ғылым, ол сезіммен
қабылдауға және рационалды, яғни парасатты ойға
негізделеді. Бірақ ғылымның
дәлелдері тура болмағандықтан, ол кӛп уақыт
бойы қабылданбады. Сол себепті ол адамзаттың
жанының ізгі бастауларын
қалыптастыруға негіз бола алмады. Үшінші анық –
жан, оның
субстанционалдық
негізін ар-ұят құрайды. Ар-ұят адам жанының
қажеттілігі, адамның жанын адамгершілік
кемшіліктерден тазартып, әділ
жолға салады.
«Ұмытылғанның хаттарында» Шәкәрім жақсы ӛмірге
адал еңбек
пен
нұрлы ақыл және
таза жүрек қана негіз болуы керек деп кӛрсетеді. Бұл
үш қасиет барлығынан үстем, себебі оларсыз ӛмірде бейбітшілік пен бірлікке
қол жеткізу мүмкін емес. Ӛзіндік кӛзқарастарымен жұртшылықты ӛзіне
қаратқан ойшылдың философиясы «шынайы сенім мен ғылымды,
білімді
және дінді салыстыру негізінде қалыптасты» (О.А.Сегізбаев). Кеңес
заманында мұндай кӛзқарас бүлікшіл кӛзқарас
деп саналды және ол
кӛзқарасты бӛліскен кез келген адам қауіпті адамдар қатарына қосылды.
Бірақ Шәкәрімге ол кедергі болмады. Ол жазып қана қоймады, ӛзінің
еңбектерін газет-жорнал беттерінде жариялап тұрды.
Оның еңбегін
әділеттілік үшін және халқы үшін істеген азаматтық ерлік деуге болады
(О.А.Сегізбаев).
Достарыңызбен бөлісу: