«Қазіргі мектептердегі тіл білімі және фонетика»пәні бойынша дәрістер



бет38/42
Дата07.09.2022
өлшемі152.34 Kb.
#460413
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ФОНЕТИКА.дәрістер

Жоспары:
1.Буын үндестігінің жасалуы.
2.Буын үндестігі туралы ғалымдардың пікірі
3.Дыбыс үндестігінің жасалу жолдары

Сингармонизм түрлері. Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.1) Дауысты дыбыстар тілдің қатысы жағынан және 2) еріннің қатысы жағынан бір бірімен үндесіп айтылады.


Лингвальдық сингармонизм. Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстының әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. Сингармонизм заңы бойынша түбір сөздегі дауыстылар қосымшалардағы дауыстыларды билеп, өзінің әуеніне қарай икемдеп бағындырады. Түбір сөздегі дауысты дыбыс жуан болса, қосымшалардағы дауыстылар соған бағынып, жуан түрде жалғанады. Түбір сөздегі дауысты жіңішке болса, қосымшалардағы дауыстылар түбіірдегі дауыстыға икемделіп жіңішке түрде жалғанады.
Ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм. Бастапқы буындағы ерін дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындарда да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады. Дауысты дыбыстардың үндесуінің бұл түрін ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм дейміз.
Диссимиляция (лат.ұқсамау) дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі ретінде қарастырылады. Ол бір сөздің ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі.
Үндестік заңы сөз ішінде немесе сөз аралығында қатар келген дыбыстар мен буындардың бір – біріне ықпал етіп, бірінің екіншісіне бейімделіп тұруына негізделеді. Ықпал негізінен морфеманың аралығында ( жапсарында) қатар келген дыбыстар мен буындардың арасында болады. Ал морфеманың өз ішіндегі дыбыстар мен буындар ( көп буынды сөздер) тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан құйма деп қараймыз да, сол дайын күйінде танимыз. Сонда түбір морфеманың соңғы буыны қосымша морфеманы ( бұл көбіне бір буынды болып келеді) тілдің қатысы жағынан жуан немесе жіңішке етіп игеріп тұрады: дала – ның, дала – ға. Сондай-ақ ерін қатысы жағынан да ықпал ете алады: үй – гө,үй –дү, өс –үр, өс – үп. Буындардың бір – біріне ықпалы сингарманизм деп аталады.
Дыбыстардың бір – біріне етер ықпалы негізінен екі түрлі болады: 1. Дауыс, салдыр қатысына қарай. 2.Айтылу орнына артикуляциясына қарай. Біріншісі акустикалық, екіншісі артикуляциялық ықпал деп аталады.
Қазақ тіліндегі морфемалар жапсарында қатар келген дыбыстардың көбіне алдыңғысы кейінгісіне қатысы жағынан ықпал етіп, өзіне бағындырып тұрады.
Мұндай дауыстылардың күшті не әлсіз болуы ондағы дауыстың мөлшеріне байланысты. Дауыстылар тоннан жасалатындықтан, әрқашанда басқа дыбыстарға ықпал жүргізеді. Бұл жағынан үнділер де қалыспайды. Олар да дауыстылар сияқты үнсіз дауыссыздарға күштілік жасайды. Дауыс қатысы жағынан әлсіз – үнсіз дауыссыздар. Сөйте тұра, қатаңдар мен ұяңдар қатар тұра алмайды. Қатар келген ұяңдар қатаңданып, кейде қатаңдар ұяңдалып кетеді.
Игеретін дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде дыбыстардың бір – біріне ықпалы үш түрлі болады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет