Өндіргіш күштер – тарихи процестің негізгі жəне анықтаушы дерегін білдіретін тарихты материалистік ұғынудың басты категорияларының бірі.
Өндіріс – өмірге қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатында адамдар- дың табиғатты түрлендіруін сипаттайтын адам мен табиғат арасындағы зат алмасуын бейнелейтін ұғым.
Өнер – қоғамдық сана мен қызметінің өзгеше формасы, көркем тұлға арқылы берілетін шындықтың бейнесі, дүниені эстетикалық игерудің аса маңыз- ды тəсілі.
Өңір – халықтық географияда көлемі жағынан аса ауқымды, ұзыннан-ұзақ созы- лып жатқан əртүрлі аймақ-өлкелерді қамтитын жер.
Өркениет (лат. civiles – азаматтық) – қоғамның материалдық жəне рухани жетіс- тіктерінің жиынтығы.
Өту балы (Grade Point Average – GPA) – таңдап алынған бағдарлама бойынша магистранттың оқу жетістіктері деңгейінің орташа бағасы (кредиттердің қо- рытынды бақылау балдарының сандық эквивалентіне көбейтінділері жиын- тығының ағымдағы оқу кезеңіндегі жалпы кредит санына қатынасы).
– П –
Паблик рилейшнз (ағылш. public relations – қоғамдық қатынастар) – нақты ақ- парларға негізделген өзара түсіну арқылы үндестікке жету өнері.
Пайғамбар (парсы ϿͲ̲ͭͭͭͭͭͭͭЋ «пайғам» – хабар + ﺭﺏ «бар» – алып барушы) – қауымға Алла ақиқатын жеткізіп, Құдайдың барлығы мен бірлігін мойын- дауға шақырушы адам.
Парадигма (грек. paradigma – үлгі) – зерттелетін мəселені шешу үшін үлгі ре- тінде алынған теория; теориялық көзқарастардың, методологиялық прин- циптердің, əдістемелік қабылдаудың жəне эмпиризмдік нəтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдас- тықпен қабылданған жəне болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық жəне əдістемелік ережелер жиыны.
Пассионарлық (лат. passio – құштарлық, азап шегу) – этнологияға орыс тарих- шысы əрі географы Л.Н. Гумилев енгізген ұғым. Ол – қимыл-қаракет, іс- əрекетті аңсаған құштарлық, жекелеген адамдарда да, топтарда да болуы мүмкін шектен тыс күш-қуатқа қабілеттілік.
Патриотизм (грек. patris – Отан, атамекен) – адамгершілік жəне саяси прин- цип, əлеуметтік сезім, оның мазмұны – Отанға сүйіспеншілік, оған адал- дық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс.
Патрономия (грек. patronymia – əкесінің есімімен атау, pater – əке жəне onyma
– есім) – қоғамдық ұйымдардың патриархалдық-рулық құрылысқа тəн бір түрі; белгілі бір шаруашылық, қоғамдық жəне идеологиялық бірліктегі не- гізгі бір атадан (рудан) өрбіген адамдар тобы.
Пəнаралық зерттеу – əртүрлі пəндердің (ғылымдардың) бір күрделі құбылыс- тың төңірегінде туындаған мəселені шешу мақсатында бірігіп зерттеу жұмысын жүзеге асыруы. Мұндай бірігудің келесі себептері бар: 1) зерт- телетін объекті табиғатының өте күрделілігінен туындайтындығынан; 2) ғылыми-практикалық мəселелерді жан-жақты терең негізделген тұрғыдан шешу талабынан шығады.
Пессимизм (лат. pessimus – ең жаманы) – жағымсыз, күмəнді тұрғыда дүниені қабылдау түрі; оптимизмге қарама-қарсы. Қарапайым түсінікте – жабық- қан көңіл күй, шынайылықтың тек жағымсыз жақтарын көруге бейімділік, шарасыздық күйі, өмірдің мəнсіздігін сезіну, сəтсіздіктерді тым ауыр, күй- зеліспен қабылдау.
Плюрализм (лат. pluralis – көпшілік) – өздерінің мүдделері, көзқарастары мен пікірлерін білдіру еркіндігін заңмен қамтамасыз ететін, қоғамда түрліше саяси партиялар мен басқа қоғамдық ұйымдардың (кəсіподақ, діни, ком- мерциялық жəне т.б.) қатар өмір сүруі мен өзара əрекеттестігі. Плюрализм деп сондай-ақ түрлі пікірлерге төзімділік танытуды айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |