Лабораториялық жұмыс №10.
Тақырып: Логикалық форматтау технологиясы.
Жұмыстың мақсаты: Каскадты стильдер кестесін құру әдістерімен танысу
Қысқаша теориялық мәліметтер
Каскадты стильдер кестесі. Интернетте көп тараған HTML 3.2 гипермәтін құжаттарды «физикалық форматтау» атты әдіспен ұйымдастырады. Web-форматтаудың бұл әдісінде тэгтер мен олардың атрибуттары әрбір жаңа абзацта қайталанады. Бұл Web-құжаттардың бастапқы кодтағы мәтін көлемінің ұлғаюына әкеледі. «Физикалық форматтауда» Web-құжаттың құрылымына талдау жасау, браузерлерге, ақпаратты іздеу жүйелеріне көп уақыт талап етеді, нәтижеде Web-құжат монитор терезесінде өте жай бейнеленеді.
Қазіргі таңда Web-құжат құруда «логикалық форматтау» әдісін қолданған қолайлы. Бұл әдісті Интернет консорциум ұсынған HTML 4.0 тілінде қарастырамыз. «Логикалық форматтау» Web-құжаттың құрылымы мен сипаттауын бөлектеуге әкеледі. Нәтижеде Web-құжаттың көлемі мен оның жедел жадыға жүктелу уақыты қысқарады және Интернеттегі ақпаратты іздеу жүйелері оларды жеңіл талдай алады, қажетті гипермәтін мультимедия-жобаға берілген форматта жеткізіледі.
Интернет немесе локалдық жүйеде Web-сайттар ұйымдастыруда Web-құжаттардан пайдаланамыз. Егер Web-құжаттар бір-біріне тәуелсіз компьютерлерде сақталатынын және оларды виртуал жинақтау керектігін еске алсақ, онда Web-құжаттарға жалпы стильдерді, шрифттерді, форматтарды, фильтрлерді, т.с.с. енгізуге қажеттілік туады. Web-құжаттарда барлық гипермәтіндер бір түрлі форматта, стильде болуы тұтынушыға қолайлылық тұғызады. Web-құжаттардағы дизайн мен анимация да көп роль ойнайды.
Әрине бұл айтылғандар Web-құжаттарды құруда «классикалық әдіс» болып есептеледі. Бірақта Интернетте Web-сайттарды құруда, коллекциядағы гипермәтіндерді жинақтауда, басқа әдістер қолданған жөн. Web-кеңістікті дұрыс пайдалану мәселесіне де көңіл бөлу қажет. Визуалды Web-редакторлар Web-құжаттарды құруда тэгтерден өте көп пайдаланады, бірақ оларды тиімді пайдаланбайды. Web-құжаттардың бастапқы кодтағы мәтіндерін тұтынушының өзі қарапайым редактормен тиімділейді.
Web-құжаттың құрылымы мен сипаттауын бөлектеуді CSS (Cascade Style Sheets – каскадты стильдер кестесі) технологиясын қолдана отырып орындаймыз. CSS технологиясы Web-құжатты сипаттауда қосымша файлдардан, шаблондар мен стильдерден пайдалануға көмектеседі. Бұл технологияны NetsCape Navigator мен Internet Explorer браузерлері қолдайды.
Енгізілген және inline-стильдер. CSS технологиясы HTML тілінің кез келген тегіне өзіндік стильді визуалды (inline style) енгізе алады. Егер енгізілген стиль HTML-дің тегіне орналасса, онда бұл стильден басқа абзацтар мұрагерлік қасиетімен автоматтық түрде пайдалана алады. Егер абзацта тегі және оның colour, size атрибуттары айқын сипатталса, онда абзац полиморфизм қасиетімен сипатталған стильді аладі.
Тапсырмалар
Блокнот редакторында my.css каскадты стильдер кестесі файлын құрыңыз;
Құрылған my.css файлын гипермәтіндік құжатқа енгізіңіз
Әдебиеттер
Комягин В.Б., Печников В.Н. Создание Web-страниц и Web-сайтов. Учебное пособие. –М.: Триумф, 2003. –496 с.:ил.
Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дүзбаева Р.М., Мамырбек Ғ.Б. Интернетке кіріспе: Бүкілдүниежүзілік өрмек: Әдістемелік құрал. –Алматы: ЖТИ, 2004. –28 б.
Ибрагимов У.М., Абдиева З.А. HTML & CSS. Электронный учебник / Свидетельство о гос. регистрации объекта интеллект. собст. №288 от 14.04.2009
Ибрагимов О.М. Web-бағдарламалауға кіріспе. Оқу құралы. –Шымкент: ОҚМУ, 2012. –128 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |