Генофонд (ген жəне французша fond – жиынтығы) – нақтылы бір этностық не- месе өркениеттің, адамзаттың жалпы мəдени қазыналар қорына қосқан құндылықтарының жиынтығы.
Геноцид (грек. genos – тек, қауым + caedere – өлтіремін) – нəсілдік немесе этнос- тық басымдылық пен жеккөрушілікті желеу етіп, адамдық бірлестіктерді жою əрекеттері.
Географиялық орта (грек. ge – жер + grapho – жазу) – қазіргі тарихи кезеңдегі қоғамдық өмір процестерімен қамтылған жəне қандай болмасын қоғам- ның дамуы мен сқталуына қажетті жағдай жасайтын заттар мен жанды жəне жансыз табиғат құбылыстарының (жер беті, атмосфера, гидросфера, топырақ қабаты, өсімдік жəне жануарлар дүниесі) жиынтығы.
Гипотеза (грек hypothesis – негізгі, жорамал) – ой қорыту жүйесі, сол арқылы бірқатар фактілер негізінде объектінің, байланыстың немесе құбылыс се- бептерінің болуы туралы тұжырым жасайды.
Глоссарий – терминдермен айтылған ойлардың түсіндірме сөздігі.
Гуманизм (лат. hymanus – иманды) – адамның қадір-қасиеті мен құқын құрмет- теуді, оның жеке тұлға ретінде бағасын, адамның игілігіне, оның жан-жақ- ты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қам- қорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.
– Ғ –
Ғаламдық проблемалар – дүниежүзін, оның аймақтарын немесе елдерін қамти- тын заманымыздың жалпыадамзаттық проблемаларының комплексі.
Ғарыш – аспан əлемі, біртұтас əлем.
Ғылым – табиғат, қоғам мен ой жүйесі туралы жаңа білімдер жасауға бағыт- талған жəне оның барлық шарттары мен сəттерін түгел қамтитын зерттеу қызметінің саласы.
Ғылыми болжам – теориялық, тəжірибелік деректерді тұжырымдауға жəне да- мудың объективті заңдылықтарына сүйене отырып, табиғат пен қоғам- ның, зерттелмеген немесе тəжірибеде əлі де болса анықталмаған құбы- лыстарын болжау.
Ғұмыр – діни ұғым бойынша адамның пəни дүниедегі тіршілігінің уақыты.
Ғұрып – ежелден орныққан əдеттік ұстанымдар мен нормалардың, ырымдар мен тыйымдардың социумдық қажеттілікке байланысты дағдылы қалып- пен жəне ретпен атқарылатын ұжымдық іс-əрекет арқылы көрініс беруі.
– Д –
Дағдырыс, кризис (грек. krisis – шешім) – мəселенің аса асқынып, ушығып, бас- қа мəселелерді кері ысырып, алдыңғы орынға шығатындай деңгейге көте- рілу дəрежесі. Ал оның жағымсыз (ұнамсыз) салдарының орнын толтыру
оңайға түспейді. Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық жəне т.б. дағдарыстар.
Дағды – ұзақ уақыт қайталаудың нəтижесінде машықтанатын іс-қимылдар.
Дала өркениеті – түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақтардың матери- алдық жəне рухани құндылықтарының даму сатысы.
Далалық зерттеу – нақты өмір жағдайларында адам мінез-құлқын бақылау ар- қылы əлеуметтік құбылыстарды ірі масштабта зерттеу.
Даму – мəңгі, қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс.
Дəріс – белгілі бір тақырып бойынша материалдарды баяндау. Жоғары оқу орындарында жаңа білімді хабарлаудың алдыңғы қатарлы əдісі.
Дəстүр (лат. traditio – тапсыру, жалғастыру) – тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын əдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғам- дық тəртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары жəне т.б., қоғам- да, ұлтта немесе жекелеген əлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақтала- тын əлеуметтік-мəдени мұра элементтері.
Дəуір – қоғамның, табиғаттың, саясаттың, ғылымның жалпы өзіндік ерекше- ліктері бар ұзақ кезеңі.
Девиантты мінез-құлық (лат. deviatio – ауытқу) – жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын əлеуметтік іс-əрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен əлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе мораль- дық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Достарыңызбен бөлісу: |