Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


Ақын Данте Алигьери (1265-1321 жж.)



Pdf көрінісі
бет84/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   217
философия хасанов

Ақын Данте Алигьери (1265-1321 жж.) Қайта ӛрлеу дәуірінің атасы 
деп саналады. Ӛзінің «Құдіретті комедиясында», «Жаңа ӛмір», «Пир», 
«Монархия» атты еңбектерінде ол – адамзаттың бастауын бірліктен табады. 
Адам ӛз бойындағы жеке қасиеттерге, ақыл-ойына, ӛз бақытына жауапты.Ол 
үшін жұмаққа апаратын оның діни сауаты мен жер бетіндегінің барлығын 
білетін антикалық ойшыл, оратор және ақын Вергилий болып табылады. 
«Құдіретті комедияның» персонаждары Сигер, Брабантский, Фома Аквин-
ский, Демокрит, Сократ, Платон. Ал осы ӛмірдің картинасын ол 
неоплатонизм бағытында суреттейді. 
Данте неоплатонизмге сүйене отырып, қоршаған ортаны, табиғатты 
адамнан бӛліп-жарып қарамайды. Оның пайымдауынша, адам табиғи 
құндылықты жерден, қоршаған ортадан алса, рухани құндылықты діннен, 
Құдайға сыйынудан алады. Философия – мемлекет басқаруда, ал шіркеу – 
Тәңірлік хандыққа жол сілтеуші. Монарх шіркеуге тәуелді болмауы керек, ал 
адам ӛмірінің мәні аскетизмде емес, ӛмірдің жергілікті шартын 
жетілдіруде.
Философияда гуманистік бағыттың негізін қалағандардың бірі 
Франческо Петрарка (1304-1374 жж.) болып саналады. «Әмбебап адамға» 
саятын ол ӛзін саясат, әдебиет, поэзия, ғылым, риторика, философия 
ғылымдарында жақсы таныта білді. Петрарка Еуропада жоғары білімді адам 
атану үшін оқуға міндетті болып табылатын «грек-рим адамгершілігі» 
мектебін алғаш ашқан. Ол Еуропалық поэзияда махаббат ұғымының жаңа 
мағынасын «ашқан». «Менің құпиям» атты тамаша бикешке арналған 
еңбегінде – «Донна Лаураның ӛмірі үшін», «Донна Лаураның ӛлімі үшін» 
жолдарында Франческо махаббат тек ӛкініштің бұлағы емес, сонымен қатар 
ол арқылы ӛмірге деген құлшынысты арттыуға болатындығын кӛрсетті. 
Петрарка әдебиеттің, ӛнердің жаңашылдығын ашу үшін соқыр ойларға 
емес антикалық ӛрлеуге ой салу керектігін бекітті. Ӛзінің «Ӛзіндік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет