Қазіргі кезде информациялық қоғамда адамзаттың байланыс құралының өзгеше екенін практика көрсетіп отыр



бет7/10
Дата02.01.2022
өлшемі248 Kb.
#453344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
11-Лаб-Web-прог-каз

Лабораториялық жұмыс №12.
Тақырып: JavaScript-ке кіріспе

Жұмыстың мақсаты: JavaScript тілімен танысу.
Қысқаша теориялық мәліметтер
Скрипт түсінігі. JavaScript тілі серверде орындалатын сценарий жазуға арналған тіл. Браузер URL-адресте (Uniform Resource Locator – ықшамдалған ресурстар көрсеткіші) көрсетілген JavaScript тілінде жазылған Web-құжатты орындау үшін Web-серверге сұраныс жасайды. Web-сервер JavaScript-процессорын жүктеп, JavaScript-кодты орындайды ды, нәтижені Web-серверге қайтарады. Ал Web-сервер өз кезегінде нәтижені браузерге терезеде бейнелеу үшін жібереді [4].

Әдетте JavaScript тілі Web-сервер мен пайдаланушы арасында деректер алмасуда, яғни Web-құжатта форум, қонақ кітабы, тіркелу анкетасы, хабарландыру тақтасы, чат құруда қолданылады.

JavaScript-скрипттер екі жолмен орындалуы мүмкін: Web–сервермен скрипт түрінде және де консольдық программа сияқты. Біздің мақсатымыз Web–беттерді дайындау болғандықтан, біз бірінші жолын қарастырамыз.

Браузер бетті .html кеңеймесімен сұрағаннан кейін, Web-сервер программаны JavaScript-препроцессор арқылы өңдейді. JavaScript-скрипттер HTML-құжатқа енгізілетін JavaScript-кодтарымен береді. HTML-құжатқа JavaScript файл нұсқауын енгізу үшін оларды арнайы тэгтермен байланыстыру қажет.

Қарапайым және құрама операторлар. Еcho (5 + 5) конструкциясы қарапайым (болмаса бір қатарлы) оператор деп аталды. JavaScript-де әр оператор «нүктелі үтірмен» аяқталады. Осы себепті әр жазудан кейінгі келетін «нүктелі үтір» символы бөлек оператор ретінде қабылданады.

Қарапайым оператор ауыспалы бірнеше қатарды өз ішіне алады. Қарапайым оператордан басқа тағы құрама оператор да бар, олармен операторлар тізбегін анықтауға да болады. Кейде құрама операторларды көп қатарлы деп те атайды. Құрама оператордың қарапайым оператордан айырмашылығы, ол нүктелі үтірмен аяқталмайды, оның аяқталғанын фигуралық жақша білдіреді.

Түсініктемелер. JavaScript тілі бізге түсініктеме қоюдың бірнеше түрін береді. Екі қисық сызықтан ( // ) кейін түсініктеме жазу ең қарапайымы болып есептеледі. Осы екі сызықтан кейін JavaScript машинасы қатар соңына дейін орналасқандардың бәрін өңдемейді. Түсініктемені дәл осылай нөмір (#) символының көмегімен де істеуге болады (UNIX тілінің скрипт түсініктемелері). Сонымен қатар, С++ тілі стиліндегі (/*..*/) түсініктемелерді де қолдануға болады.
Тапсырмалар


  • JavaScript-тің қарапайым операторларын қолданып скрипт құрыңыз;

  • Скрипт нәтижесін гипермәтіндік құжатта көрсетіңіз;

  • Құрылған скриптте айнымалының мәнін гипермәтіндік құжатта бере алатындай етіп күрделендіріңіз;

  • Скрипт шешімі гипермәтіндік құжатта көрінсін.

Әдебиеттер




  1. Гарнеев А.Ю. Web–программирование на Java и JavaScript. –СПб.: БХВ–Петербург, 2002. –1040 с.

  2. Макинтош Дж. Java & JavaScript: библиотека программиста.–Спб.: Питер, 2003. –208 с.

  3. http://javascript.internet.com/




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет