Қазіргі кезде информациялық қоғамда адамзаттың байланыс құралының өзгеше екенін практика көрсетіп отыр



бет8/10
Дата02.01.2022
өлшемі248 Kb.
#453344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
11-Лаб-Web-прог-каз

Лабораториялық жұмыс №13.
Тақырып: JavaScript тілінің операторлары

Жұмыстың мақсаты: JavaScript тілінің операторларымен танысу
Қысқаша теориялық мәліметтер
Қарапайым операторлар. “=” символымен белгіленетін меншіктеу операторы ең кең қолданылатын амалдардың бірі десек қате болмайтын шығар. Нүктелі үтір операторы одан да көп қолданылады. “=” меншіктеу амалы, егер бір айнымалы мәнін меншіктеу керек болса пайдаланылады. Мәнді меншіктеу айнымаласы әр қашан меншіктеу амалынан сол жақта орналасқанын ескеру керек:

$var = 5;

echo(“өзгеруші \ $var меншіктелген мән”);

echo ($var);

?>

Сандармен орындалатын амалдар арифметикалық операторлар көмегімен орындалады. Ол операторлар төмендегі таблицада санап өтілген.




Оператор Амалдар

+ Қосу

* Көбейту

- Алу

/ Бөлу


% Модуль арқылы бөлу

++ Бірлікке үлкейту

- - Бірлікке кішірейту

Модуль бойынша бөлу операторы нәтижесіне бөлінуден шыққан қалдық санды шығарады.

Таблицада келтірілген операторларының орнына + =, - = , * = және т.б. дұрыс жазу операторларын қолдануымызға болады. Яғни $a = $a + $b берілгені қысқартылған түрде былай жазуға болады $a + = $b. Мұндай әрекеттер жоғарыда айтып өтілген барлық операторларға рұқсат етілген.

Операция операндтарын, олардың операциядағы санына қарай екіге бөледі – унарлы және бинарлы. Унарлы операция бір операндпен жұмыс істейді, ал бинарлы екі операндпен жұмыс істейді. Инкремент және декремент операцияларынан басқа барлық арифметикалық операциялар бинарлы болып есептеледі. Тағы шартты опреция да бар, онда үш операнд қолданылады.

Енді инкремент және декремент операцияларына толық тоқталайық. Бұл операцияларды префиксті және постфиксті деп, екіге бөледі. Инкеременттің префикс операциясында операндтың мәнінің өсуі, оны қолданғанға дейін орындалады. Постфикстте болса, әрине кейін. Осылай инкремент және декремент операторларын біз екі формада жазуымызға болады – префикстік және постфикстік.

Басқару операторлары. If операторы. Оператордың жазылу түрі:

If (шарт) оператор1 else оператор2

Бұл жердегі If шартты операторы егер деген мағынаны береді. Егер логикалық шартты қанағаттандырса, онда оператор1 орындалады, алкері жағдайда оператор2 орындалады. Шарт операторын қысқартылған күйде де жазуға болады (If (шарт) операторы) .

Қарапайым мысал қарастырайық:

$flag = true;

if ($flag)

{

echo “


” flag айнымалысы ақиқат мәнді қабылдады. “

}

else



{echo “
flag айнымалысы жалған мәнді қабылдады “

}

?>


Іf операторы алдымен flag айнымалысын тексереді. Егер шарт қанағаттанарлық болса, онда бірінші фигуралық жақшаның ішіндегі оператор орындалады, ал егер шартты қанағаттандырмаса, онда екінші фигуралық жақшаның ішіндегі операторлар орындалады.

Цикл операторлары. Цикл операторлары бір амалдың бірнеше рет қайталануына алып келеді. JavaScript-да цикл операторының төрт түрі бар:



  • while

  • do…while

  • for

  • forreach

Алдыңғы үш цикл операторлары С++ тілінен алынған болса, ал соңғы оператор Реrl тілінен алынған. Бұл бөлімде тек алдыңғы үш цикл операторын қарастырамыз.

While операторында бірінші логикалық шарт тексеріліп, содан кейін барып амалдар орындалады. While операторының жалпы жазылу үлгісі төмендегідей:

While (шарт)

{

оператор;



}
Циклды орындалу тәртібі мынадай, алдымен шарт тексеріледі. Егер шарт қанағаттандырылса, онда цикл орындалады. Цикл операторы шарт қанағаттанғанынша орындала береді. Циклға шарт беруден алдын оның бір кезде орындалатынына көз жеткізу керек, әйтпесе шексіз циклға түсіп қалуы мүмкін.
Тапсырмалар


  • If операторын қолданып қарапайым скрипт құрыңыз;

  • For операторын қолданып қарапайым скрипт құрыңыз.

Әдебиеттер




  1. Гарнеев А.Ю. Web–программирование на Java и JavaScript. –СПб.: БХВ–Петербург, 2002. –1040 с.

  2. Макинтош Дж. Java & JavaScript: библиотека программиста.–Спб.: Питер, 2003. –208 с.

  3. Бен–Ари М. Языки программирования. Практический сравнительный анализ. –М.: Мир, 2000. –208 с.

  4. http://javascript.internet.com/




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет