Белорустар. Белорус дəстүрінде қысты шығарып салатын мас- леница қарсаңында болатын «Ет жегіш» атты көңілді мереке бар. Бұл оразалар арасындағы ет жеп, шарап ішуге рұқсат етілетін қысқа мерзім: өйткені масленица апталығында тамаққа ет қосуға үзілді-ке- сілді тыйым салынады. Неге екенін іс жүзінде ешкім білмейді.
Масленицада белорустар шын жүректен, сан түрлі салттық ойындарды ойлап тауып көңіл көтерген. Жергілікті қуақылар мас- леницаның алғашқы күндері халықтың арасынан, көпшіліктің пі- кірінше, бойдақ болып отырып қалған талғампаз жігіттерді ұстап алып, аятарына ағаш бұғау байлайды. «Некесіздік күнəсінің» жа- засы осындай. Олар өз кезектерінде қарсы ұмтылғандарға кəмпит немесе ақша беріп құтылған. Өйткені масленицадан бері тұрмысқа шықпаған қыздарға да осындай дерлік «жаза» тағайындаған.
Достарыңызбен бөлісу: |