(v) Бақылаудан айырылу
Топ еншілес кәсіпорынды бақылаудан айрылғанда оның активтері мен міндеттемелерін, сонымен қатар, оған тиесілі бақыланбайтын үлес және капиталдың басқа құрылымдарын мойындауды тоқтатады. Бақылаудан айырылу нәтижесінде туындаған кез келген дұрыс немесе теріс айырмашылық кезеңдегі табыс немесе шығын құрамына кіреді. Егер Топ бұрынғы еншілес кәсіпорынға инвестиция бөлігін қалдырса, ондай үлес әділ құнымен бақылаудан айрылған күннен саналады. Кейін бұл үлес қауымдастық кәсіпорын инвестициясы (үлестік қатынас әдісін қолдану) немесе Топтың аталған кәсіпорынға ықпалының жалғасу деңгейіне қарай, сатуға арналған қаржылық актив ретінде қаралады,
(vi) Үлестік қатынас әдісімен саналатын инвестиция нысанына қатысу
Үлестік қатынас әдісімен саналатын инвестиция нысанына Топтың қатысуы қауымдастық және бірлестік кәсіпорынға қатысу болады.
Топ қаржылық және операциялық саясатына маңызды ықпал жасай алатын кәсіпорын қауымдастық кәсіпорын болып табылады. Бірақ Топ бұндай кәсіпорынның қаржылық және операциялық саясатына бақылау немесе бірлескен бақылау жасай алмайды. Егер Топқа кәсіпорында 20 не 50 пайыз дауыс құқығы болса, онда айтарлықтай ықпалы болуы мүмкін. Берілген нысандардың таза активіне құқығы бар болса, Топта бірлескен бақылау болса, онда келісілген нысандар бірлескен кәсіпорын болып саналады. Топтың бірлескен кәсіпорын активтеріне құқығы жоқ және олардың міндеттемелері бойынша жауапты емес.
Қауымдастық және бірлестік кәсіпорында үлес үлестік қатысу әдісімен есептеледі және алғашқы мойындауда өздік құнымен көрсетіледі. Инвестицияның өздік құнына келісім бойынша шығын да енгізіледі.
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
(а) Шоғырландыру қағидалары, жалғасы
(vi) Үлестік қатынас әдісімен саналатын инвестиция нысанына қатысу, жалғасы
Үлестік қатынас әдісімен есептелетін инвестиция нысандарының табысында Топ өз үлесін шоғырландырылған қаржылық есептегі кірісте немесе шығында көрсетеді Бұл үлес Топтың маңызды ықпалының немесе бірлескен бақылау туындаған кезінен және оның тоқтатылған күнінен Топтың есептік саясаты мен нақты нысанның есептік саясатын сәйкестендіруді талап ететін түзетулермен санаса есептеледі.
Үлестік қатынас әдісімен есептелетін инвестиция нысандарының шығынында Топ үлесі оның осы нысанға қатысуынан жоғары болса, бұл қатысу үлесінің баланстық құны (кез келген ұзақ мерзімді инвестицияны қоса) нөлге дейін түсіріледі және Топ осы инвестиция нысаны бойынша шығынды өтеу міндеттемесін өзіне қабылдамаса не оның атынан төлемдер жасаса, бұдан арғы шығындары саналмайды.
(vii) Шоғырландыру кезінде алынған операциялар
Топаралық қалдықтар мен операциялар, сонымен қатар, іске асырылмаған табыс пен шығыстар топаралық операциялардан алынады. Үлестік қатынас әдісімен есептелетін инвестиция нысандарының операциясы кезінде іске асырылмаған табыс Топтың қатысу үлесінің шегінде тиісті инвестиция нысанының құнынан шегеріледі. Іске асырылмаған шығын да сол тәртіппен саналады, бірақ олар әзірше құнсыздандыру куәсі болып есептелмейді.
(б) Табыс пен шығындарды мойындау
Егер Топтың төлем жасаған уақытына тәуелсіз экономикалық пайда алуы ықтимал және сенімді бағаланған жағдайда ғана мойындалады. Табыстар алынатын немесе алынуға тиісті сыйақының есебімен келісімде тағайындалған төлем шарттарының әділ құнымен бағаланады және алық-салық немесе баждар шегеріледі. Топ өзі табыс алуды қарастыратын, өзі агент не принципиал деп саналатын нақты көрсеткіштерге сәйкес бекітетін келісімді саралайды. Топ төменде көрсетілгеннен басқа барлық осындай келісімдер бойынша принципиал ретінде шығамын деген қорытындыға келді. Табыстар жасалған қызмет бөлігінің аяқталуына тәуелді. Егер келісімдегі қаржылық қорытынды сенімді бағаланбаса, орнына салынатын жұмсалған шығындар аясында ғана мойындалады.
Поштамен жібергенді жеткізу жөніндегі қызмет көрсету
Жай және тапсырысты поштамен жіберілімді жеткізу табыстары есеп күніне аяқталған кезеңімен мойындалады. Қызмет көрсетудің аяқталу кезеңі поштамен жіберілімді жеткізудің орта мерзімі негізінде бағаланады. Ондай жіберілімді жеткізу бойынша шығыстар туындау мөлшеріне қарай мойындалады.
Комиссиялық табыстар
Топ принципал емес агент ретінде қызмет көрсеткен жағдайда тиесілі операциялар пайдасы таза сомада Топ алатын комиссиялық сыйақы болып саналады. Топ тұтынушыларға көрсететін түрлі қызмет түрлерінен комиссиялық табыс алады. Комиссиялық табыстарға зейнетақыны, мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы мен жәрдемақы аудару үшін комиссия, коммуналдық және басқа төлемдерді өңдегені үшін комиссия, ақшаны аудару, сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктерден үшінші жақтан несие беру комиссиясы жатады. Комиссиялық табыс оған тиісті операция аяқталғанда мойындалады.
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
(б) Табыс пен шығындарды мойындау, жалғасы
Жалға беруден табыс
Операциялық жалға берілген нысандардан табыс жалға беру мерзімі барысында турасызықты әдіспен саналады және операциялық сипатына қарай табыстар құрамына енгізіледі.
Тауарларды сату
Кіріс нанымды айғақ (сату келісімінің орындалуы нысаны) болғанда ғана мойындалады меншіктік құқығымен байланысты маңызды қауіп және пайдаларымен сатып алушыға берілсе, орнына беруі ықтимал болса, жұмсалған шығындар мен әлеуетті қайтарымдар сенімді бағаланса, сатылған тауарларға қатысты басқарулар тоқталса және түскен кіріс сенімді бағаланған кезде ғана мойындалады. Кіріс саудалық және көлемдік сатылымдар, қайтарымдар сомасын шығарғаннан кейін орнына алатын немесе беретін тауардың әділ құнымен бағаланады.
Басқа шығыстар
Топ салымдары қызметкерлер пайдасына төлемдермен шектелмей бүкіл қоғам пайдасының әлеуметтік бағдарламаларына бағытталса, кезеңде болған шығын немесе табыс құрамына кіреді.
(в) Қаржылық табыстар мен шығындар
Топтың қаржылық табыстар мен шығындары құрамына кіреді:
-
пайыздық табыс;
-
пайыздық шығын;
-
дивидендтік табыс;
-
сатуға арналған қаржылық активтер шығарылған табыс немесе шығынның таза көлемі;
-
шетел валютасыда көрсетілген қаржылық активтер мен міндеттемелерді қайта бағалағаннан табыс немесе шығынның таза көлемі;
-
қаржылық міндеттемелер ретінде жіктелген шартты өтемдегі әділ құнындағы өзгерістерден шығын;
-
басқа табыстар жиынтығының құрамында мойындалған таза кіріс көлемін қайта жіктеу.
Пайыздық табыс пен шығын сапалы ұтымды пайыз әдісімен мойындалады. Дивидендтік табыс Топтың төлем алу құқығы пайда болған күніне табыс немесе шығын құрамында мойындалады.
(г) Жазылым бойынша келешектегі табыстар
Жазылым бойынша келешектегі табыстар болып Топтың мерзімдік басылымдарды жеткізу бойынша келесі жылы көрсететін қызметі үшін жыл аяғында жинаған ақшалай қаражатысаналады.
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
(д) Шетелдік валюта
-
Шетелдік валюта операциялары
Шетелдік валюта операциялары Топ кәсіпорнында қолданылатын тиісті валютаға операция жасалған күнгі ауыстыру курсы бойынша қайта саналады.
Есептік күні шетелдік валютада көрсетілген шақа активтер мен міндеттемелер есептік күнгі қолданылатын тиісті валютаға ауыстыру курсы бойынша қайта саналады. Дұрыс немесе теріс курстық айырмашылық шақа бабы бойынша есептік кезең басында тиісті баптың тиімді мөлшерлік пайыздары түзетілген, есептік кезеңдегі төлемдер, есептік кезеңнің аяғына ауыстыру курсымен қайта саналған осы баптың шетелдік валютада амортизацияланған құны мен функционалдық валютада амортизацияланған құнының айырмасын көрсетеді,
Шетелдік валютада көрсетілген және әділ құны бойынша бағаланатын шақа емес активтер мен міндеттемелер әділ құны анықталған күнгі қолданылатын тиісті валютаға ауыстыру курсы бойынша қайта саналады. Алғашқы құны бойынша шетелдік валютада бағаланатын шақа емес бөлімдер тиісті валютаға операция жасалған күнгі ауыстыру курсы бойынша қайта саналады.
Қайта санағанда туындаған курстық айырмашылық сатуға арналған қаржылық актив санатына жіктелген қайта саналған үлестік құралдан басқасы кезеңдегі табыс немесе шығын құрамына кіреді және басқа табыс жиынтығы құрамында мойындалады.
Осы шоғырландырылған қаржылық есепті дайындау кезінде теңгенің төмендегі валюталарға ауыстыру курстары қолданылды:
|
31 желтоқсан 2014 жыл
|
31 желтоқсан 2013 жыл
|
СДР
|
264.17
|
237.36
|
АҚШ доллары
|
182.35
|
153.61
|
Евро
|
221.97
|
211.17
|
Ағылшын фунты стерлингтері
|
283.34
|
253.29
|
Ресей рублдері
|
3.17
|
4.69
| -
Шетелдік бөлімшелер
Шетелдік бөлімшелердің активтері мен міндеттемелері гудвил және алынғандағы әділ құны түзетілгенге дейінгі соманы қоса, есептік күнгі қолданылатын тиісті валютаға ауыстыру курсы бойынша қайта саналады. Шетелдік бөлімшелердің табыстары мен шығындары қолданылатын тиісті валютаға операция жасалған күнгі ауыстыру курсы бойынша қайта саналады.
Басқа валюталардан қайта санағанда жиналған курстық айырмашылық қоры бойынша капиталдың бөлігі ретінде саналады және басқа табыс жиынтығы құрамындағы курстық айырмашылықтар мойындалады. Бірақ шетелдік бөлімшелер Топтың 100-пайыздық еншілес кәсіпорны болмаса, бұл курстық айырмашылықтың бөлігі тиесілі сәйкестікпен бақыланбайтын үлесіне есептеледі.
Шетелдік бөлімшелер шығып кетуі нәтижесінде Топ бақылаудан, маңызды ықпал жасаудан және бірлескен бақылаудан айырылса басқа валюталардан қайта санағанда жиналған курстық айырмашылық қорында көрсетілген тиісті сома аталған шетелдік бөлімшелер шығып кетуінен болған табыс пен шығын бөлігі ретінде кезеңдегі табыс пен шығын құрамына жіктеледі
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
(д) Шетелдік валюта, жалғасы
(ii) Шетелдік бөлімшелер
Топ өз инвестициясының шетелдік бөлімшелері бар бөлігін оны бақылауды қалдыра отырып, еншілес кәсіпорынға меншігінен шығарған жағдайда, басқа валютадан қайта санаған кезде жинақталған курстық айырмашылық тиісті сәйкестікпен бақыланбайтын үлеске таратылады. Топ өз инвестициясының шетелдік бөлімшелері бар бөлігін ғана қауымдастық немесе біріккен кәсіпорынға меншігінен шығарса және оны бақылауға айтарлықтай ықпал немесе бірлескен бақылау жасаса, жинақталған курстық айырмашылық қорының бөлігі тиісті сәйкестікпен кезеңдегі табыс немесе шығын құрамына жіктеледі.
Топ жақын арада шетелдік бөлімшелерден алуға не төлеуге тиісті шақа бабы бойынша есептесуді күтпесе немесе жоспарламаған жағдайда, осы баптарға қатысты теріс курстық айырмашылықтар шетелдік бөлімшелеріне таза инвестиция ретінде қалыптастырылады; осыған орай, басқа табыстар жиынтығы құрамында мойындалады және басқа валютадан қайта есептескенде жинақталған курстық айырмашылық қоры бабы бойынша капитал бөлігі ретінде есептеледі.
(е) Қорлар
Қорлар ең кемі екі мөлшерде көрсетіледі: өздік құны немесе таза сатылу бағасы. Қорлардың өздік құны ФИФО әдісі негізінде анықталады («алғашқы түсім-алғашқы жіберу») және оған қорларды алуға, өндіріс немесе қайта өңдеуге, нақты орнына жеткізуге және оларды тиісті түрге келтіруге жұмсалған шығыстар қосылады, Өзі өндіретін және аяқталмаған өндіріс қорларының өздік құнына да кәсіпорынның орта өндірістік қуаттылық жүктемесімен саналған тиісті өндірістік үлеске қосымша үстеме шығындар қосылады.
Таза баға кәсіпорынның әдеттегі қызметі барысындағы қорларды сатқаннан есептелген, қор өндірісін аяқтауға және сатуға жұмсалған шығыстарды шегергендегі болжамды (есептік) баға.
(ж) Сатуға немесе бөлуге арналған активтер
Ұзақ мерзімді активтер теңгерімдік құнын сату нәтижесі негізінде өтеу болжанған немесе меншік иесі пайдасына бөлініп, қолдануға жарамайтын активтер мен міндеттемелерден құралған шығарылатын топтар сатуға не меншік иесі пайдасына бөлінетін активтер санатына жіктеледі.
Бұл активтер немесе шығарылатын топтар ең кемі екі мөлшерде бағаланады – активтің (топтар) теңгерімдік құны мжәне оның сату шығындары шегерілген әділ құны. Шығарылатын Топтың құнсыздануынан кез келген шығын, бірінші гудвилдің азаюына, содан кейін қорлар, қаржылық активтер, кейінге қалдырылған салық активтерінен немесе қызметкерлерге сыйақы төлеу жоспары шегінде, Топтың есептік саясаты ережелеріне сәйкес бағалауы жалғастырылған инвестициялық мүліктен басқа, оның қалған активтері мен міндеттемелеріне сәйкес қатысты болады. Активтер мен шығарылатын топтардың сатуға не меншік иесі пайдасына бөлінетін болып бастапқыдан жіктеліп құнсызданғанынан туындаған шығындар, сонымен қатар, олардың келесі бағалануынан туындаған табыстар не шығындар кезеңдегі табыс немесе шығын құрамына саналады. Бұл табыстар саналған мөлшер құнсызданудың жалпы сомасынан жоғары болмайды.
Материалды емес активтер мен негізгі құралдар сатуға немесе меншік иесі пайдасына таратылуға тағайындалған активтер санатына жіктелген уақыттан бастап қолданылмайды. Бұдан басқа, үлестік қатысу әдісімен саналған инвестициялар сатуға немесе меншік иесі пайдасына таратылуға тағайындалған активтер санатына жіктелген уақыттан бастап қолданылуы тоқтатылады.
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
(з) Негізгі құралдар
-
Мойындау және бағалау
Негізгі құрал нысандары қолданылғаннан және құнсызданғаннан жинақталған сомалары шегерілген өздік құны бойынша көрсетіледі.
Өздік құнға тікелей қатысты активті алуға байланысты шығындар қосылады. Өз күшімен салынған активтердің өздік құнына материалдарға, еңбекақы мен барлық басқа мақсаттарда қолдану үшін жұмыс істейтін жағдайға келтіруге, активтерді бұзуға және жоюға, олар тұрған телімді жаңартуға, несие бойынша жұмсалған шығындар қосылады. Қажетті жабдықтың үздіксіз қызметіне арналған қамсыздандыру бағдарламасын алуға жұмсалған шығын осы жабдықтың құнына кіреді.
Егер негізгі құрал нысандарының маңызды құрамдарының қолдану мерзімдері әртүрлі болса, олар негізгі құралдың (маңызды құрамдары) бөлек нысандары ретінде есептеледі.
Негізгі құрал нысандарының шығарылғанынан болған кез келген табыс немесе шығын оның шығарылғанынан түсім мен теңгерімдік құнын салыстыру арқылы анықталады және таза мөлшерде «басқа табыстар» немесе «басқа шығындар» деп аталған жолдарда кезеңдегі табыс немесе шығын құрамына есептеледі.
-
Кейінгі шығындар
Негізгі құрал нысандарының маңызды құрамдарын ауыстыруға жұмсалған шығындар егер Топ келешекте көрсетілген құрамға байланысты экономикалық пайдалар алатын және оның құнын сенімді бағаласа, осы нысанның теңгерімдік құнын көбейтеді, Ауыстырылған құрамның теңгерімдік бағасы шығынға жазылады. Негізгі құрал нысандарына қызмет көрсетуге күнделікті шығындар туындауына қарай кезеңдегі табыс немесе шығын құрамына есептеледі. Негізгі құралдар құрамында айтарлықтай алғашқы бағасымен және пайдалы қызмет көрсету мерзімі 1 (бір) жылдан жоғары арнайы керек бөлшектер мен көмекші жабдықтар көрсетіледі. Басқа керек бөлшектер мен көмекші жабдықтар тауар-материалдық қорлар құрамына кіреді және пайдалануға берілген уақыттан шығында көрсетіледі.
-
Амортизация
Негізгі құрал нысандарының амортизациясы орнатылып қолдануға дайын болған күннен, ал өз күшімен салынған негізгі құрал нысандары үшін – нысан құрылысы аяқталып пайдалануға өткізілген уақыттан басталады. Амортизация активтің есептелген қалдық құны шегеріліп өздік құнынан саналады.
Негізгі құрал нысандарының құрамдары пайдалы қолдану мерзімі барысында турасызықтық әдіспен амортизацияланады, себебі дәл осы әдіс активті тұтынудан келешекте экономикалық пайда сипатын анық көрсетеді және амортизациялық есебі кезеңдегі табыс немесе шығын құрамына есептеледі. Жалға алынған активтер ең кемі екі мерзім: жалдау мерзімі мен егер Топ аталған активтердің жалдау соңында меншік құқығына өтетініне негізделген сенімділік жағдайдан басқа, пайдалы қолдану мерзімі барысында амортизацияланады. Жер телімдері амортизацияланбайды.
Негізгі құралдарды пайдалы қолдану мерзімі есептік және салыстырмалы кезеңдерде төмендегідей болды:
-
Ғимараттар 5-60 жыл
-
Көліктер мен жабдықтар 2-15 жыл
-
Транспорт құралдары 3-28 жыл
-
Басқа негізгі құралдар 2-15 жыл.
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
(з) Негізгі құралдар, жалғасы
-
Амортизация, жалғасы
Амортизация әдістері, пайдалы қолдану мерзімі және негізгі құралдардың қалдық құны әрбір есептік уақытына сарапталады және қажет болған жағдайда түзетіледі.
(и) Материалдық емес активтер
-
Зерттеулер және талдаулар
Жаңа ғылыми немесе техникалық білім мен түсінік алу мақсатымен жасалған зерттеу әрекеттеріне жұмсалған шығыстар туындау уақытына қарай кезеңдегі табыс немесе шығын құрамына кіреді.
Айтарлықтай жетілдірілген өнім мен үрдіс түрлерін немесе жаңа өндірістік жоспарлау мен жобалау бойынша талдау әрекеттеріне кіреді. Оларды сенімді бағалауға болса, техникалық және коммерциялық тұрғыдан іске асырылатын, келешекте экономикалық пайдалы өндірістік өнім немесе үрдіс болып табылса және Топ талдау жұмысын аяқтап қолдануға немесе активті сатса, осы үшін жеткілікті ресурстары болса ғана талдауға жұмсалған шығындар капиталдандырылады. Капиталдандырылатын шығынға активті қойылған мақсатта қолдануға дайындауға қатысты материалдарға, еңбекақы төлеуге, қосымша үстеме шығындарға, несиелер бойынша капиталдауға жұмсалған шығындар жатады. Талдауға жұмсалған басқа шығындар туындау уақытына қарай кезеңдегі табыс немесе шығын құрамына кіреді.
Алғашқы мойындалғаннан кейін талдауға капиталдандырылған шығындар жинақталған амортизация мен құнсызданғаннан жинақталған шығындар шегерілген өздік құны бойынша көрсетіледі.
-
Тұтынушылық база
Топтың тұтынушылар базасы бизнесті біріктіру нәтижесінде пайда болған. Алғашқы мойындалған кезде актив алынған күнгі әділ құнымен бағаланған.
-
Басқа материалдық емес активтер
Басқа материалдық емес активтер ең бастысы, қамсыздандыру бағдарламасына қойылған, жинақталған амортизация мен құнсызданғаннан жинақталған шығындар шегерілген өздік құны бойынша көрсетіледі.
-
Кейінгі шығындар
Егер нақты бір активтің құнына енгізілген келешектегі экономикалық пайдаларды көбейтсе ғана кейінгі шығындар капиталдандырылады. Өздігінен құрылған брендтер мен гудвилға қатысты барлық басқа шығындар туындау уақытына қарай кезеңдегі табыс немесе шығын құрамына кіреді.
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
(и) Материалдық емес активтер, жалғасы
-
Амортизация
Амортизация активтің есептік қалдық құны шегерілген өздік құны негізінде есептеледі.
Қағида бойынша, гудвилға қарағанда материалдық емес активтердің амортизациясы осы активтер пайдалануға дайын болған кезден бастап есептеледі және пайдалы қолдануға тиісті уақытының барысында сызықтық әдіспен кезеңдегі табыс не шығын құрамына саналады, себебі, дәл осы әдіс бұл активтердің келешектегі кәсіпорынның тұтыну сипатын, экономикалық пайдасын өте анық көрсетеді. Материалдық емес активтердің есептік және салыстырмалы кезеңдегі пайдалы қолдану мерзімдері шамамен төмендегідей:
-
Тұтынушылар базасы 5 жыл
-
Басқа материалдық емес активтер 5-10 жыл.
Әрбір есептік жылдың аяғында амортизация әдістері, пайдалы қолдану мерзімдері және қалдық құн мөлшері қайта қарау қажет бола ма және қажет болса қайта қарауы сарапталады.
(к) Инвестициялық меншік
Инвестициялық меншік болып әдеттегі шаруашылық әрекет, өндіріс не тауар жеткізуге қолдану, қызмет көрсетуге немесе әкімшілік қызмет барысында сатылатын емес, жалға бергеннен және/немесе оның нарықтық құнын көтергеннен табыс алуға мақсатталған меншік саналады, Инвестициялық жылжымайтын мүлік үлгісіне сәйкес өздік құнымен саналады. Инвестициялық жылжымайтын мүлік жинақталған амортизация мен құнсыздандыру шығыны шегеріліп алғашқы құнмен бағаланады. Амортизация қызмет мерзімі кезінде турасызықтық әдіспен 10-60 жылға есептеледі және табыс пен шығын есебінде көрсетіледі. Жер телімдері және аяқталмаған құрылыстар амортизацияланбайды.
Егер инвестициялық меншік нысанының қолдану сипаты өзгерсе және ол негізгі құрал санатына жіктелсе, онда берілген нысан жіктелген күннен бастап теңгерімдік құны нақты шығындар болады, кейінгі көрсеткіштері шоғырландырылған қаржылық есепте көрсетіледі.
(л) Жалға беру
-
Келісімде жалға беру элементі бар екенін анықтау
Келісім бойынша қатынас басталған күннен Топ бүкіл келісім жалға беру туралы ма әлде жалға беру элементі қамтылған ба екенін анықтайды. Егер берілген келісімді орындау нақты бір активке тәуелді болса, бұл орынды болады және осы келісім активті қолдану құқығын береді.
Топ қатынас басталған немесе келісімді қайта бағалаған күннен барлық төлемдер мен үстемені жалға және келісімнің басқа элементтеріне қатысты деп олардың әділ құнына сәйкес бөледі. Егер қаржылық жалға беру жағдайы болса, Топ төлемдерді бөлу дұрыс іске асырылмайтындықтан, актив пен міндеттеме келісімде қарастырылған активтің әділ құнына тең болады. Кейін алынған міндеттеме төлем жасалған сайын азаяды және Топтың несиелік қаражатты тарту мөлшерлемесіне қарай есептелетін қаражаттық шығынға қосылады.
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
(л) Жалдау, жалғасы
(ii) Жалданған активтер
Егер Топ активтерді жалдау келісімі негізінде ұстаса, осы активтердің меншігіне қатысты барлық қауіп пен пайдаларды өзіне алады, онда бұндай келісімдер қаражаттық жалдау келісімі болып жіктеледі. Алғашқы кезде жалданған актив ең кемі әділ құны мен жал төлемінің ең аз (дисконттық) құнына тең болады. Кейін бұл актив осы активке қолданылған есептік саясатқа сәйкес саналады.
Басқа жалдау келісімдері операциялық жалдау ретінде жіктеледі және ондай жалдау активтері Топтың қаржылық жағдайы туралы есепте саналмайды.
(iii) Жалдау төлемдері
Операциялық жалдау келісімдері бойынша төлемдер жалдау мерзімі бойы сызықтық әдіспен кезеңдегі табыс немесе шығын құрамына кіреді. Алынған ынталандыру сомасы жалдау мерзімі бойы жалдау бойынша жалпы шығынның құрамдық бөлімі ретінде қарастырылады.
Қаржылық жалдау келісімдері бойынша ең аз төлемдер қаржылық шығын мен өтелмеген міндеттемелерді азайту аралығына бөлінеді. Өтелмеген қалдық міндеттеменің пайыздық мөлшері бірқалыпты болып қалу үшін қаржылық шығындар жалдау мерзімі бойы кезеңдерге бөлінеді.
(м) Қаржылық құралдар
Топ өнімсіз қаржылық активтерді келесі санаттарға жіктейді: өзгерістері табыс немесе шығын құрамдарына көрінетін әділ құнмен бағаланатын қаржылық активтер; несие не қарыздары өтелгенге дейін ұсталатын қаржылық активтер, сонымен қатар, сатуға арналған қаржылық активтер.
Топ өнімсіз қаржылық міндеттемелерді басқа қаржылық міндеттемелер санаттарына жіктейді.
-
Өнімсіз қаржылық активтер мен міндеттемелер –есепке алу және есептемеу
Топ ең бірінші несие мен қарыздарды, сонымен бірге, пайда болған күнге шығарылған қарыздық құнды қағаздарды есепке алады. Келісім бекіткен күннен бастап барлық басқа қаржылық активтер мен міндеттемелерді алғашқы мойындау іске асырылады, соның нәтижесінде Топ құралдың келісімдік ережесінің тарабы болады
Топ осы қаражаттық активтен түсетін ақшалай ағымға келісімдік құқық әрекеті аяқталған кезде немесе Топ осы қаражаттық активтен түсетін ақшалай ағымға өзінің құқығын, меншіктікпен байланысты барлық қауіп пен пайданы басқа тарапқа келісім жасап өткізгенде қаражаттық активті мойындауды тоқтатады. Топта туындаған не қалған өткізілген активке қатыстық бөлек актив немесе міндеттеме ретінде саналады.
Топ қаржылық міндеттемені тиісті келісімге сәйкес өзінің міндеттері орындалғанда не жойылғанда немесе әрекеттік мерзімі аяқталған кезде тоқтатады. Егер Топтың осы шақта мойындалған соманы өзара есептесуге заңдық қорғаумен қамтылған құқығы болса және не олармен таза-негізде есеп айырысуға, не бір уақытта активті өткізіп және міндеттемесін орындаса ғана қаржылық активтер мен міндеттемелер өзара есептеседі және қаржылық жағдай туралы есепте таза мөлшерде көрсетіледі,
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
(м) Қаржылық құралдар, жалғасы
-
Өнімсіз қаржылық активтер мен міндеттемелер –есепке алу және есептемеу, жалғасы
Егер осы шақта Топтың құқығы келешектегі жағдаймен шартталмаса және әдеттегі қызмет барысында заңдық орындаушы ретінде Топ немесе контрагенті күйреуге не міндеттемені орындауға қабілетсіздікке ұшыраған жағдайда да өзара есептесуді іске асыруға заңдық қорғаумен қамтылған құқығы бар.
Несиелер және дебиторлық қарыз
Несиелер және дебиторлық қарыз санатына қаржылық активтердің белсенді нарығында бағаланбаған, тіркелген не нақтыланған төлем алуы қарастырылған қаржылық активтер жатады. Бұндай активтер алғашында келісім бойынша шығынға тікелей қатысты сомаға көтерілетін әділ құнымен саналады. Алғашқы мойындаудан кейін несиелер және дебиторлық қарыздар құнсызданған шығыны шегеріліп тиімді мөлшерлі пайыз әдісімен қолданылған құны бойынша бағаланады.
Несиелер және дебиторлық қарыз санатына төмендегі қаржылық активтер кіреді: қызметкерлерге несиелер (7 ескерту қара), саудалық және басқа дебиторлық қарыз (9 ескерту қара), банктік депозиттер (11 ескерту қара) және ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттері (12 ескерту қара).
Ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттері
Ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттеріне кассадағы ақшалай қаражаттарды, талап еткенге дейінгі депозиттер және өтем уақыты алған күннен үш ай не одан аз және әділ құнының аз ғана өзгеретін жоғары өтімді инвестициялар жатады.
Топтың ақшалай қаражатты бірлесе басқару жүйесі аясында қолданылатын және талап бойынша өтелуге тиіс банктік овердрафттар ақшалай қаражаттар айналымы туралы есебіндегі ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттері құрамына жатады.
Сатуға арналған қаржылық активтер
Сатуға арналған қаржылық активтер өнімсіз осы санатқа анықталған немесе жоғарыда аталған санаттардың ешқайсысына жіктелмеген қаржылық активтерге жатады. Бұндай активтер алғашында келісім бойынша шығынға тікелей қатысты сомаға көтерілетін әділ құнымен саналады. Алғашқы мойындаудан кейін құнсызданған шығыны айырмасы өзгеріп және сатуға арналған қарыз құралдары бойынша курстық айырмашылығы әділ құны бойынша бағаланады, басқа табыстар жиынтығы құрамында саналады және әділ құны өзгерісінің шоты бойынша капитал құрамында көрсетіледі. Инвестицияны мойындау тоқтатылған кезде капитал құрамындағы табыс немесе шығын сомасы кезеңдегі табыс немесе шығын құрамына қайта жіктеледі. Әділ құнын сенімді анықтау мүмкіндігі жоқ бағаланбайтын үлестік құралдар өздік құнымен көрсетіледі.
Сатуға арналған активтерге үлестік және қарыздық құнды қағаздар жатады.
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
(м) Қаржылық құралдар, жалғасы
-
Өнімсіз қаржылық міндеттемелер - бағалау
Өнімсіз қаржылық міндеттемелерді Топ басқа қаржылық міндеттемелер санатына жіктейді. Бұндай қаржылық міндеттемелер алғашында келісім бойынша тікелей шығыны шегерілген әділ құнымен саналады. Алғашқы мойындаудан кейін бұл қаржылық міндеттемелер құнсызданған шығыны шегеріліп тиімді мөлшерлі пайыз әдісімен қолданылған құны бойынша бағаланады.
Басқа қаржылық міндеттемелерге тұтынушылардың депозиттері мен шоттары басқа қаржылық институттардың несиелік құралдары, саудалық және басқа несиелік қарыздар, ақша аудару бойынша несиелік қарыздар, зейнетақы, еңбекақы және басқа төлемдер, «РЕПО» келісімдері бойынша сатылған құнды қағаздар бойынша несиелік қарыздар жатады.
-
«РЕПО» келісімдері және «қайтарымды РЕПО»
Қайта сатып алу міндеттемесімен сату туралы келісім аясында сатылған құнды қағаздар (бұдан әрі -«РЕПО» келісімдері) құнды қағаздар кепілімен қамтылған қаржыландыруға тарту бойынша операциялар ретінде көрсетіледі, бұл кезде құнды қағаздарқаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есепте көрсетілуі жалғастырылады, ал контрагенттер алдындағы міндеттемелері қайта сатып алу міндеттемесімен сату туралы келісім аясындағы құнды қағаздар ретінде қысқа мерзімді міндеттемелері құрамына қосылады. Сату мен қайта сатып алу бағасының арасындағы айырмашылық пайыздық шығын болады және тиімді пайыздық мөлшер әдісін қолдану арқылы-«РЕПО» келісімінің әрекеті кезеңіндегі табыс пен шығын құрамында көрсетіледі.
Қайта сату міндеттемесімен алу туралы келісім аясында алынған құнды қағаздар (бұдан әрі -«қайтарымды РЕПО» келісімдері) мерзімі 90 күнге дейін ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттері «қайтарымды РЕПО» келісімдерінде көрсетіледі. Сатып алу мен қайта сату бағасының арасындағы айырмашылық пайыздық табыс болады және тиімді пайыздық мөлшер әдісін қолдану арқылы-«РЕПО» келісімінің әрекеті кезеңіндегі табыс пен шығын құрамында көрсетіледі.
Егер қайта сатып алу міндеттемесімен сату туралы келісім аясында алынған активтер үшінші тарапқа сатылса, құнды қағаздар қайтару міндеттемесі сауда үшін жасалған міндеттеме ретінде көрсетіледі және әділ құны бойынша бағаланады.
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
(м) Қаржылық құралдар, жалғасы
-
Амортизацияланған құн
Қарыздың негізгі сомасының төлемі шегерілген, жинақталған амортизацияның түзетілген мөлшері және алғашқы мойындалған кезде құны мен құнсызданған шығыны шегеріліп бағаланған, тиімді пайыздық мөлшер әдісін қолдану арқылы өтеу кезіндегі құны қаржылық актив немесе міндеттеменің құны болып табылады. Сыйақы мен дисконт көлемі, сонымен қатар, келісім бойынша жұмсалған шығын сомасы тиісті құралдың теңгерімдік құнына қосылады және аталған құралдың тиімді пайыздық мөлшеріне қарай амортизацияланады.
Нарықтан ерекше мөлшермен берілген/алынған қаржылық активтер мен міндеттемелер алу/беру кезінде әділ құны бойынша қайта бағаланады, ол ұқсас құралдар бойынша дисконтталған нарықтық пайыздық мөлшермен келешектегі пайыздық төлем мен қарыздың негізгі сомасын көрсетеді. Туындаған айырмашылық табыс немесе шығын құрамында нарықтан ерекше мөлшермен берген/алған қаржылық құралдар табыс не шығын ретінде көрсетіледі. Кейін бұндай активтер мен міндеттемелердің теңгерімдік құны алған/берген кездегі амортизация табысы/шығыны сомасында дәлденеді және тиісті табыс/шығын тиімді пайыздық мөлшер әдісін қолдану арқылытабыс немесе шығын құрамында көрсетіледі.
-
Әділ құн бойынша бағалау қағидасы
Активті сатқан кезде алынатын немесе нарыққа қатысушылар арасында міндеттемелерін әдеттегі келісім шартымен берген кезде негізгі нарықта бағаланған күні немесе Топтың көрсетілген күні рұқсаты бар не ол болмаған жағдайда төленетін баға әділ құн болып саналады. Міндеттеменің әділ құны оның орындалмау қаупін көрсетеді.
Топ берілген құралды бар мүмкіндігінше, белсенді нарықтағы бағалауды қолдану арқылы әділ құнын бағалайды. Егер активтер мен міндеттемелер бойынша операциялар айтарлықтай жиілікпен және жүйелі негізде бағалауды анықтау үшін жеткілікті көлемде операциялар жасалса нарық белсенді болып саналады.
Белсенді нарықтың бағалау ағымы болмаса, Топ бақыланған негізгі мәліметтерді барынша қолданып және бақыланбаған негізгі мәліметтерді аз ғана қолданып бағалау әдісіне сүйенеді. Таңдалған бағалау әдісінде нарық қатысушылары берілген жағдай бойынша барлық факторларды ескереді.
Қаржылық құралды алғашқы мойындаған кезде келісім бағасы, орнына өтеудің төленген не алынған әділ құны, әділ құнның ең күшті куәгері болып табылады. Егер Топ алғашқы мойындаған кезде әділ құнының келісім бағасынан айырмашылығы болса, ұқсас активтер мен міндеттемелердің белсенді нарық ағымындағы бағалауында расталмаса, тек бақыланған мәліметтер негізіндегі бағалау әдісіне негізделмесе, онда қаржылық құрал келісім бағасы мен алғашқы мойындалған әділ құн айырмашылығы мерзімін ұзарту үшін нақтыланған әділ құн бойынша бағаланады. Алғашқы мойындағаннан кейін айырмашылық құрал өмірінің мерзімі барысына тиесілі табыс не шығын құрамына кіреді, бірақ баға бақыланған мәліметтер негізінде толық расталғаннан немесе операция аяқталғаннан кешіктірілмейді.
Егер әділ құн бойынша бағаланған актив не міндеттемеге ұсыныс не сұраныс бағалары болса, активтер мен ұзақ позиция ұсыныс не сұраныс бағалары негізінде бағаланады, міндеттемелер мен қысқа позициялар ұсыныс бағалары негізінде бағаланады.
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
(м) Қаржылық құралдар, жалғасы
-
Активтер мен міндеттемелердің өзара есептесуі
Топтың қаржылық активтері мен міндеттемелері өзара есептеседі және қаржылық жағдай жөніндегі шоғырландырылған есепте ықшамдалған түрде көрсетіледі, егер ол үшін заңдық қорғаумен қамтылған құқық болса және тараптар қарызды өзара есептесу арқылы реттесе немесе активті өткізіп міндеттемені біруақытта орындаса, онда осы құқық әдеттегі әрекет барысында және Топтың немесе контрагенттің күйреуге, міндеттемені орындауға қабілетсіздікке ұшыраған жағдайда заңдық орындаушы болып саналады.
(н) Құнсыздандыру
-
Өнімсіз қаржылық активтер
Әрбір есептік кезеңде қаржылық құрал санатына жатқызылмаған, әділ құн бойынша бағаланған қаржылық актив, инвестиция нысанына қатысу үлесін қоса өзгерістері табыс не шығын құрамында көрсетіледі, құнсыздануының шынайы себебі тексеріледі. Егер алғашқы мойындалғаннан кейін шығынға соқтырған оқиға болса және сол оқиға сенімді бағаланып қаржылық активтен келешекте күтілген ақшалай ағымға жағымсыз әсер етсе қаржылық актив құнсыздандырылған болып саналады.
Қаржылық активтердің (үлестік құнды қағазды қоса) құнсыздануының әділ куәсі болады:
-
төлемеу немесе қарызгердің өз міндетін басқаша орындамауы;
-
Топ басқа жағдайда қарастырмайтын Топ алдындағы қарыздың құрылымсыздануы;
-
қарызгер не эмитенттің келешекте күйреуге ұшырауы белгілері;
-
Топтағы қарыз алушы не эмитенттің төлеуші мәртебесінің жағымсыз өзгерістері;
-
дефолтпен арақатыстықтың экономикалық шарттары;
-
қандай да бір құнды қағаз үшін белсенді нарықтың жоғалуы, немесе
-
қаржылық активтердің тобынан күтілетін ақшалай ағымның төмендеуін бағасын көрсетуші бақыланатын мәліметтер.
Бұдан басқа үлестік құнды қағаз инвестициясының құнсыздануының шынайы куәсі оның әділ құнының өздік құнынан төмендеуінің жалғасуы.
Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржылық активтер
Бұндай активтердің құнсыздануын куаландырушы белгілерін Топ бөлек активтер деңгейінде, сол сияқты біріккен активтер тобы деңгейінде де қарастырады. Бөлек алғанда маңызды саналатын барлық активтер құнсыздану бойынша жеке қаралады. Бөлек актив деңгейінде құнсыздануы анықталмаған активтердің туындаған, бірақ сәйкестендірілмеген құнсыздануын біріктіріп бағалайды. Жеке алғанда маңызды емес активтерді қауіп сипаттарының ұқсастығына қарай құнсыздануын бағалайды.
Активтердің топтық деңгейде құнсыздануын бағалаған кезде Топ туындайтын шығындар, жұмсалатын шығындардың өтелу мерзімін тарихи трендті қолдана бағалайды, ағымдағы экономикалық және несиелік шарттардың нақты шығынын басшылық пікіріне, тарихи шығн үрдістеріне сүйенеді.
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
(н) Құнсыздандыру, жалғасы
(і) Өнімсіз қаржылық активтер, жалғасы
Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржылық активтер, жалғасы
Құнсыдандырылғаннан шығын сомасы активтің теңгерімдік құны мен осы активтің алғашқы тиімді пайыздық мөлшермен дисконтталған келешекте күтілген ақшалай ағымға қойылған құны арасындағы айырмасы ретінде есептеледі. Шығын кезеңдегң табыс немесе шығын құрамына саналады және құнсыздану резервінің шотында көрсетіледі. Егер Топ активтің келешекте өтелетініне күманданса, тиісті сома шығынға жазылады. Құнсыздандырылған активке пайыз қосылуы «дисконтты босату » ретінде жалғаса береді. Кейін қандай да бір оқиғаға байланысты құнсыздану шығынының мөлшерін азайтатын және бұл азайту құнсыздану мойындалғаннан соң болса, бұрын шығынға жазылған сома өтелгеніне қарай кезеңдегі табыс не шығын құрамында көрсетіледі.
Сатуға арналған қаржылық активтер
Сатуға арналған санатына жатқызылған қаржылық активтердің құнсызданғанынан болған шығындар кезеңдегі шығындар сомасын табыс не шығын құрамына капитал құрамындағы әділ құн резервіне жинақталған қайта жіктеу арқылы мойындалады. Капиталдан шығарылған және табыс не шығын құрамында мойындалған құнсызданудан жинақталған шығын сомасы активті алуға (алынған негізгі сома төлемі мен амортизация шегерілген) және ағымдық әділ құнының осы активтің құнсызданғанынан болған шығын шегерілген, бұрын табыс не шығын құрамында мойындалған сомалардың айырмасы болып саналады. Тиімді пайыздық мөлшермен құнсыздану резервіне есептелгеннен туындаған өзгерістер пайыздық табыс элементі ретінде көрсетіледі. Егер кейін сатуға арналған болып жіктелген құнсызданған құнды қағаздың әділ құны өссе, және осы өсім қандай да бір құнсыздану шығыны кезеңдегі табыс не шығын құрамында көрсетілгеннен кейінгі оқиғаға шынайы қатысты болып саналса, онда шығынға жазылған сома қайта қалпына келтіріледі, кезеңдегі табыс не шығын құрамында көрсетіледі. Бірақ сатуға арналған санатына жіктелген, құнсызданған үлестік құнды қағаздың әділ құны басқа табыстар жиынтығы құрамына кіреді.
Үлестік қатысу әдісімен есептелген инвестиция нысандары
Үлестік қатысу әдісімен есептелген инвестицияға қатысты құнсыздандыру инвестицияның өтелетін және оның теңгерімдік құнын салыстыру арқылы бағаланады. Құнсыздану шығыны табыс не шығын құрамында саналады және өтелетін құнды анықтау кезінде бағалауға қолайлы өзгерістер болған жағдайда қайта қалпына келтіруге болады.
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
(н) Құнсыздандыру, жалғасы
-
Қаржылық емес активтер
Топтың инвестициялық мүлкінен, қорларынан, кейінге қалдырылған салықтық активтерінен өзгеше қаржылық емес активтердің теңгерімдік құны құнсыздану белгілерін анықтау үшін әрбір есептік мерзімде сарапталады. Кез келген осындай белгісі болса, тиісті активтің өтелетін құны саналады. Қолдану мерзімі нақтыланбаған не әлі пайдалануға дайын емес гудвил мен материалдық емес активтерге қатысты өтелетін құндары жыл сайын бір уақытта есептеліп тұрады.
ЕГДС немесе басқа активтерге айтарлықтай тәуелсіз ұзақ уақыт қолданылу нәтижесінде ақшалай құрал ағымын өсіретін тиісті активтердің жеке тексерілуі мүмкін болмағандықтан, активтерді аз ғана топқа біріктіріп құнсыздандыру белгілерін тексеру жүргізіледі. Шектеуді орындау шарттарына қатысты тесттілеу деңгейі операциялық сегменттер деңгейінен жоғары болуы мүмкін емес,гудвилдің құнсыздану белгісін тексеру мақсаты үшін гудвил таратылған ЕГДС біріктіріледі, себебі гудвил ішкі есептік мақсатында қадағаланады, сондықтан құнсыздану белгісін тексеру ең төмен деңгейде өтуі керек. Бизнесті біріктіру бойынша келісімде алынған гудвил ЕГДС топтарына таратылады, олар осы бизнесті біріктіру кезінде синергия әсерінен ұтады деп күтіледі.
Топтың бірлескен активтері жеке ақшалай ағымды өсірмейді және оларды бір ЕГДС қолданады. Бірлескен активтер құны ЕГДС арасында негізделген және жүйелі түрде бөлінеді және оларды құнсыздандыруға тесттілеу шегінде тексеруді тиісті бірлескен актив бөлінген ЕГДС іске асырады.
ЕГДС немесе активтің өтеу құны ең көбі екі мөлшерден тұрады: осы активтің (осы бірліктің) қолдану құндығы мен оның сатуға жұмсалған шығыны шегерілген әділ құны. Қолдану құндығын есептеген кезде келешекте күтілетін ақшалай ағымдар ЕГДС немесе берілген активке тән ағымдағы ақшаның уақытша нарықтық бағасы мен қаупін көрсететін дисконтталған салыққа дейінгі мөлшерді қолданып жеткізілген құнына дейін дисконтталады.
Берілген актив тиесілі ЕГДС немесе активтің теңгерімдік құны оның өтелетін құнынан жоғары болса құнсыздандыру шығындары мойындалады.
Құнсыздандыру шығындары кезеңдегі табыс немесе шығын құрамына кіреді. ЕГДС құнсыздандыру шығындары алғашында тиесілі ЕГДС (немесе ЕГДС тобына) бөлінген гудвилдің теңгерімдік құнының төмендеуіне қатыстырылады, ал кейін осы ЕГДС (ЕГДС тобына) құрамындағы басқа активтердің теңгерімдік құнының төмендеуіне сәйкестендіріледі.
Гудвилдің құнсызданғанынан болған шығынға шығарылған сомалар қайта қалпына келтірілмейді. Басқа активтерге қатысты әрбір есептік кезеңде олардың құнсыздандыру шығындары сарапталады, өткен кезеңдердің бірінде осы шығын көлемін азайту немесе бұдан әрі мойындамау мақсатында құнсыздану белгілерін нақтылайды. Құнсызданғанынан болған шығынға шығарылған сомалар өтеу мөлшерін есептеу кезінде қолданылған бағалауда өзгерістер болса қайта қалпына келтіріледі. Егер актив құнын оның теңгерімдік құнына дейін қалпына келтіретін сома шегінде (амортизацияланғаннан жинақталған сома шегерілген) құнсызданғанынан болған шығын мойындалғаны көрсетілсе, қайта қалпына келтіріледі.
(о) Резервтер
Өткен оқиға нәтижесінде Топта құқықтық міндеттеме немесе сенімді мөлшерде бағалауға болатын қалыптасқан тәжірибемен шартталған міндеттеме туындаса және берілген міндеттемені реттеу үшін экономикалық пайда қайтарылуы ықтимал болған жағдайда резерв мойындалады. Резерв көлемі салыққа дейінгі мөлшердегі күтілетін берілген міндеттемеге тиесілі нарықтағы ақша құнын уақытша бағалау мен қаупін көрсететін ақшалай ағымдарды дисконттау арқылы анықталады. Дисконт амортизациясын көрсететін сома қаржылық шығын ретінде мойындалады.
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
(п) Қызметкерлерге сыйақы
-
Қысқа мерзімді сыйақылар
Қызметкерлерге қысқа мерзімді сыйақыға қатысты міндеттеме көлемін анықтаған кезде дисконттау қолданылмайды және тиісті шығыстар қызметкерлердің қызмет көрсетуі бойынша саналады. ақшалай Егер табысқа қатысы немесе сыйақы төлеуге қысқа мерзімді жоспар аясында төлеуге күтілетін сомаға қатысты Топтың заңдық не бұрын қызметкерлердің көрсеткен қызметі нәтижесінде туындаған тиісті соманы төлеу бойынша қалыптасқан тәжірибемен шартталған міндеттемесі болса және осы міндеттеме көлемі сенімді бағаланса міндеттеме мойындалады.
-
Белгіленген жарна жоспарлары
Кәсіпорында еңбек етуі аяқталған қызметкерлерге сыйақы жоспары белгіленген жарна жоспарлары болып саналады, оның шарты бойынша кәсіпорын бөлек ұйымға (немесе қорға) нақтыланған жарнаны іске асырады және қосымша соманы төлеу жөнінде ешқандай заңдық неқалыптасқан тәжірибемен шартталған міндеттемеге тартылмайды. Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорына (бұдан әрі –«БЖЗҚ») міндеттеме қызметкерлер тиісті қызмет жасаған кезеңдегі табыс не шығын құрамындағы қызметкерлерге сыйақы шығыны ретінде саналады.
-
Белгіленген төлем жоспарлары
Белгіленген жарна жоспарынан өзге кәсіпорында еңбек етуі аяқталған қызметкерлерге сыйақы жоспары белгіленген төлем жоспарлары болып табылады. Өткен не ағымдағы кезеңде қызметкерлердің құқықты келешектегі төлемдерін бағалау арқылы әрбір жоспар бойынша Топ міндеттемесінің таза көлемі зейнетақыға қатысты белгіленген төлем жоспары бөлек есептеледі Осылай нақтыланған сома жеткілікті көлемге дейін дисконтталады және кез келген активтің таза құны шегеріледі. Міндеттемені дисконттау мөлшері ретінде мемлекетік облигациялардың есептік кезеңнің аяғындағы нарықтық табысы қолданылады, оларды өтеу мерзімі Топтың тиісті міндеттемесі әрекетінің мерзіміне тең болады және сыйақы төленетін валютада көрсетіледі.
Бұл есептеуді жыл сайын болжамды шартты бірлік әдісін қолданушы білікті актуарий жасайды. Жасалған есептеулер нәтижесінде Топтың ықтимал активі болады, мойындалған актив келешекте тиісті жоспардан құралды қайтарудың қолайлы түрі жеткілікті (дисконтталған) экономикалық пайда көлемімен шектеледі немесе бұл жоспарға келешектегі жарна сомасын азайтады. Жеткілікті (дисконтталған) экономикалық пайда көлемін есептегенде Топтың кез келген жоспарға қолданатын қаржылаудың ең аз сомасын қамту бойынша барлық талаптары ескеріледі. Егер Топ оны тиісті жоспар әрекеті барысында іске асырса немесе жоспар міндеттемелері бойынша қорытынды есептесуді жасаса, Топ үшін экономикалық пайда қолжетімді болып саналады.
Белгіленген төлем жоспарларының таза міндеттемесін қайта бағалауға актуарлық табыс пен шығын, актив жоспарларының табысы (пайызды санамағанда) және активтердің шекті мөлшерін қолданудың әсері (ол болғандағы пайызды санамағанда)қосылады және дереу басқа табыстар жиынтығы құрамында мойындалады. Топ жоспардың кезеңдегі таза міндеттемесіне (актив) пайыздық шығынының (табыстың) таза көлемін жыл басына белгіленген төлем жоспарының міндеттемесін бағалау үшін дисконттау мөлшерін қолдану арқылы осы күнге жарна мен төлем нәтижесін ескере отырып жоспардың таза міндеттемесінің қандай да бір өзгерістерін анықтайды. Белгіленген төлем жоспарларына қатысты басқа шығындар және таза пайыздық мөлшері табыс немесе шығын құрамында саналады.
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
(п) Қызметкерлерге сыйақы, жалғасы
-
Белгіленген төлем жоспарлары, жалғасы
Жоспар не оның секвестры шегіндегі төлем өзгерісі жағдайында өткен кезеңдер қызметіне қатысты төлемдерде туындаған өзгерістер не секвестр табысы мен шығыны дереу табыс пен шығын құрамында мойындалады. Топ жоспар міндеттемесі бойынша табыс пен шығынды есептесу кезінде мойындайды.
-
Қызметкерлерге басқа ұзақ мерзімді сыйақылар
Зейнетақы жоспары бойынша төлемдерден басқа қызметкерлерге басқа ұзақ мерзімді сыйақыларға қатысты өткен не ағымдағы кезеңде қызметкерлер құқықты келешектегі сыйақылар Топ міндеттемесінің таза мөлшері болып табылады. Келешектегі бұл сыйақылар жеткілікті мөлшерін анықтау мақсатында дисконтталады, ол кезде оларға қатысты кез келген активтердің әділ құны шегеріледі. Міндеттемені дисконттау мөлшері ретінде мемлекетік облигациялардың есептік кезеңнің аяғындағы нарықтық табысы қолданылады, оларды өтеу мерзімі Топтың тиісті міндеттемесі әрекетінің мерзіміне тең болады және сыйақы төленетін валютада көрсетіледі. Есептесу шартты бірлікті болжау әдісін қолдану арқылы жасалады. Қайта бағалау пайда болған кезеңіндегі табыс не шығын құрамында мойындалады.
(р) Капитал
Жарғы капитал
Қарапайым акция капитал ретінде жіктеледі. Қарапайым акциялар мен акция опционын шығаруға тікелей жұмсалған шығыстар кез келген салық әсерін шегеріп капиталды азайту ретінде мойындалады.
Топ меншік акцияларын сатып алған жағдайда осы сатып алумен тікелей байланысты төленген сома шығынымен қоса шоғырландырылған қаржылық есепте кез келген салық әсерін шегеріп капиталды азайту ретінде мойындалады. Сатып алынған акциялар меншік акциялар болып жіктеледі және меншік акциялар резерві құрамында көрсетіледі. Меншік акцияны сатқан не кейін қайта шығарған жағдайда алынған сома капиталды көбейту және берілген операция нәтижесіндегі табыс не шығын қосымша өтелген капиталды көбейту ретінде көрсетіледі.
Капитал құрамында көрсетілетін қорлар
Топтың қаржылық жағдайы туралы шоғырландырылған есептегі капитал (басқа табыстар жиынтығы) құрамында көрсетілген қорлардың құрауыштары төмендегідей:
Сатуға арналған инвестицияны қайта бағалау резерві сатуға арналған инвестицияның әділ құнындағы өзгерістерді көрсетеді.
Резервтік қорға дивиденд ретінде таратылмайтын және Акционер шешімі негізінде таратылмайтын кірістен аударылған құралдар қосылады.
Дивидендтер
Егер есеп күніне дейін жарияланса дивидендтер міндеттеме ретінде мойындалады және есеп күніне капитал сомасынан шығарылады. Егер есеп күніне дейін ұсынылса және қаржылық есептен кейін ұсынылып, бірақ қаржылық есепті шығаруға тағайындамай тұрып жарияланса, шоғырландырылған қаржылық есепте дивидендтер туралы ақпарат ашылады.
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
(с) Табыстық салық
Табыстық салық бойыша шығынға ағымдағы табыс салығы мен кейінге қалдырылған салық қосылады және кезеңдегі табыс не шығын құрамында көрсетіледі, онда тікелей капитал немесе басқа табыстар жиынтығы құрамындағы бизнесті біріктіру бойынша келісім мен операциялар саналмайды.
-
Ағымдағы салық
Ағымдағы табыс салығына есептік кезеңге, сонымен қатар өткен жылдағы табыстық салық бойынша түзетулері қолданылған негізінде есептелген төленетін не орнына салынатын жылдық салық салынатын табыс пен салықтық шығын қосылады. Ағымдағы табыс салығының міндеттемесіне дивидендтермен байланысты туындаған салықтық міндеттеме қосылады.
-
Кейінге қалдырылған салық
Кейінге қалдырылған салық қаржылық есепте және оның салықтық базасында көрсету мақсатында анықталған активтің теңгерімдік құны мен міндеттемелерінің мерзімдік айырмашылығына қатысты мойындалады. Кейінге қалдырылған салық мойындалмайды:
-
олар бизнесті біріктіру бойынша келісімге және бухгалтерлік, салықтық шығынға, салық салынатын табысқа ықпал жасамайтын келісімді іске асыру нәтижесінде актив пен міндеттеменің алғашқы мойындалуы туындайтын мерзімдік айырмашылығында; және
-
Топ мерзімдік айырмашылығын қалпына келтіру уақытын бақылауға қабілетті болатын еншілес, қауымдас және біріккен қызмет ету инвестицияларына қатысты туындайтын мерзімдік айырмашылығында және жақын келешекте бұл мерзімдік айырмашылық ықтимал болса; және
-
гудвилді алғаш мойындағандағы салық салынатын мерзімдік айырмашылығында. Егер келешекте оларды сатып салық салынғаннан табыс алу мүмкін болса, кейінге қалдырылған салықтық актив қолданылмаған салықтық шығынға, несиелік салыққа және шегерілген мерзімдік айырмашылығына қатысты мойындалады. Әрбір есептік кезеңде кейінге қалдырылған салық активтерінің мөлшері сарапталады, және іске асырғанда тиісті салықтық пайда түспейтіні ықтимал көлемінде ғана азайтылады.
Кейінге қалдырылған салық мөлшері келешекте мерзімдік айырмашылықты қалпына келтірген кезде, есептік кезеңде қолданыстағы әрекетті заңдарды негізге алып салық мөлшерін анықтайды.
Кейінге қалдырылған салық бағасы өз активтерінің Топтың теңгерімдік құнын өтеу не орнына төлеу немесе есептік кезеңнің соңында міндеттемелерді реттеу әдісінен болатын нәтижеге сәйкес көрсетеді. Кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелері ағымдағы салықтық активтердің санақ өткізуге бекітілген заңдық құқығы болса, және осы активтер мен міндеттемелер салыққа қатысты болса, бір ғана салықтық ұйым табыстық салық алса, бірақ бұл кәсіпорындарағымдағы салықтық активтер мен міндеттемелерді таза негізде немесе олардың салықтық активті іске асыру мен салықтық міндеттемені орындауы бір уақытта болса ғана есепке алынады.
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
(с) Табыстық салық, жалғасы
(ii) Кейінге қалдырылған салық, жалғасы
Қазақстан Республикасының салықтық заңдарының талаптарына сәйкес Топ компаниясы өзінің ағымдағы табыс салығы бойынша салықтық шығыны мен активтерін Топ компаниясының басқа ағымдағы табыс салығы бойынша салықтық табысы мен міндеттемесіне қарсы есептей алмайды. Бұдан басқа, Топтың әрбір негізгі қызмет түрлері бойынша бөлек салықтық база анықтайды. Сондықтан салықтық шығындар мен салық салынатын табыс түрлі қызмет бойыша өзара есептесе алмайды.
Ағымдағы және кейінге қалдырылған салық мөлшерін анықтау кезінде Топ анықталмаған салықтық позициялардың әсерін және уақтылы төленбеген салық үшін салықты, айыппұлды, төлемақы өсімін есептеу мүмкіндігін ескереді. Бірқатар факторлады бағалау нәтижесін негізге алып, сонымен қатар, қазақстандық салық заңдары мен өткен жылдар тәжірибесіне сүйеніп, Топ басшылығы толық көлемде салықтық органдар тексеретін барлық салықтық кезең үшін бюджеттік есептің толықтығын есептейді. Бұл баға есептік бағалауға негізделген және келешектегі жағдайлар әсеріне қатысты бірқатар кәсіби пікір қалыптасуын қарастырады. Уақыт өте Топ билігіне жаңа ақпарат түсуі мүмкін, оған байланысты Топта салық төлеу бойынша міндеттемелердің сәйкестігіне қарай өз пікірлерін өзгерту қажеттігі туындауы мүмкін. Салық төлеу бойынша міндеттемелер мөлшерінің осындай өзгерістері салық сомасының пікір өзгерген кезеңінің сомасына әсер етеді.
(т) Қосымша құн салығы (ҚҚС)
Табыстар, шығындар және активтер ҚҚС сомасын шегеріп есептеледі, төмендегіні қоспағанда:
-
Актив не қызметті алғанда ҚҚС тараған, салықтық органдарға өтеуге жатпайды, бұл жағдайда ҚҚС алынған актив құнының не шығын саласының, жағдайға қарай, бөлігі ретінде мойындалады.
-
Дебиторлық және несиелік қарыздар сомасы ҚҚС бірге саналады.
Салықтық органдарға төленетін немесе орнына салынатын ҚҚС таза сомасы қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есепте дебиторлық және несиелік қарыздар құрамына қосылады.
Орнына салынатын ҚҚС есеп кезеңіне төленбеген алымдарға жатады. Алу ҚҚС төлеу ҚҚС есебіне кіреді, сонымен қатар, компания талабы бойынша мемлекеттік салықтық органдардан ақшалай қайтарылуы мүмкін. Егер қолданыстағы салықтық заң нормаларына сәйкес ҚҚС орнына салу не қайтару есептен кейінгі келесі 12 (он екі) айға қалдырылса, ондай ҚҚС орнына салынатын ұзақ мерзімді активтерге ауыстырылады. Орнына салынбаған жағдайда, ҚҚС шоғырландырылған есепте табыстар жиынтығына қосылады.
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
Достарыңызбен бөлісу: |