Қазіргі кезде информациялық қоғамда адамзаттың байланыс құралының өзгеше екенін практика көрсетіп отыр



бет4/10
Дата02.01.2022
өлшемі248 Kb.
#453344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
11-Лаб-Web-прог-каз

Лабораториялық жұмыс №3.
Тақырып: Web-құжат құрылымы.

Жұмыстың мақсаты:HTML-құжат құрылымы, тақырыптық және негізгі бөлім тэгтерімен танысу.
Қысқаша теориялық мәліметтер
ASCII-редакторлар және WYSIWYG-редакторлар. Интернеттің WWW (World Wide Web) жүйесінің негізгі қызметі қажетті ақпаратты іздеу, жинау және экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететін мәліметтері Web-беттер түрінде дайындалып сақталған, электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы, оның жазылу форматында. WWW қызметіндегі барлық гипермәтінді құжаттардың жалпы бір қасиеті, олардың барлығы HTML тілінде жазылған.

Web-құжат файлдары .html немесе .htm кеңеймесі бар мәтіндік файлдар. Оларды құруда қарапайым мәтіндік редакторлардан пайдалануға болады. Мысалы: MS Windows ортасында Notepad (Блокнот) редакторы.

Бірақта Web-құжаттарды арнайы HTML-редакторларда құру ыңғайлы. HTML-редакторлар екі топқа бөлінеді:


  • ASCII-редакторлар (ASCII-editors, Source editors);

  • WYSIWYG-редакторлар (WYSIWYG-editors).

ASCII-редакторлар қарапайым мәтіндік редакторлар. Тек олар HTML-құжаттарды құруға арналған қосымша мүмкіндіктерге ие. Оларға Webber, Macromedia HomeSite, DarekWare HTML Author, WebEdit редакторлары жатады.

WYSIWYG-редакторлар HTML-құжаттарды дайындалу барысында терезеде көру, құжатқа алдын-ала дайындалған шаблондарды қосу мүмкіндігін береді. Редакторлар қосымша терезе – браузерлермен жабдықталған. Оларға Microsoft FrontPage, Netscape Navigator Gold редакторлары жатады.

Web–браузерлер HTML тілінде Internet желісіне арнап жазылған Web-сайттар мен Web-құжаттарды парақтап көру, оқу мүмкіндігін береді. Web–браузерлер ішінде ең көп таралғандары Internet Explorer (Microsoft), Opera (Opera Software ASA) және Mozilla FireFox (Mozilla Corporation).

Тэг және оның атрибуттары. HTML тілінің мәтіндерді белгілеу нұсқаулары тэг (tag) деп аталады. Тэг символдар тізбегінен тұрады. Барлық тэг < (кіші) символынан басталып, > (үлкен) символымен аяқталады. Осы символдар ішіне қызметші сөз – тэг орналасады. Әрбір тэг өзіне тән бір арнаулы қызмет атқарады. Оларды жазуда бас әріпті де, кіші әріптерді де қатар қолдануға болады, әріптер бірдей қабылданады. Браузер мәтінді монитор терезеында көрсеткенде тэгтер бейнеленбейді, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.

HTML тілінің әрбір тэгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне ғана әсер етеді. Осыған орай екі тэг қатар қолданылады: бірі – тэгті ашады, екіншісі – жабады. Ашатын тэг белгілі бір нұсқауды бастайды, ал жабатын тэг – оны аяқтайды. Жабу тэгінің алдына / (қиғаш сызық) символы жазылуы тиіс. Кейбір тэгтер мағынасына орай жабылмауы да мүмкін.

Тэгтердің мәтінге тигізетін әсерлерін түрлендіруде олардың атрибуттарынан пайдаланады. Әдетте атрибуттар ашылу тэгтерінде кездесіп, қосымша қызметші сөздерден тұрады. Көбінесе атрибуттар " (қос тырнақша) символдары ішіне жазылған мәнімен беріледі. Атрибут мәні оның қызметші сөзінен = (теңдік) символы арқылы бөлініп жазылады.

Web-құжат құрылымы. Web-құжатты құрудан алдын, оның қай тілде жазылғанын браузер үшін анықтау қажет. Ол үшін құжаттың басына

тэгін орналастырамыз. Бұл қатар құжаттың HTML 4.0 тілінде жазылғанын білдіреді.

Web -құжат құрылымы төмендегі негізгі тэгтерден тұрады:







тақырып



негізгі бөлім

тэгінің орнына, яғни құжаттың негізгі бөлімі ретінде қолданылады. Тэгтің ішінде және тэгтері жазылады. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:


  • rows – атрибуты браузер терезесіндегі горизонталь фреймдер саны мен өлшемдерін анықтайды. Фреймдер өлшемі тізбектеліп, төмендегі тәсілдердің бірімен беріледі:

  • браузер терезесі биіктігіне сәйкес пайыз – % түрінде. Мысалы: "30%, 30%, 40%";

  • браузер терезесінің барлық көлемі – * түрінде. Мысалы: "25%, 25%, *";

  • пиксельде – бүтін сан түрінде. Мысалы: "200, *";

  • cols – атрибуты браузер терезесіндегі вертикаль фреймдер саны мен өлшемдерін анықтайды. Фреймдер өлшемі тізбектеліп, төмендегі тәсілдердің бірімен беріледі:

  • браузер терезесі еніне сәйкес пайыз – % түрінде. Мысалы: "30%, 30%, 40%";

  • браузер терезесінің барлық көлемі – * түрінде. Мысалы: "25%, 25%, *";

  • пиксельде – бүтін сан түрінде. Мысалы: "200, *";

Фреймде бейнеленетін html-файлдың URL-адресін анықтау. тэгі фреймді және оның қасиеттерін анықтайды. Тэг жабылу тэгісіз, тэгінің ішінде жазылады. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:



  • src – міндетті атрибут, фреймде бейнеленетін html-файлдың URL-адресін анықтайды;

  • name – атрибуты фреймнің өзіндік атын анықтайды. Бұл атау басқа құжаттан сілтеме жасалғанда target атрибутының мәні ретінде беріледі;

тэгі, егер браузер фреймді қолдамаса, терезеге шығатын мәтінді анықтайды. Тэг тэгімен жабылады. Тэг тэгінің ішінде атрибутсыз жазылады.
Тапсырмалар


  • Фрейм қасиеттерін өзгертіп, браузерде қалай орындалатынын бақылаңыз.

Әдебиеттер




  1. Комягин В.Б., Печников В.Н. Создание Web-страниц и Web-сайтов. Учебное пособие. –М.: Триумф, 2003. –496 с.:ил.

  2. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дүзбаева Р.М., Мамырбек Ғ.Б. Интернетке кіріспе: Бүкілдүниежүзілік өрмек: Әдістемелік құрал. –Алматы: ЖТИ, 2004. –28 б.

  3. Ибрагимов У.М., Абдиева З.А. HTML & CSS. Электронный учебник / Свидетельство о гос. регистрации объекта интеллект. собст. №288 от 14.04.2009

  4. Ибрагимов О.М. Web-бағдарламалауға кіріспе. Оқу құралы. –Шымкент: ОҚМУ, 2012. –128 бет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет