Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет21/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   217
философия хасанов

 Будда уағыздары – бұл елдің миллиондаған адамдары бірде-бір 
жанды денені ӛлтірмеуі керек, ӛзге біреудің затын алуға болмайды, басқа 
біреудің әйеліне жақындауға болмайды, ӛтірік айтпау керек, шарап ішуге 
болмайды. Бұл этикалық ұстанымдар әр түрлі елдер мен халықтардың 
мәдени дәстүрлеріне еш кедергі келтірмейді, олармен және олардың ұлттық 
салт-дәстүріне жеңіл араласып кете алады. Бұл қазір ӛзіміз бақылап отырған 
жергілікті Құдайларға арналған. Осылай, осы уақытта да аталған 
мемлекеттерде Буддизмнің мынадай ұлттық формалары пайда болды: 
Будданың таза жер мектептері, тяньтай, хуаянь-цзун, тэндай, кэгон, 
амидаизм, дзэн, гелукпа және басқалар. Бұдан басқа Будда ӛзге Құдайларды 
жоққа шығармады және оқушыларының оларға табынуларына шек 
келтірмеді. Сондықтан буддист бір уақытта даосизм, синтоизм және басқа да 
діндерге сене алады.
2.8. Чарвака (локаята) 
Чарвака мектебі (локаята) ӛзінің материалистік кӛзқарастарында 
анағұрлым ӛз жолын ұстаушы. Бұл оқу ӛз бастауын кӛне дана Локидің ұлы, 
Құдайлар оқытушысы Брихаспатиден алады. Махабхарат пен Упанишадам 
келіскендей титандар(Құдайлар жаулары) ортасында, осы оқу жолымен, олар 
ӛлді деген материалистік кӛзқарасты насихаттады. Бізге дейін бұл мектеп 
ӛкілдерінің кӛзқарасы жүйесіз түрде, буддист, джайнист, ведант 
авторларының әңгімелеуімен, сондай-ақ ортағасырлық философиялық 
трактаттар түрінде жетті. Бұл мектеп тыңдармандары басқа мектеп оқуларын 
мойындамады. «Чарвака» сӛзінің ӛзі үнділердің бірнеше ұрпақтары үшін 
қарсы пікірді тудырды; чарвактарды түсінбегендік емес, оларды ешкім жақсы 
кӛрмеді. Оларды үнді жерінде басқа материалистік оқудың ӛкілдері Веда 
таныған құбылыстарды қабылдамағандары үшін «настиктер» (қарама-
қарсылар) деп атады. Скептицизм – дегеніміз бағалауды ӛзгертусіз, дәстүрлі, 
ақылды қабылдаудан бас тартатын, ақыл еркіндігінің пайда болуы. 
Үнді философиясында чарвака бағытының қағидалары қарапайым 
адамдардың арасында кең тарағанға ұқсайды. «Осы ӛмірде бақытты болуға 
тырысайық!» Ӛлмейтіндер бұл ӛмірде жоқ екен. Ол ӛлген сәтте күлге 
айналады. Қалайша, ол бұл ӛмірге тағы келеді. Олай болса, чарвактар ӛмірдің 
мәнін байлық пен ләззат алудан кӛрген, олар о дүниені мойындамаған.
Дүниеге құмарту, одан ләззат алудан ол бізге зардап әкеледі деп неге 
қашамыз? Біз ӛмірден ләззат алып, зардаптан құтылуымызға болады.
Олардың оқуында маңызды орынды таным теориясы алады. 
Локаятиктер біздің уақытымызда да күрделі, ӛзекті болып отырған 
мәселелерді қарастырады: – шынайы таным шекарасы қайда, білім мәні неде, 


нақты білім кӛзі болып не табылады, жалпы талдаудың шынайы 
критерийлері. Нақты білім қабылдау арқылы алынады. Және бұл – «дұрыс» 
білімнің 
жалғыз 
кӛзі. 
Ал 
танымның 
ӛзге 
әдістері 
қателіктен 
сақтандырылмаған.
Локаятиктер орта ғасырдағы Үнді жеріндегі жалғыз реалистік және 
жаратылыстану ғылымдарының қатаң онтологиялық мектебі болды. VIII-XI 
ғғ. Үнді философиясының кез келген жүйесі олардың кӛзқарастарын теріске 
шығаруға тырысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет