Тақырып бойынша ұсынылатын мәселелер: Дыбыстардың бір – біріне әсер етуі.
Қазақ тіліндегі ықпалдың түрлері.
№15 Тақырып.Фонетикалық құбылыстар.
Жоспары: 1.Протеза, эпентеза
2. Редукция, элизия
3. Диэреза, апокопа
4. Метатеза, эпитеза
5. Аферезис, гаплология
Аккомодация (лат. accomodatio бейімделу) морфемалар жиігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы. Мысалы: ат, ет, от, өт деген сөздерде бір ғана т фонемасы дауыстылардың әсерінен төрт түрлі реңге ие болатынын білеміз.
Дыбыстық құбылыстар жөніндегі алғашқы мәліметтер ұшқынын қарастырған ғалымдарды айтар болсақ А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов еңбектерінен кездестіреміз. Кезінде Қ.Жұбанов сөз ішінде не сөйлем ішінде буын құрамындағы дыбыстар қозғалысына қарай буын жігінің өзгерісін 1) буынның жылысуы 2) буынның кірігуі деп екі үлкен топқа бөліп көрсеткен еді. Сондай-ақ белгілі ғалымдар Ж.Досқараев, Ә.Т.Қайдаров, Ш.Сарыбаев, Т.Талипов т.б. жергілікті сөйлеу ерекшеліктеріне байланысты жазған кейбір еңбектерінде дыбыстық құбылыстар жөнінде де өздерінің ғылыми көзқарастарын білдіргендігін байқауымызға болады. Қазақ тіліндегі дыбыстық құбылыстар жөнінде ғалым К.Аханов жазған оқулықта «Фонетикалық процестер» деген атпен берілген .
Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Фонетикалық басқа үдерістердің бірсыпырасы ассимиляция мен диссимиляцияға негізделеді.Оларға мыналар жатады: Диэреза - сөйлеу кезінде дыбыстар бір-біріне әсер етеді. Диэрезаның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады, мысалы: «честный – чесный», «қалмады – қамады», т.б.
Метатеза – (грек. Meafofhesis - орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың, не буындардың өзара орын ауыстыруы.
Протеза (грек. Proflogis - алдына қою) - сөз басында қосымша дыбыстың пайда болуы. Мысалы: ырас – рас, ылай – лай. Редукция (лат. Reductio - кейін шегіну, азаю, қысқару) – дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Элизия редукциямен тығыз байланысты. Мысалы: орын- орны; ауызы – аузы. Эпентеза (грек.epenthesis – қосынды) –сөздегі қосымша дыбстың пайда болуы. Мысалы: кровать – кереует.
Белгілі бір фонетикалық жағдайда дыбыстың әлсіреп көмескіленуі соның нәтижесінде олардың дыбысының өзгеруі редукция деп аталады.Әдетте редукцияға ұшырайтындар екпін түспеген буындағы дауыстылар. Мысалы, кісі, ауыл, қызыл, өтірік т.б. Кейбір фонетикалық жағдайда дыбыстың мүлдем түсіп қалуы элизия деп аталады.
Элизия мен редукция байланысты. Элизия редукцияның нәтижесі. Мысалы, орын - ы, ерін - і, ауыз -ы, бөрік - і т.б. Дауыстының элизиясы сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің аралығында, сонымен қатар біріккен сөздердің құрамында кездесуі мүмкін. Мысалы, торы ат – торат, ала ат – алат, қайын аға – қайнаға, т.б. Редукция мен элизияға дауыстылар ғана емес дауыссыздар да ұшырайды. Мысалы, өзбек тілінде В дыбысы мына жағдайларда редукцияланады:
А) У дыбысынан кейін: сув В) Л, Р сонор дыбысының алдында: авлия - әулие ( В көместі естіледі, дауыстының алдында түсіп қалады)
Түркі тілдерінде Р, Л, М дыбыстары тұрақсыз дауыстылардың қатарына енеді. Түркі тілдерінің кейбіреуінде Р түсіп қалады. Мысалы, болля – боляр ( болар).