формалары ретіндегі Канттың уақыт пен кеңістік туралы ойларын сынға
ұшыратты.
Олардың ойынша,
уақыт пен кеңістіктің мәні сезіммен
пайымдаудың априорлық формалары болуында емес, ойлаудың
формалары болуында.
Марбурлықтар
танымдық
әрекет
барысындағы
шындықтың
практикалық та емес, тіпті материалдық тәжірибенің де емес, теориялық
және логикалық ӛлшемдерінің маңызды рӛлін ерекше атап кӛрсетеді. Себебі
практикада және материалдық тәжірибеде кӛптеген
математикалық
абстрактылы теорияларды тексеру мүмкін болмайды. Марбурлықтардың
ғылым тарихын ғылыми ойлар мен мәселелердің ішкі даму логикасынан тыс
түсіну мүмкін болмайтындығы туралы ойлары да ерекше назар аударарлық.
Ғылым тарихындағы адамзаттың ақыл белсенділігінің ӛсуі оның басты
заңдылықтарының бірі болып табылады.
Олардың ғылымды адамзаттың
рухани мәдениетінің ең жоғары формасы деп мойындауына келіспеске
болмас. Шынында да, ұғымдар мен
теорияларда адамның жоғары
шығармашылық қабілеттері объективті сипат алады.
Сонымен бірге, олардың бағдарламаларының кемшілік жақтары да
болды, бұл кемшіліктер олардың философия сахнасының тӛрінен кетуіне
әсер етті. .
Біріншіден, білім мен болмыстың байланысына құрылған
классикалық гносеологиялық мәселелерді қарастырудан бас тартуы оларды
Достарыңызбен бөлісу: