Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет52/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Украиндар. Украиндардың үйлену тойы – бұл, дəстүр бой- ынша, көңілді əнмен, бимен əрленген, ежелгі салттар мен жорал- ғылар сақталатын, көбіне үш күнге созылатын думан. Дəстүрлі құда түсу мен қалыңдықты сатып алу көрінісінің көркемдігі – таңдай қақтырар шіркеудегі неке қию салтанаты. Салтанатқа мін- детті түрде қатысушы тұлғалар – старосталар, құдалар, боярлар, дос-құрбылар, күйеу мен қалыңдықтың туыстарын аралап, неке тақырыбына арналған əзілдер, əндер айтып, көңілді сахналық қойылымдар қоятын «сыған» болып киінген адамдар.

Бүгінгі таңда украиндықтар басқа ұлттардың өкілдерімен ке- дергісіз некелесе береді, алайда интернационалдық некелесуге де дəстүрлі украин үйлену тойының элементтерін енгізуге тырысады. Баланың дүниеге келуіне қатысты салттары жұтаңдау: шір- кеуде шоқындыру, ол үшін өкілдікке туыстар мен жақын достар шақырылады. Дəстүрді сақтай отырып, сəби туғаннан соң оны көру жəне ата-анасын құттықтау үшін қонақтар жеті күннен кейін сыйлықтарымен жəне жылы лебіздерін айта келеді. Баланың ша- шын бір жасқа толғанша алмайды. Бір жасқа толуын – «пост- рижены» атап өтуге музыкамен жəне əнмен көмкерілер мереке

ұйымдастырылады.

Украиндар атап өтетін неғұрлым елеулі христиан мерекелері- нің қатарына Христостың туған күнін, Жаңа жылды, Пасханы, Троицаны, Иван Купала күнін атауға болады.
Жарапазан (колядование) ату қысқы циклдің негізгі үш ме- рекесіне: Рождествоға – 25 желтоқсан (7 қаңтар), Жаңа жылға – 1 (14) қаңтарға жəне Шоқындыру – 6 (19) қаңтарға орайластыра- ды. Ғасырлардан келе жатқан дəстүр бойынша бұл мерекелер ең маңызды болып саналады, олар ежелден бері сан алуан жоралғы- лармен атқарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет