2.7. Буддизм
Буддизм – Үнді елінде пайда болып, дүниежүзілік үшінші дінге
айналған. Философия ілімі – буддизм.
Буддизмнің негізін қалаған Үнді елінің шакья тайпасынан шыққан
Гаутама Сидхартха (б.д.д. 621-544 жж.).
1)
Будда жӛніндегі аңыздарға қарағанда, ол үлкен гүлдеген бақтың
ішінде туып-ӛсіп, тәрбиеленіпті. Үйленіп, балалы болыпты.
Бірақ күндердің бір күнінде қалаға келіп, халықтың шексіз зардабын
кӛріп, 29 жасында тәтті ӛмірден бас тартып, ел аралап кетеді. Қаншама ел
кезіп, ӛзінің тәнін қинап, ел кезген брахмандармен сұхбаттасып, дүниенің
терең мәнін іздейді.
Бірақ, одан еш нәрсе шықпағаннан кейін, ол адамның зардап шегуінің
себебі неде және одан қалай құтылу керектігі жӛнінде ойланады.
2) Герман Гессе бойынша, ол ата-анасының үйінің жаныда, ӛзен
жағалауында, орман кӛлеңкесінде Брахманың ұлымен, яғни досымен бірге
ӛседі. Құрбандық шалу жеткілікті ме? Сол құрбандық шалғандар бақытты
ма? Ал Құдайлар ше? Дүниенің негізін салған Атман емес, Праджапати
болды ма? Ол жалғыз, бәрі бірдей ме? Атманды қайдан іздеуге болады?
Оның мәңгілік жүрегі қайда соғады? Ӛзінде болмаса, қайда?
3) Бенгаль вайшнавизмімен келіскен – ол Вишна Құдайының
тоғызыншы аваторы.
Гаутама әркім жарыққа қол жеткізе алады, немесе әркім «Будда
табиғатын» иелене алады деп оқытты. Әркімде ақыл бар, ол дегеніміз, яғни
әркімнің түсіну және білу қабілеті бар. Әркімнің жүрегі бар, ол дегеніміз
ӛзгелерге деген сезімнің барлығы. Әркім сӛйлесу қабілетіне және әрекет
етудің
нақты
деңгейлік
қуатына
ие.
Бодхисаттва
ізін
жалғастырушылардың әрбірі (яғни, ойлау мен маңыраю арқылы), ӛзін
толығымен ӛзгелерге кӛмектесуге арнай отырып, ақиқатқа қол жеткізе алуы,
құтқарудың дұрыс жол табуы мүмкін.
Будда адамдардың қабілеттері мен қабылдауларының әртүрлілігін
түсініп, бір ғана догмалық жүйені ұсынбай, әр түрлі жүйелер мен әдістерге
оқытты. Ол осы жүйелерді ӛз тәжірибелерінде тексеруге және сенімге
берілмеулеріне кеңес берді. Исус Христосты оқыған жағдайдағы сияқты,
Будданың ӛмірінде еш нәрсе жазылмаған. Оның кетуінен кейін бірнеше
айдан соң оның 500 оқушысы жиналды (кейінде бұл жиналысты – Бірінші
Будда кеңесі) деп атады. Оқушылар естерінде қалған қасиетті мәтіндерден
үзінділер айтып жүрді. «Трипитака» («Үш себет») атты мәтіндер жинағы
есте сақталғандар бойынша және ерте кезде ресми бекітілген, ал кейінде
жазылды. Мысалы, палий каноны б.д.д. ғасырда Шри-Ланкада жазылған.
Оның себебі, ол кезде жазу үлгілері тек коммерциялық және әкімшілік
әрекеттер үшін ғана пайдаланылып, ғылыми білімде пайдаланылған жоқ.
Мәтіндер есте ғана сақталды, тіпті сопыханаларда олардың есте сақталуына
жауапты адамдар да болды.
Собор шақырылғаннан кейін Раджагрихте б.д.д. 447 ж. Вайшавиде
б.д.д. 367 ж. Паталирутрде б.д.д. III ғасырда бұл оқу екіге бӛлінді. Олар –
Достарыңызбен бөлісу: |