«Қазіргі мектептердегі тіл білімі және фонетика»пәні бойынша дәрістер



бет39/42
Дата07.09.2022
өлшемі152.34 Kb.
#460413
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ФОНЕТИКА.дәрістер

Ілгерінді ( прогрессивті ) ықпал – алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі. Бұл – бүкіл тіліміздің табиғатын танытатын негізгі заң. Көрші дыбыстардың алдыңғысы кейінгісін үнемі дауыс қатысы жағынан тәуелді етіп, игеріп тұрады. Сөздеріміздің біріңғай жуан буынды немесе жіңішке болып келуі ілгерінді ықпалға негізделген. Ерін үндестігі де осы заңға жатады.Мысалы: Досжан, Есжан.

  • Кейінді ( регрессивті) ықпал – прогрессивті ықпалға қарама – қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі.

    Соңғы қ,к,п қатаңдарына біткен сөздерге дауыстыдан басталатын
    қосымша жалғанғанда, әлсіз қатаңдар күшті дауыстылардың
    регрессивті ықпалына ұшырайды: тарағы( тарақ –ы), күрегі(күрек- і),
    қабы(қап –ы).

      1. Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерінді – кейінді қарсы

    әсері.Әдетте мұның өзі екі – ақ жағдайда, оның өзінде сөз бен сөздің арасында ұшырасады:Амангелді (Аманкелді), қаңғызыл( қан қызыл), оңғой (оң қой).
    Дауыстылардың тілдің қызметіне орай бір сөз (сөз - форма) көлемінде не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке ыңғайласып, үйлесіп келуін тіл үндестігі (лингвальды аттракция) дейді. Түркі тілдерінде, әсіресе қазақ тілінде сингармонизм заңы алдымен тіл үндестігі түрінде танып келді, яғни тіл үндестігі сингармонизмге синоним болып та қолданылды. Өйткені бұл заң тіліміздегі байырғы сөздерді түгелге жуық қамтиды, ал ерін үндестігі жазудың негізінде елеусіз калып келді.
    Тіл үндестігінің өзін екіге бөліп карау керек болады: түбір тұрғысынан және түбір мен қосымшалардың ара қатысы тұрғысынан.
    Қазіргі қазақ тілінде түбір (морфема) сөздер буын құрамына карай көбіне бір буынды (бас, көз, ақ, көк, бір, үш, ал, кел, жаз, күз), екі буынды (ауыз, құлақ, адам, жылқы, қара), үш буынды (көбелек, мұғалім, мемлекет, мақала), қала берді төрт-бес буынды (университет, институт, ассимиляция) болады. Соның өзінде кеп буынды түбірлер — негізінен кірме сөздер: мемлекет, мүғалім, университет, институт.
    Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуін ерін үндестігі (лабиальді аттракция) дейді. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса, қалған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс. Мысалы, түйөлерүмүз-дүң, көбелектөрдү, түлкүлөрдү деген сияқты. Бұлай айту, яғни ерін үндестігі алтай, қырғыз тілдеріне тән заңдылық түрінде танылады.
    Қазақ тілінде ерін үндестігі бар ма, бар болса неше буынға жетеді дейтін мәселе әлі күнге толық шешімін таба алмай келеді. Бүл жөніндегі пікірлерде бірізділіктен гөрі ала-құлалық көп.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет