Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет83/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Инкультурация (франц. enculturation – игеру үдерісі) – тұлғаның өмір сүріп жат- қан қоғамының стандарттарына қатысты мəдени компетенттілікті ұстануы. Инновация (ағылш. innovation – жаңалық) – этнологияда этностың алғашқы да- му кезеңінде болмай, кейіннен пайда болған мəдени құбылысты айқын-

дайтын ұғым.



Интеграция (лат. integratio – қалпына келтіру, толықтыру) – белгілі бір бөлік- тердің, элементтердің өзара байланысы, өзара əсері, жақындасуы жəне жалпыға айналуының барысы мен нəтижесі.
Интеллект (лат. іntellectus – таным, ұғыну, аңдау) – жеке тұлғаның ақыл-ой қа- білеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным əрекетімен байланысты. Алғашын- да бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгіле- се, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді.

Интеллектуал – зерделі, парасатты, ой-өрісі биік парасатты адам.

Интеллигенция (лат. іntelligens – зиялы) – білгір түсіне алатын, ой еңбегімен айналысатын кəсіби мамандар, қоғамның əлеуметтік қабаты.

Интерпретация (ағылш. interpretation бітімшілік, парықтау, түсіндірме) – нақ- ты тілде ұсынылған кейбір синтаксистік аяқталған мəтіннің мағынасына түсініктеме беру.

Интуиция (лат. іntueri қадағалап қарау, үңілу) – алдын ала əртүрлі дəлелдеу арқылы талдауларға сүйенбестен ақиқатқа тікелей жету.

Инфляция (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») – бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан жəне тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілеті- нің төмендеуі.

Информация (лат. informatio – түсіндіру, мазмұндау) – белгілі бір мəліметтердің, ақпарлардың, білімдердің жиынтығы.

Ирредента (лат. irredenta – азаттығы жоқ + terra – жер) – этностың өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақ түрлі себептермен өзге ел құра- мына еніп, соған байланысты сонда қалып қойған этникалық азшылық.

Ислам (араб. – момындық, бағыныштылық) – құдайға құлшылық ету, дүниежү- зіне кең тараған діни сенімдердің бір түрі. Исламның дін ілімі мұсылман- дардың қасиетті кітабы «Құранда» бяндалған.
– К –
Калька – атау формасын өзгертіп, оның мазмұны мен этимологиясын сақтап қа- латын, атаудың аударма көшірмесі.

Канал – ешқандай күштің ықпалынсыз жүретін су ағысымен байланысқан, екі немесе бірнеше су объектілерін байланыстырушы дұрыс формадағы қол- дан жасалынған арна.

Канон (грек. kanon – ереже, қағида, өлшем) – берік сақталған, дəстүрлі, жалпыға түсінікті үлгі.

Карта – жер бетінің жəне сол немесе басқа да картографиялық проекция жазық- тығындағы жəне шартты белгілер жүйесіндегі оған қатысты объектілер- дің кішірейтілген, жалпыланған көрінісі; оның масштабы, өлшемі, жоғары көрнекілігі.

Картографиялау – табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара бай- ланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын жəне уақыт бойынша өзге- руін, т.б. карталар жасаудың əдістері мен процестерінің жиынтығы.

Категориялар (грек. kategoria пікір айту, пайымдау) – дүниедегі заттар мен құбылыстардың жəне таным процесінің неғұрлым ортақ жəне елеулі бай- ланыстарын көрсететін бірегей, іргелі логикалық ұғымдар.

Католицизм (грек. katholikos – жалпыға ортақ, ғаламдық), католик шіркеуі, ка- толиктер – христиан дініндегі үш тармақтың (православие жəне протес-
танттықпен қатар) бірі. Олардың діни сенімі православиелік діни сенім- мен көп жағынан үндес келгенімен, айтарлықтай айырмашылығы да бар. Католиктік шіркеу басшысы Рим папасы болып табылады.

Квота (лат. guota – əркімге тиесілі бөлік + guot – қанша), үлестеме – əркімге тиесілі үлес‚ бөлік‚ норма.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет