принципі немесе ұйғарымы.

Православие (грек. orthodoxia – ұрыс ілім, дұрыс пікір) христиан дінінің не- гізгі бағыттарының бірі; шығыс-христиан шіркеуі ретінде XI ғасырда Византияда бір жолата қалыптасқан діни сенім. Онда құдайдың үштік бірлігін (жаратушыны, əлемге, о дүниеге билік жүргізушіні, жазмышты) алғашқы күнə белгісі бар адамзатқа аман қалу мүмкіндігін ашқан Иисус Христостың барлық адамдардың күнəсін өтеу миссиясын мойындаудан бастау алады.

Прагматизм (грек. πράγματος – іс, əрекет) – алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт. Көбіне адамгершілік қағидаларымен санаспай, нақтылы нəтижеге жетуге тырысады.

Практика (грек. πράξις – қызмет) – адамның саналы, мақсатты, нысаналы, се- зімдік нақты қызметі.
Пререквизиттер, постреквизиттер (Prerequisite, Postrequisite) – берілген пəнге дейін жəне пəннен кейін игерілуге міндетті пəндер.

Принцип (лат. principium, грек. αρχή – түп, нағыз) – негізгі ереже, басқарушы идея.

Прогресс (лат. progressus – ілгері қозғалу) – төменгіден жоғарыға, жетілмеген- нен дамыған қалыпқа өтумен сипатталатын даму үрдісі.

Промилле (лат. prо mille – мыңға) – қандай да бір шаманың мыңнан бір бөлігі.

Процесс (лат. processus өту, жүру) – құбылыстың заңды, дəйекті өзгерісі, оның басқа құбылысқа көшуі.

Психика (грек. psychikos – ішкі сезім, көңіл күй) – тіршілік жүйесі мен оны қор- шаған ортаның белгі берушілік қарым-қатынастарының жемісі жəне шарты. Психология (грек. psyche – жан + logos ілім, сөз) – адамның жеке бірлік ре- тіндегі психикасын, өзінің сан алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара əрекетін

зерттейтін ғылым.



Публицистика (лат. publicus – көпшілік, əлеумет) – қоғам өмірі үшін маңызды мəселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.

Пікір – баға, ой, бірнəрсе немесе біреу туралы ой, пікір жазылған құжат.
– Р –
Рабат Орталық Азия, Қазақстандағы ортағасырлық қалалардағы қоғамдық, кей жағдайда діни кешенді құрылымдардың атауы. Рабат араб тілінде «бе- кініс», «шекара бекеті», «керуен сарайы» деген ұғымдарды білдіретін көп мағыналы сөз.

Рəсім, церемония (лат. caerimonia – аса зор құрмет көрсету, ғибадаттың рəсі- мі) – символдық мəн мағынадағы əлдеқандай оқиғаларды немесе күндерді мерекелеуге арналған əрекеттердің дəйектілігі. Оқу-тəрбие мекемелерінде рəсім бала ұжымы өмірінің кейбір оқиғаларына салтанаттық жəне көріктік беру, дəстүрлерді құру жəне бекіту үшін қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет