«Қазіргі мектептердегі тіл білімі және фонетика»пәні бойынша дәрістер


Тасымалдауға болмайтын жағдайлар да бар



бет35/42
Дата07.09.2022
өлшемі152.34 Kb.
#460413
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42
ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ФОНЕТИКА.дәрістер

Тасымалдауға болмайтын жағдайлар да бар:
1.Бір дауысты әріпті жол соңында қалдырып, сөздің қалған бөлігін тасымалдуға болмайды: Мысалы: әке, ана, әже, ата, осы, өмір, өнер, әзір сияқты сөздер тасымалданбайды. Сол сияқты сөздің ең соңғы бір дауысты әріптен тұратын буынын тасымалдауға болмайды. Мысалы: армия, Жәния сияқты сөздердегі соңғы я әріп келесі жолға тасымалданбайды.
2. Бас әріптен қысқарған сөздер тасымалданбайды: МТС, РТС т.б.
3. Қысқартылып алынған кісі аттары тасымалданбайды:
А. Құнанбаев, М. О. Әуезов, С. Мұқанов т.б.
4. Цифрмен алынған сандарды оларға қатысты қысқарған сөздерді бөліп тасымалдауға болмайды: 15 м, 30 см, 60 % т.б.
Тақырып бойынша ұсынылатын рефераттар :
1.Тасымалды зерттеген ғалымдар пікір
2. Қазақ тіліндегі тасымалданбайтын сөздер.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Буынның жалпы сипаттамасы қандай ?
2. Буынның қандай түрлері бар ?
3.Сөздердің буын құрамы қандай ?
13 тақырып: Екпін. Үндестік заңы. Фонетикалық құбылыстар.
Жоспары:
1. Екпін. Екпіннің түрлері.
2. Екпіннің жасалу жолдары
3. Үндестік заңы. Оның жасалу жолдары

Комбинаторлық өзгерістер тек қана сөз ішіндегі, сөз аралығындағы, сөздің мағыналы бөлшектерінің арасындағы іргелес тұрған немесе бір-бірінен алшақтап тұрған бір фонеманың екінші фонемаға ілгерінді,кейінді, кейде тоғыса келіп, тигізетін әсерінен болады. Позициялық өзгерістер белгілі бір сөздің шенінде болатын өзгерістер.Оған протеза,эпентеза,элизия т.б. жатады. Ал спонтандық өзгерістер кейбір сөздердің дыбыстық құрамы ешқандай өзгеріске ұшырамай-ақ бірнеше түргі ауысуы мүмкін.Мысалы,мысық-мышық,секер-шекер т.б.


Тіл дыбыстары,әдетте жеке-дара күйінде айтылмай, сөз ішінде немесе сөздердің аралығында бір-бірімен тіркесіп,өз ара тізбектелген түрде қолданылады. Сөздердің құрамындағы немесе сөздердің аралығындағы дыбыстар біріне-бірі ықпал етіп,бірімен-бірі өз ара үндесіп айтылатыны сияқты,дауыссыз дыбыстар да бір-біріне әсер етіп өз ара үндесіп айтылады.Дыбыстардың өзгеріп үндесуі олардың айтылуда бір-біріне артикуляциялық жақтан әсер етуінің нәтижесінде іске асады.
Түркі тілдерінде дауыстылардың үндесуі сөз ішінде жуан дауысты дыбысы бар буыннан кейін,соған сәйкес жуан дауыстының келуі (тау-лар,тоғай-лар),жіңішке дауысты дыбысы бар буыннан кейін,соған орай жіңішке дауыстының келуі (көл-дер,өзен-дер)түрінде болады.Ал өз(қонақ-қа,қонақ-тар) немесе ұяң дауыссыздан кейін қосымшаның да ұяң дауыссыздан басталуы (қаз-ға,қаз-дар) дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп,өз ара үндесу болып саналады.
Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі сингорманизм деп аталады да, дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимиляция деп аталады. Лингвистикалық кейбір әдебиеттерде сингорманизм де ассимиляцияның бір түрі ретінде қарастырылады. Дауыстылардың бір-біріне әсер етіп,өз ара үндесіп айтылуы да олардың артикуляциясына байланысты екенін ескергенде, сингорманизмді ассимиляцияның бір түрі ретінде қарастырылады.
Ассимиляция ( лат.-ұқсау) морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляцияық жақтан бір-бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табысуы. Қазақ тілінде прогрессивті ассимиляция өте күшті. Бұл заң бойынша алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акустикалық жақтан ықпал етіп, игеріп тұрады.
Регрессивті ассимиляция кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсері арқылы реттеуді мақсат етеді.
Диссимиляция – бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі. 1)Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады.2) Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы (высота тона) арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жиілеуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады. Екпіннің бұл түріне ие тілдер : қытай, корей, дүнген, япон, серб, литва және т.б. тілдер. 3)Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстың созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті екпін деп аталады.
Үндестік заңы сөз ішінде немесе сөз аралығында қатар келген дыбыстар мен буындардың бір – біріне ықпал етіп, бірінің екіншісіне бейімделіп тұруына негізделеді. Ықпал негізінен морфеманың аралығында ( жапсарында) қатар келген дыбыстар мен буындардың арасында болады. Ал морфеманың өз ішіндегі дыбыстар мен буындар ( көп буынды сөздер) тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан құйма деп қараймыз да, сол дайын күйінде танимыз. Сонда түбір морфеманың соңғы буыны қосымша морфеманы ( бұл көбіне бір буынды болып келеді) тілдің қатысы жағынан жуан немесе жіңішке етіп игеріп тұрады: дала – ның, дала – ға. Сондай-ақ ерін қатысы жағынан да ықпал ете алады: үй – гө,үй –дү, өс –үр, өс – үп. Буындардың бір – біріне ықпалы сингарманизм деп аталады.
Дыбыстардың бір – біріне етер ықпалы негізінен екі түрлі болады: 1. Дауыс, салдыр қатысына қарай. 2.Айтылу орнына артикуляциясына қарай. Біріншісі акустикалық, екіншісі артикуляциялық ықпал деп аталады.
Қазақ тіліндегі морфемалар жапсарында қатар келген дыбыстардың көбіне алдыңғысы кейінгісіне қатысы жағынан ықпал етіп, өзіне бағындырып тұрады.
Мұндай дауыстылардың күшті не әлсіз болуы ондағы дауыстың мөлшеріне байланысты. Дауыстылар тоннан жасалатындықтан, әрқашанда басқа дыбыстарға ықпал жүргізеді. Бұл жағынан үнділер де қалыспайды. Олар да дауыстылар сияқты үнсіз дауыссыздарға күштілік жасайды. Дауыс қатысы жағынан әлсіз – үнсіз дауыссыздар. Сөйте тұра, қатаңдар мен ұяңдар қатар тұра алмайды. Қатар келген ұяңдар қатаңданып, кейде қатаңдар ұяңдалып кетеді.
Игеретін дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде дыбыстардың бір – біріне ықпалы үш түрлі болады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет