Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


Авиценна (Ибн Сина) (980-1037 жж.)



Pdf көрінісі
бет81/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   217
философия хасанов

Авиценна (Ибн Сина) (980-1037 жж.) шығыс философиясының және 
медицинасының патшасы саналады. Оның 18 бӛлімнен тұратын «Сауығу 
кітабы» атты философиялық шығармасы логика, физика, математика, 
философия салаларын қамтиды. Осы энциклопедиялық еңбегі XII ғ. батыс 
философиясының ӛркендеуіне үлкен септігін тигізген баға жетпес білім 
кӛзіне айналды. 
Авиценна ӛзінің трактатында Аристотель философиясымен ғана 
шектелмей, Құдай, табиғат, әлем мен заттардың жаратылысы туралы ӛзіндік 
ой қосады. Ол барлық жанды затты Құдайдың уақыттан тысқары жағдай 
туғызуына байланысты жаратылды дейді. Аристотель ойы бойынша, Құдай – 
«ойлау туралы ой», ойлаудың нағыз биік шыңы.
«Философия әміршісі» тек терең білім арқылы Құдайға жол табуға 
болады. Ол ғылымның ӛзіндік тобын құрды: теориялық ғылымдар шын 
мәнінде адамдардың іс-әрекеттерімен байланысты емес, бірақ әлемде ӛзіндік 
жол табуға кӛмектеседі. Оларға – ғылымдардың жоғары сатысы, жеке 
ғылымдардың бастауы бола білетін (арифметика, геометрия, оптика, 


астрономия, музыка) математика, ал ғылымдардың тӛменгі сатысы – физика. 
Бұл табиғат туралы ғылым. Бұл сатыны «тәжрибиелік» ғылымдар аяқтайды: 
этика (адамдардың әдебі туралы), экономика (шаруашылықты жүргізу 
туралы), саясат (мемлекетті басқару туралы). 
Шығыс және Еуропа елдерінде Авиценнаның «Медициналық 
каноны» – толық аты «Дәрігерлік ғылымның каноны» үлкен сұранысқа ие 
болды. ХІІ ғ. оны Г. Кремонский латын тіліне, кейін басқа да еуропа 
елдерінің тіліне аударылды. Бұл медициналық энциклопедия 40 рет 
басылымға шығып, Еуропа елінде Библиядан кейінгі ең кӛп оқылатын кітап 
болды. Бұл кітап бойынша бірнеше ғасырлар бойы (ХІХ ғ. қосқанда) Еуропа 
елдерінің университеттері теория мен дәрігерлік практикаға үйретті.
Егер Авиценнаны шығыс философиясының патшасы атаса, батыстың 
араб-мұсылман философиясының патшасы деп Испанияның Кордовасынан 
шыққан Ибн Рушдты атаған (1126-1198 жж.) Бұл әмбебап оқымысты еді: 
дәрігер, құқықтанушы, теолог, математик, философ-перипатетик. Оның 
трактаттары бізге ислам теологтары тарапынан жоққа шығарылып, испан 
еврейлері арқылы жеткен. 
Ол орта ғасыр перипатетиктерінің ӛзекті мәселесіне айналған сенім мен 
білімнің, дін мен ғылымның рационалистік бағытын зерттеген. 
Гносеологияны зерттеуде Аверроэс пассивті және активті сана деп бӛледі. 
Пассивті сана адамнан, оның ынтасынан бӛліп қарастырылмайды. Активті 
сана жалпыға ортақ және ол мәңгілік. Жалпы ой-сананы ғажайып санмен 
қатар алып қарастырамыз. Жеке тұлғалардың санасы жалпыадамзаттық 
санамен байланысты. 
Бұндай тұжырымдамалар догматикаға берілген теологтардың ызасын 
келтірді. Олар Авиценнаны Құдайға сенбейтін, еретист деп атады.Олармен 
қоса, перипатетиктердің іліміне қарсы шығып, олардың мәңгілік әлем және 
ғаламның жаратылмағандығы туралы ойларын теріске шығарған Әл-
Ғазалидің «Философтарды теріске шығару» атты еңбегін негізге ала отырып, 
Ибн Рушд «Теріске шығаруды теріске шығару» еңбегін жазады. 
Философияны ортодоксальды мұсылмандықтан қорғай отырып, бұл 
еңбегінде философияның теологияға тәуелді еместігін айтады. Ой-сананы 
ӛрістететін философияда қарастырылатын мәселелер мұсылмандық 
шарттармен шешілмейді. Ибн Рушд «дінді философиялық дәрежеге кӛтеру 
керек», осылайша діни мәтіндер философияның арқасында құпталады деп, 
«екіжақты ақиқат» концепциясын құрды. 
Бұнымен Шығыстың соңғы перипатетигі сенімді еді. Осы жігерлі 
рационализмі үшін ол мұсылмандық андуалзимнің құрбанына айналып, 
тарихта жазылғандай уланып ӛлтірілген еді. Бірақ, оның идеялары бірнеше 
онжылдықтан кейін Сигер Брабатский, Роджер Бэкон және т.б. Батыс Еуропа 
елдерінің ойшылдары кӛмегімен жүзеге асты. Шығыстың араб-мұсылман 
философиясы Платоннан – Аристотельге дейін, Авэрроэсадан – Еуропа 
елдеріне кеңінен жайылды.
Түркі мәдениеті мен философиясындағы рационалдық дәстүрде ХІ 
ғасырдың кӛрнекті ӛкілі, ғұлама ғалым «Құтты біліктей» терең 


философиялық мұра қалдырған Жүсіп Баласағұнның орны ерекше. Орта 
ғасыр 
философы 
«шығыс 
пантеизмінде 
сопылық 
идеологияның» 
концепциясын жақтады.
Билікті бір қолға жинау, мемлекетті барынша 
орталықтандыру үшін тарихи қажеттіліктен туған туынды. Сондықтан бұл 
еңбекті мемлекеттік басқару саясаты, заң ережелері, халықтың мінез-құлқы 
мен салт-санасы, әдет-ғұрыптары негізінде барша прициптерді ӛз бойына 
жинақтаған энциклопедия деп атауға болады. «Құтты біліктің» тақырыбы, 
мазмұны негізінен бақыт, әділет, ақыл, қанағат сияқты мораль 
философиясындағы басты ұғымдарға балама ретінде алынған. Орта ғасыр 
философының негізгі туындысы «Құтты біліктегі» кӛзқарасы орта ғасырдағы 
Ресейдің «Домострой» энциклопедиясындағы айтылған оймен ӛте ұқсас 
келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет