Қазіргі кезде информациялық қоғамда адамзаттың байланыс құралының өзгеше екенін практика көрсетіп отыр



бет6/10
Дата02.01.2022
өлшемі248 Kb.
#453344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
11-Лаб-Web-прог-каз

Лабораториялық жұмыс №11.
Тақырып: СSS технологиясының қасиеттері.

Жұмыстың мақсаты: СSS технологиясының қасиеттерімен танысу
Қысқаша теориялық мәліметтер
Web-құжаттың құрылымы мен сипаттауын бөлектеуді CSS (Cascade Style Sheets–каскадты стильдер кестесі) технологиясын қолдана отырып орындаймыз. CSS технологиясы Web-құжатты сипаттауда қосымша файлдардан, шаблондар мен стильдерден пайдалануға көмектеседі.

Стильді анықтау құжаттың түрін стиль қасиеттерін енгізу арқалы өзгертетеді. Стиль қасиеттерінің мәні ретінде кілттік сөздер алынады. Кілттік сөздер арасында кездесетін │ символы, қасиеттің осы немесе келесі мәнді қабылдайтынын білдіреді. Төменде осы технологияның негізгі қасиеттерін қарастырайық.

Font-family: [шрифттер тізімі] – Шрифттер немесе олардың типтері үтірмен бөлетеніп көрсетіледі. Браузер шрифттерді көрсетілген ретпен компьютерде кездескенше іздеп, табылған шрифтті пайдаланады.

Егер шрифт типі бірнеше сөзден тұрса, онда шрифт типін тырнақша ішінде жазу қажет, мысалы: “Times New Roman Cyr”.

Егер бірнеше шрифт │ белгісімен көрсетілсе, браузер олардың біреуін үндеместен алу принципі бойынша таңдайды.

Font-style: normal │italic│ oblique – шрифт стилдерін көрсетеді.

Font-size: [абсолют]│[салыстырмалы]│[нақты]│[пайыз] – шрифт өлшемін анықтайды. Қасиеттің мәні ретінде абсолют, салыстырмалы, нақты өлшемдер немесе пайыз көрсетіледі. Үндеместен normal алынады.

Font-weight: normal│bold│bolder│lighter – шрифттің енін анықтайды. Үндеместен normal алынады.

Font: [font-style]║[font-variant]║[font-weight]║[font-size]║[font-family] – жоғарыда сипатталған қасиеттердің жалпыламасы, яғни шрифт қасиеттерін стильдер кестесінің бір жерінде анықтау мүмкіндігін береді. Қасиеттердің қабылдайтын мәндері жоғарыдағыдай. Егер кейбір қасиеттер көрсетілмесе, онда олар үндеместен алу принципі бойынша таңдалады.
Тапсырмалар


  • Блокнот редакторында my.css каскадты стильдер кестесі файлын құрыңыз;

  • Құрылған my.css файлын гипермәтіндік құжатқа енгізіп, қасиеттерін өзгерте отырып, браузерде қалай орындалатынын қадағалаңыз.

Әдебиеттер




  1. Комягин В.Б., Печников В.Н. Создание Web-страниц и Web-сайтов. Учебное пособие. –М.: Триумф, 2003. –496 с.:ил.

  2. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дүзбаева Р.М., Мамырбек Ғ.Б. Интернетке кіріспе: Бүкілдүниежүзілік өрмек: Әдістемелік құрал. –Алматы: ЖТИ, 2004. –28 б.

  3. Ибрагимов У.М., Абдиева З.А. HTML & CSS. Электронный учебник / Свидетельство о гос. регистрации объекта интеллект. собст. №288 от 14.04.2009

  4. Ибрагимов О.М. Web-бағдарламалауға кіріспе. Оқу құралы. –Шымкент: ОҚМУ, 2012. –128 бет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет