Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


туралы еңбегінде материяны негізгі санайды «Интеллект туралы»



Pdf көрінісі
бет80/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   217
философия хасанов

туралы еңбегінде материяны негізгі санайды «Интеллект туралы» 
трактатында ақыл-ойдың классификациясын атады және ол Аристотельдің 
«Жан туралы» еңбегін келттіреді. Киндидің ойынша, белсенді интеллект 
– бұл ойдың мазмұнынан құрылған әлемдік логос. Ол шынайылықты 
іздеуден артық ешнәрсе жоқ дегенді ұстанды. Интеллект туралы ұғымын 
жалғастырушылар әл-Фараби мен Ибн Сина болды. 
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-
Фараби (870-950 жж.) философияда әл-Киндимен қоса, Аристотельдің ізін 
қуып, басып озған. Фараби кӛптеген антикалық философтарды сынап, 
жетістікке жеткен; аударды, жинады және Аристотельдің «Органонын» 
жинақтап, ортағасырлық идеологияның сұранысы бойынша Стагириттің 
логикалық ілімдерін жетілдіріп, оған пікір жазған. Оның музыка, логика және 
басқа да ғылым салаларын жеткілікті меңгергені соншалық, оны әлі күнге 
дейін Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз», яғни біріншіні басып озды деп 
атайды. 
Ғылым саларында ол метафизикаға кӛп кӛңіл бӛліп, оны «ғажайып 
ғылым» деп атаған, ал ол пән жаратылысты зерттейтін болғандықтан 
алдымен Аллаһты басты негізге алады. Фараби, Құдайды тану тек 
философтардың қолынан келеді дейді.
Оның топтастырған ілімі бойынша бірінші орында – тіл туралы ғылым, 
яғни грамматика, екіншісі – логика. Фараби үшін – логика жай ғана ілім емес, 
ол – грамматикамен ұштасып жатқан ӛнер. «Логиканың парасаттылықпен 
және ақылымыз жететін объектілермен байланысы, грамматиканың тілмен 
байланыстылығы сияқты» дейді. Логика – негізінде аристотельдік «Органон» 
заңдары жатқан дұрыс ойлай білу ғылымы. Ол – кез келген ғылымды игере 
алуға кӛмекші. 


Үшінші бӛлім, бүтін ғылым саласының жиынтығы негізделетін 
математика: арифметика, оптика, астрономия, астрология. Фараби 
арифметика мен геометрияны теоретикалық және салыстырмалы деп бӛледі. 
Бұл ол ӛмір сүрген дәуірдің ғылым деңгейін кӛрсетеді. Оның «жұлдыздар 
туралы ғылымына» астрономия, астрология, физикалық география салалары 
кіреді, яғни Жердің тіршілігі бар және жоқ жерлері туралы ілім.
Тӛртінші, қорытынды бӛлімде гносеология мен онтология негізге 
алынып жазылған физика және метафизика қарастырылады. Келесі 
бӛлімдерде музыка, ауырлық күші ғылымы, құрылыс ӛнері қарастырылған. 
Бұлар тіпті, Фараби зерттеген салалардың жартысы ғана, аталған ғылым 
салалары антикалық және ортағасырлық философиямен салыстырғанда 
шығыс перепатетиктерінің әлдеқайда алда екендігін аңғартады. 
Фараби, адамгершіліктің басты мақсаты – бақыт дейді. Оны танымсыз 
және еріксіз тану мүмкін емес. Ерік – сезіммен, еркіндік – логикалық ой-
санамен байланысты. «Қайырымды қала тұрғындары» трактатында Платон 
мен Аристотельдің ізін жалғастырып, ӛзі құрған идеалды мемлекет моделін 
ұсынады. Бӛлектенген қалада адамдардың жақсылық жасауы, бақытқа жетуі 
оңайырақ. Осындай мемлекеттің саяси құрылымын адамдардың дене 
мүшелері қалай берік орналасса, сол секілді мемлекетте де бірлік 
болатындығын аңғартады. Адамдардың осындай ой-санасы оны жақсылық 
жасауға, жақсы мен жаманды ажырата білуге мүмкіндік береді. Мемлекеттің 
барлық іс-әрекеті сол мемлекет тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз 
етуге бағытталуы керек. Осы мәселелерді шешу үшін мемлекет басында 
адамгершілігі мол, ерік-жігері мықты адам отыруы керек. Ол рухани және 
зайырлы билік құрып, жақсы, рухани және дене жағынан сау, ақылды болуы 
тиіс. Осындай басшы халықтың ғылымға деген құштарлығын ашып, 
басқаларға жанашыр болуға, ғылымның дамуына ықпалын тигізеді. Фараби 
осындай қайырымды қала тұрғындары нағыз бақытқа біріге отырып жете 
алады дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет