2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын жылдық ақша құралдарының қозғалысы туралы шоғырландырылған есебінде ҚЕХС (IAS) 7 «Ақша құралдарының қозғалысы туралы есеп» талаптарына сай, Топ қызметкерлердің ұзақ мерзімді несиелерін өтеу және инвестициялық қызметтен операциялық қызметке қызметкерлерге ұзақ мерзімді несиелер беру сомасын ауыстырды және оны таза негізде қызметкерлер несиесіндегі өзгеріс ретінде көрсетті, сонымен қатар, инвестициялық қызметтен қаржылық әрекетке РЕПО келісімімен сатылған құнды қағаздарға өзгеріс жіктеді.Төменде келтірілген таблицада 2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын жылдық ақша құралдарының қозғалысы туралы шоғырландырылған есебіндегі көрсеткіштерге мәліметтерді қайта жіктеу әсері көрсетілген:
Жоғарыда көрсетілген қайта жіктеулер Топ капиталы немесе қызметінің нәтижесіне ықпал жасамайды.
(ф) Қолданысқа қабылданбаған жаңа стандарттар мен түсініктемелер
2014 жылдың 31 желтоқсанына бірқатар жаңа стандарттар мен стандарттарға және түсініктемелерге өзгерістер әлі күшіне енбеген және дайындау кезінде оның талаптары берілген шоғырландырылған қаржылық есепте ескерілмеген. .
3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ
(ф) Қолданысқа қабылданбаған жаңа стандарттар және түсініктеме, жалғасы
ҚЕХС (IFRS) 9, 2014 жылдың шілдесінде жарияланған, ҚЕХС (IAS) 39 «Қаржылық құралдар: мойындау және бағалау»орнына. ҚЕХС (IFRS) 9 хеджирлеуді тіркеудің жаңа жалпы талаптары мен құнсыздандыруды бағалау үшін күтілетін несиелік шығындардың жаңа моделін қоса, қаржылық активті бағалау және жіктеуге қатысты нұсқауды қарастырады. Сонымен қатар, жаңа стандарт ҚЕХС (IAS) 39 қабылданған қаржылық құралдарды мойындау және мойындауды тоқтатуға қатысты нұсқауды күшінде қалдырады.
ҚЕХС (IFRS) 9 2018 жылдың 1 қаңтарында басталатын және одан кейінгі күнге жылдық есеп кезеңінде күшіне енеді. Стандартты мерзімінен бұрын қолдануға рұқсат берілген.
Топ жаңа стандарттардың Топ қызметі мен қаржылық жағдайға әсерінің нәтижесін әлі сараптамаламады.
ҚЕХС
(IFRS) 15 «Тұтынушылармен келісім бойынша түсім»
ҚЕХС (IFRS) 15 Түсім қашан, қандай сомада саналу керек екенін анықтау үшін жалпы қағида жүйесін бекітеді. Стандарт қолданыстағы түсімге қатысты нұсқаудың орнын ауыстырады, оның ішінде ҚЕХС (IAS) 11 «Құрылыс туралы келісімдер», ҚЕХС (IAS) 18 «Түсім», КРМФО (IFRIC) 13 «Тұтынушылардың адалдығы бағдарламасы» түсініктеме.
Жаңа стандарттың негізгі қағидасы тұтынушыларға уәде еткен тауарды немнсе қызметті көрсету, өзінің күтуіне орай бұл тауар мен қызмет орнына құқыққа ие болады. Жаңа стандарт түсімге қатысты толық мәлімет беруді қарастырады, бұрын қарастырылмаған операцияны тіркеу бойынша нұсқау қосады, көп элементтерден тұратын келісімді тіркеу бойынша нұсқау қосады ҚЕХС (IFRS) 15 2017 жылдың 1 қаңтарында не одан кейін есептік кезеңге қатысты күшіне енеді. Стандартты мерзімінен бұрын қолдануға рұқсат берілген.
Топ жаңа стандарты енгізудің салдарын, оның қаржылық жағдайға және Топтың қызметі нәтижесіне әсерін әлі сараптамады.
Төмендегі жаңа стандарттар немесе стандартқа түзетулер Топтың шоғырландырылған қаржылық есебіне айтарлықтай ықпалы күтілмейді.