«Қазпочта» АҚ 2014 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша шоғырландырылған қаржылық есеп Мазмұны


(д) Есептік саясат және мәліметтер беру тәртібіндегі өзгерістер



бет3/21
Дата23.02.2016
өлшемі1.22 Mb.
#5919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

(д) Есептік саясат және мәліметтер беру тәртібіндегі өзгерістер


Топ алғашқы қолдану 2014 жылдың 1 қаңтары болатын кез келген келесі түзетулерді қоса төмендегі жаңа стандарттарды және стандарттарға түзетулерді қабылдады.
2 ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ДАЙЫНДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ, ЖАЛҒАСЫ
(д) Есептік саясат және мәліметтер беру тәртібіндегі өзгерістер, жалғасы

  • Инвестициялық кәсіпорындар (ҚЕХС-на(IFRS) түзетулер 10 «Шоғырландырылған қаржылық есеп», ҚЕХС (IFRS) 12 «Басқа компанияларда қатысу үлесі туралы ақпарат ашу» және ҚЕХС (IAS) 27 «Бөлек қаржылық есеп» ((i)қара);

  • Қаржылық активтер мен қаржылық міндетемелердің өзара есептесуі (ҚЕХС-на (IAS) түзетулер 32 «Қаржылық құралдар: ақпарат беру» ((ii) қара).

  • Қаржылық емес активтер үшін орнына салынған сома туралы ақпарат ашу – ҚЕХС-на (IAS) түзетулер 36 “Активтерді құнсыздандыру” ((iii) қара)

Көрсетілген өзгерістердің сипаты мен әсері төменде берілген.

(i) Инвестициялық кәсіпорындар


Осы түзетулер ҚЕХС-на (IFRS) 10 сәйкес инвестициялық кәсіпорындар анықтамасын қанағаттандыратын кәсіпорын үшін шоғырландыруға қатысты талабынан алып тастауды қарастырады. Талаптан шоғырландыруға қатысты алып тастауына байланысты инвестициялық кәсіпорындар еншілес кәсіпорынды әділ бағасы бойынша есепке алуы керек, өзгерістері кезеңдегі шығын немесе кіріс құрамында көрсетіледі.

(ii) Қаржылық активтер мен қаржылық міндетемелердің өзара есептесуі


ҚЕХС-на (IAS) түзетулер 32 Поправки к МСФО (IAS) 32 «Қаржылық құралдар: ақпарат беру» – «Қаржылық активтер мен қаржылық міндетемелердің өзара есептесуі» қаржылық активтер мен қаржылық міндетемелердің өзара есептесуіне жаңа ережелер енгізілмеген, бірақ өзара есептесу көрсеткіштеріне қолданғандағы сәйкессіздікті жою мақсатында түсініктемелер береді. Түзетулер кәсіпорынның осы уақытта, егер бұл құқық келешектегі жағдайларға тәуелді болмаса, өзара есептесу жасауға толық заңды құқығы бар, сонымен қатар, ағымдағы шаруашылық істерін жүзеге асыру барысында және кәсіпорын мен оның барлық контрагенті бакроттыққа немесе өтеу қабілетсіздігіне ұшыраса, міндеттемелерін орындай алмайтын (дефолт) жағдайда да толық құқықты болатынын нақтылайды.

Топ осы түзетулер шоғырландырылған қаржылық есепке айтарлықтай ықпал жасамайды деп санайды, себебі Топ қаржылық жағдай жөніндегі шоғырландырылған есептің негізінде » қаржылық активтер мен қаржылық міндетемелерді көрсетпеген.



(iii) Қаржылық емес активтер үшін орнына салынған сома туралы ақпарат ашу

Бұл түзетулер, егер ақшалай қаражат ағымын өсіруші бірлікке гудвил немесе пайдалану мерзімі нақтыланбаған материалдық емес активтер енгізілсе және құнсыздандырылмаса, орнына салынған туралы ақпарат ашу талабының күшін жояды,



3 ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Бұдан әрі сипатталатын есептік саясат ережелері Топтың кәсіпорындарының шоғырландырылған қаржылық есебінің барлық кезеңдерінде, 2 (д) ескертуінде көрсетілген есептік саясаттағы өзгеріске қатысты нақты ерекшеліктерді санамағанда, дәйекті қолданылған.



(а) Шоғырландыру қағидалары

(i) Бизнесті біріктіру бойынша келісім


Бизнесті біріктіру бойынша келісім алған күннен бастап, атап айтқанда, Топтың бақылауына өткен күннен саналады.

Топ гудвил табыстың күніне төмендегідей бағалайды:



  • өткізілген өтеудің әділ құны; қосу

  • мойындалған алынатын кәсіпорынның бақыланбайтын үлесінің сомасы; қосу

  • алынатын кәсіпорын капиталында бар үлестің әділ құны,егер бизнесті біріктіру келісімі кезең-кезеңімен жүзеге асса; алу

  • қабылданған міндеттемелерді санамағанда алынған активтердің сомасына (әділ құнына) сәйкестендірілген мойындалған таза көлемі.

Егер сол айырмашылық жағымсыз аумақпен білдірсе, онда сол кезеңдегі табыс пен шығын құрамында пайдалы алу кірісі мойындалады.

Орнына берілген сома құрамына бұрын болған қатынасты реттеуге тиесілі сома саналмайды. Ондай сомалар кезеңдегі табыс пен шығынның құрамының жалпы жағдайында саналады.

Бизнесті біріктіру бойынша келісімі нәтижесінде жұмсалған Топ шығыстары қарыз немесе үлестік құнды қағаз шығарумен байланысты шығыстан басқасы туындау мөлшеріне қарай қарастырылады.

Кез келген шартты өтеу алынған күнінен әділ құны бойынша мойындалады. Егер шартты өтеу капитал бөлігі ретінде жіктелсе, кейін оның көлемі қайта бағаланбайды, оның өтемі капитал құрамында қамтылады. салаланса, сол оның көлемі салдарынан қайта бағаланады, ал оның төлемі аралық құрам қаржысында қамтылады. Әйтпесе шартты өтеудің әділ құнының өзгерістері кезеңдегі пайданың немесе шығынның құрамында қарастырылады.



(ii) Бақыланбайтын үлестер

Бақыланбайтын үлестер кәсіпорынның алынған күнінен таза активінің пропорционал бөлігі болып бағаланады.

Бақылау шығынына соқтырмаған Топ үлесінің еншілес кәсіпорындағы өзгерістері капиталдағы келісімдер ретінде саналады.


ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ

(а) Шоғырландыру қағидалары, жалғасы

(iii) Еншілес кәсіпорындар

Топ бақылауындағы кәсіпорындар еншілес болып саналады. Топ инвестицияның нысанының қатысуынан айнымалы табысқа байланысты немесе табыс алу құқығына қауіпке душар болғанда еншілес кәсіпорынды бақылайды және аталған кәсіпорынға қатысты табыс көлемін өсіру мақсатымен өз өкілдігінің мүмкіндігін қолданады. Еншілес кәсіпорынның қаржылық есеп көрсеткіштері бақылауға алынған күннен оның тоқтатылған күніне дейін шоғырландырылған қаржылық есеп құрамында көрсетіледі. Еншілес кәсіпорынның есептік саясаты Топ қабылдаған есептік саясатқа сәйкестендіру қажет болған жағдайда ғана өзгерістерге ұшырайды. Еншілес кәсіпорынның бақыланбайтын үлесіндегі шығындар толығымен, тіпті бұл шотта қарыз қалдық туындаса да бақыланбайтын үлес шотына кіреді.


(iv) Жалпы бақылаудағы кәсіпорыннан бизнес алу


Топты тексеретін акционердің бақылауындағы кәсіпорын үлесін беру нәтижесінде туындаған бизнесті біріктіру бойынша келісім тапсырылған есептегі салыстырмалы кезең немесе жалпы бақылау тағайындалған күннен, егер соңғы кешірек болғанына қарамастан, сәйкестендірілген мәміле болып саналады, осы мақсаттар үшін салыстырмалы деректер қайта есептеледі. Алынған активтер мен міндеттемелер Топты бақылаушы акционердің шоғырландырылған қаржылық есебінде көрсетілген бұрынғы баланстық құнымен саналады, Алынған кәсіпорын капиталының құрылымдары, жарғылық капиталдан басқасы, Топтың қосымша капиталының бөлігі болып саналатын капитал құрамына сәйкестендіріліп құрылады. Алу бойынша келісімде төленген кез келген ақшалай қаражат сомасы капитал құрамында көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет