Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет63/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   217
философия хасанов

таңғажайып деп таныды, әлемде пайда болған әрбір заттың ӛзіндік орны, 
атқаратын ӛз міндеті бар және ол жаралған басқа нәрселермен тығыз 
байланыста.
Әйгілі Василийдің ағасы Григорий Нисский (335-394 жж.) «Адам 
жаратылысы» атты еңбегінде адам Құдайдың қалауымен жаратылған, бас 
еркіндігі мен саналы сезімге ие тұлға деп тұжырымдайды. Яғни адамның 
ӛлетін тәні және ӛлмейтін рухы бар тұлға болғандықтан, ол кӛзге кӛрінетін 
және кӛзге кӛрінбейтін екі әлемнің байланысы.
Адам – жан мен материяның арасындағы, тән мен жанның байланысы. 
Құдай адамның жанында ғана орын табады. Жаратушы бізге еңбек, махаббат, 
еңбек, әділдік, сұлулық және жақсылық беріп жарылқаған.
Діни философияның ең кеш дамыған түрі – гнестоцизм. Оның 
ізбасарлары Василид, Валентин, Маркион және т.б. «гносис» (сана) терминін 
қолданған. Мұндай түсініктеме эллинистік және шығыс тілдерінде кездеседі. 
Гносиктердің ең басты объектісі Құдай бар, сондай-ақ ол адам жанының 
құтқарылуымен 
байланысты. 
Христиандықтардың 
қызғанушыларына 
ұнамайтын жақтары да болды, «бұл әлем жамандықтан тұрады, оны Құдай 
жаратпаған, ол Демиургтен пайда болған» дейді. Ал Христосты кӛктен 
түскен тәні бар тұлға деп санаған. Гностицизм бойынша Құдай мен адамдар 
эондар деп аталады, яғни әлемнің тұрақты бір бӛлшегі. Адам жамандық жоқ 
басқа бір әлемнен пайда болған. Бұл әлемде біз қуғындамыз, біздің 
Отанымыз – басқа әлемде.
Мұндай пайымдаулар әрине «еретиктерге», шіркеу қызметшілеріне 
ұнамады. Гностиктердің ойы бойынша, ғылым – Христос пен бірнеше 
шәкірттеріне ашылған құпия. Гностиктердің осы ойлары туралы еңбектер 
1945 ж. Египетте табылған «Апокрифтің жаңа заветтерінде» кездеседі. Ол 
ӛткен ғасырдың 70-жылдарында тұңғыш рет жарық кӛрді. 
Жарық пен қараңғының, жақсылық пен жамандықтың, материя мен 
жанның күресі гностиктерге тән. Гностицизмнің тағы бір ерекшелігі 
теодицея, доктрина болады, олар «егер Құдай адамға мейірімді әрі әділ 
болса, неге жауыздық та бар?» деген сияқты сұрақтарды шешеді. Осындай 
сұрақтарды шеше отырып, гностиктер Құдай – жаратушы және Құдай – 
жазалаушы деген пайымдауларды енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет