Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет55/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Қырғыздар. Есте жоқ ерте замандардан бері қырғыздар- да ұлттық ойындар мен сауықтарға ерекше орын беріліп келген. Оларсыз ешбір халықтың ержүректілігі күштілік пен ептілікті та- лап ететін көшпелі өмірдің шарттарымен байланысты болған.

Даланың барлық халықтарының, соның ішінде қырғыздар- дың сүйікті көрінісі – шабандоздардың сайысы.



Ат шабыс – алыс қашықтыққа шабу. Оған алыс қашықтыққа төзе алатын ең жүйрік əрі шыдамды тұлпарлар іріктелетін. Бұрын ат шабысты үйлену тойынан бастап, жерлеу салтына байланысты кез келген себептерге орай ұйымдастыратын. Жеңімпазға бағалы сыйлықтар мен мал берілетін. Жарыстарға барлық жастағы əртүр- лі дүлдүлдер қатысатын. Əрбір саяткер-бапкер тұлпарын жарысқа өзінше дайындайтын. Аттың семіздігіне, бұлшық еттеріне, қан та- мырларына, дем алысына, тіпті жүрген жүрісіне қарап-ақ сəйгүлік- тің жарысқа дайындығын мүлтіксіз анықтайтын сыншылар болған. Жорға аттардың жарысы – Жорғо салыш та кеңінен танымал.

Жорғалау – шын мəнінде есті қалар көрініс! Бұл қос қарқынды ек- пінді желіс, мұнда жануардың аяқтары жұптаса көтеріліп, жерге де жұптаса түсіп отырады. Жылқы сол кезде бір жағынан екінші жа- ғына шайқатылып келе жатқандай көрінсе, құлаққа тек екі тұяқтың дыбысы келеді. Жорғалау бүлкілдеуден, тіпті кейде далалық текі- ректен де шапшаң болып келеді. Спорттың бұл түрінің əуесқойла- ры жорғаны ат жүрістерінің жоғары мəртебелісі деп санайды.

Ұлақ тартыш немесе көк бөрі атты халық ойыны – бұл салт аттылардың текенің ұшасы үшін таласуы. «Көк бөрі» сөзі орыс тілінде «сұр қасқыр» дегенді білдіреді. Бұл өзгеше ойынның та- рихи тамыры ғасырлар қойнауына кетеді. Байқауымызша, ол со- нау елсіз ел ен дала мен тауларда жануарлар табындары ашық ас- пан астында қора-қопсысыз, дайын жем-шөпсіз жайылып жүрген кездері туындаған сияқты. Кейінірек отырықшы өмірге көшкен кездері «көк бөрі» «ұлақ тартышпен» ауыстырылған. Уақыт өте келе ол ұлттық ат спортының түріне – шабандоздардың ешкі ұша- сы үшін күресіне айналған.

Кəрістер. Кез кезген халықта адамның өмір жолының саты- ларына тəн салттары мен дəстүрлері бар. Кəрістер осындай төрт сатыны бөліп атайды. Бұл салт қазақстандық кəрістер арасын- да сақталған. Бұл сөз болып отырған «төрт дастарқан» салты.

«Төрт дастарқан» мерекелері – нағыз отбасылық салтанаттар. Бірінші жəне екінші дастарқандар – ата-ананың балаларына қа-
тысты қасиетті міндеттері: үшінші, төртіншісі өз кезегінде разы болған балалардың ата-аналарына қайтарған парызы. Бірінші дастарқан – бұл сəбидің бір жасқа толған қуанышы, екінші дас- тарқан – үйлену тойы, үшінші – алпыс жасқа толу мерейтойы, төртіншісі – жерлеу мен еске алу салтанаттары. Егер қандай да бір себептермен корейлік осы салтанаттардың бірін атап өте ал- маса, қалған мерекелерге де тыйым салынған. Мысалы, егер бала жасқа толмай шетінеп кетсе жəне осыған байланысты «бірінші дастарқанға» ие бола алмаса, онда оны ұмыту керек болған, оны еске алуға, қабіріне баруға шек қойылған. Егер отбасындағы ме- рейтой иесінде «үйлену тойы дастарқаны» өтпеген болса, онда ол 60-қа толар алдында тіпті немерелері мен балалары болса да əуелі оның үйлену тойын атап өтетін. «Төрт дастарқан салты» кə- ріс отбасын ұйыстырып ұлттық дəстүрлерді сақтауға мүмкіндік бере отырып, оны мызғымас берекелі етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет