апокатастаси ілімі жайында – құдіретті игілік пен қайырымдылықтың
шексіздігінің арқасындағы барша жанның соның ішінде ібілістің де қашып
құтыла алмайтын құтқарылуы.
III ғасырдың аяғы мен IV ғасырдың басында шіркеуде Христостың
бойындағы адамдық және құдіреттілік мағынасының бірігіп келуі қызу
талқыланады. Пресвитер Арий (256-336 жж.) Христосты мінсіз ӛнегеліктің
жоғары деңгейіне жатқызады, бірақ оның құдіреттілігін мойындамайды.
Диакон Афанасий (296-373 жж.) Құдайда бар құдірет оның ұлында да бар
деген баяндама қалдырды. Осы сұрақ жайындағы таластың қорытындысы
Никилік (325 ж.) және Халкидондық (451 ж.) соборларда Афанасий мен Арий
арасында шешілді. Құдайдың, Құдай ұлының және Әулие Рухының жалғыздығы жайындағы баяндама ресми түрде бекітіліп, бұдан бұлай шіркеу
заңы болды, ол бойынша Христосты бойында құдіретті және адами
табиғатының бірігуі бар. Үшбірлік туралы баяндама абсолютті ізгіліктің,
абсолютті білімдарлық пен абсолютті құдіреттіліктің иесі Құдайдың жалғыз
екендігі жайындағы иудаизмдегі пісіп жетілген пікірді ары қарай дамытады.
Барлық тірі ағзалар мен заттар оның жаратылысы болып табылады, барлығы
құдіретті еріктің еркін әрекетімен жаратылған.
Теологтарға сәйкес христиандықтың екі орталық догматы Құдайдың
үшбірлігі және Құдайға сену жайында айтады.
Каппадокийліктер басшысы Әйгілі Василийдің(330-379 жж.)
«Гомилии на Шестоднев» (Құдайдың жерді алты күнде жаратқаны туралы) трактатында ең басты Болмыс Кітабының (Книга Бытия) бірінші
бӛліміне кеңінен түсініктеме берілген. Мұнда христиандық бір Құдайға сену,
«Құдай» ұғымына сипаттама беріледі. Василий материядан жаралғанымызды
теріске шығарып, жамандық әлемге материядан пайда болғанын, Құдай жаңа
ӛмір, әлемді жоқ нәрседен құра алады, мұнда жамандық болмайды деп
пайымдаған. Василий жамандыққа табиғи апаттарды, кедейшілікті, ауруды,
ӛлімді қоспайды.
Әлемнің пайда болуын христиандық постулаттарында әжептеуір
мәселеге айналдырған. Василийдің айтуы бойынша, табиғи заттардың әлемді
ӛзіндік орны бар, олар пайда болатын және жойылатын уақыты болады,