Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет44/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   217
философия хасанов

тұжырымдамасын жасау болып табылады. Мемлекет туралы ілімдер 
«Саясат» және «Заңдарда» кӛрсетілген. Жақын және алыс секілді 
басқалардың кӛмегін қажет ету барысында мемлекет пайда болады. Платон 
қала-мемлекетті құру үшін адам мен оның қоғамдағы орнын соңына дейін 
тануға ұмтылады.
Платонның мінсіз мемлекет үлгісі бұл қоғам, оның басында 
азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық-әскерилерді 
басқаратын 
философ-басқарушылар 
мен 
жерді 
пайдаланушылар, 
қолӛнершілер, саудагерлер секілді ӛндірушілерден тұрады. Қоғамның үш 
қауымға бӛлінуі жан туралы іліммен жанасады, ол да үшке бӛленді. Бұл 
сандардың магиясы пифагорлықпен берілген. Философтарда жанның саналы 
бӛлігі жоғары, әскерилерде қуаты, шаруа, қолӛнерші, саудагерлерде жанның 
элементарлы бӛлігі мен жоғары сыныптарға бағыну қабілеттілігі басым. 
Жанның сананы иеленуі мемлекетпен басқарылуы керек. 


 
 
3.5. Философиялық және ғылыми білімнің алғашқы жүйеленуі: 
Аристотель және перипатетика 
 
Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.) – Платонның шәкірті, олай болса 
Сократ ӛзінің ұстаздары сияқты кез келген анық пікірдің әлсіз жері кімде-кім 
дефинитивті философияның түсіну жолымен жүрсе, соны әдейі 
шектейтіндікте екенін жақсы түсінді. Ол ӛзінің алдына ғылыми құралдарды – 
заңдар мен категорияларды және логиканы қолдана отырып алға қойған 
зерттеу мақсатына жететін әдіс түрін, білім қаруын табу мақсатын қойды.
Аристототель Платонның және Сократтың жолына және ақиқатты 
іздеуде ештеңе кедергі бола алмайтынына сенімді болған. Оның «Платон 
маған дос, бірақ ақиқат маңыздырақ» дейтін сӛзі бар. Жан-жақты 
болғандықтан Аристотель ӛмірін тек философияға арнамады. Біз белгілі 
болғандай, Сократ адам ӛміріндегі философия ӛмір сүру мәдениетіне жету 
екенін анықтады. Ӛз кезегінде Платон осы ойды алға тартады, санаға деген 
сүйіспеншілікті де ӛлтіріп алуға болады «Философия керемет, онымен адам 
жас кезінде тек шектеулі уақытта айналысуы керек, себебі мұнда ұзақ 
тұрақтансаң адам ӛміріне қауіп ... Сен немен айналыссаң да, ӛз ісіңмен 
немесе мемлекет ісімен, сен ел-жұртқа күлкілі боласың, мемлекетке ісіне 
араласқан мемлекеттік күйеу философиялық әңгімелер мен кӛзқарастарға 
араласқаны секілді» дегені бар. Философиямен күрделі араласу зиянды, ол 
адамның жасаған істері мен ой-санасын түсіне алмағандарға зиянды. 
Аристотельдің ӛмірі мен шығармашылығы осылардың айналасында 
болды. Философиядан басқа ол кӛптеген әлеуметтік-ғылыми және тарихи 
зерттеулермен айналысқан. Ӛзінің мектебін құрды (Ликей), ол Аполлон 
Ликей храмының маңында орналасты. Мұнда оқушыларына риторикадан, 
метафизикадан, логикадан сабақ берді, олармен саябақта қыдырып жүріп, 
әңгіме құратын, сондықтан оларды «перипатетиктер» (қыдырымпаздар) деп 
атаған. Бай ғылыми кітапхана жинап, жас Александр Македонскийдің 
тәрбиесімен айналысты. Кӛне Грецияның тарихында орын алған басқару 
формалары жайында мәлімет жинап, оны бір жүйеге келтірді. Ӛзінің «иделды 
мемлекет» жүйесін құрастырды. Сократтың қатесін жасай жаздап, құтылып 
кетті: саяси арпалыстар кезеңінде айыпталды, ӛлім жазасынан құтылу үшін, 
Афиныдан қашуға мәжбүр болды.
Аристотельді (Стагирита) Еуропа мен Шығыста «Бірінші Ұстаз» деп 
атады. Ол ең бірінші болып органикалық синтездерге және феномендердің 
жүйесіне негізделген үлкен ғылыми антикалық жүйені құрды. Сол кезеңде 
болған барлық ғылымдарға классификациясы мен бағасын берді. Онда 150-
ден астам философия мәселелеріне және жаратылыстанудың кейбір 
бӛлімдеріне арналған еңбектері бар.
Аристотельдің шығармалары екі топқа бӛлінеді: «экзотерикалық» – 
диалог формасында құрылған және бәріне арналған және «эзотерикалық» – 
Ликей мектебінің оқушыларына – «перипатетиктерге» арналып жазылған. 


Аристотельдің еңбегін жинастырып, жарыққа шығарған Андроник 
Родосский, ол оны мынандай тақырыптық топтарға бӛлді: 1) Онтология 
сұрақтары (протофилософия, метафизика және т.б.); 2) Жаратылыстану 
ғылымдары, философия табиғаты («Аспан туралы», «Жануарлардың пайда 
болуы туралы», «Метеорология» және т.б.); 3) Этикалық, эстетикалық және 
саяси еңбектері қоғамтанудың кейбір бӛлігін қамтыған; 4) Логика мен 
методология ғылымы.
Аристотельдің ӛзі ғылымды үш бӛлікке бӛлген: 1) Теориялық 
ғылымдар, сананы іздеуге арналған, 2) Практикалық ғылымдар, моральдық 
білімді іздеуге арналған, 3) Продуктивті ғылымдар (қолданбалы) – олардың 
мақсаты бір нәрсені ӛндіру. 
Бәрінен бұрын Аристотель метафизиканы– болмыс туралы ғылымды
сана мен болмыстың бар-жоғын зерттейтін ғылымды бағалаған. Ол 
ғылымдардың арасында эмпирикалық немесе практикалық мақсаттарды 
зерттемейді, сондықтан қашанда еркін. Аристотель: «Барлық ғылым 
адамзатқа қажет, бірақ бірде-біреуі бұдан аса алмайды», – деп айтатын.
Ӛзінің ғылыми жұмыстарында «болмыс» категориясын қолданады, 
Аристотельдің есептеуінше ӛзіндік ӛмір сүре білу «Ӛзіндік тұрақты ӛмір сүре 
білу, осы болмыстың ең басты айырмашылығы». Бұл туралы «Органон» 
еңбегінде жазған (Категория бӛлімінде).
Аристотель болмыстың тӛрт бірінші себептері бар деп санайды: 1) 
формальды (немқұрайлы) себеп; 2) материалдық себеп; 3) болатын себеп; 4) 
қорытындылайтын себеп. Алдыңғы екеуі, форма мен материя, олар мәңгілік 
ӛмірді құрайды. Аристотель осы екі себептің ӛзі жетеді ақиқатқа деп 
есептеген. Осылай дей тұра ол Платонның болмыс туралы түсінігін теріске 
шығарады, болмысты материядан бӛлекке шығарады. Материя элеаттардың 
артынан, Платонмен оны формасы жоқ, пассивті, сана жететін праматерия 
деп түсінеді. Потенциалды болмыстан нақты болмыс пайда болды – шын 
ӛмір, форманың құрылуы және алғашқы материя қажет болды. Форма – 
активті, потенциалды болмыс пен тӛрт алғашқы элементтерден тұрады – от, 
ауа, су және жер (шын сезіммен қабылданатын ӛмір).
Нақты ӛмір ауыспалы, ол қашанда қозғалыста. Оны динамикадан 
қарастырғанда, Аристотель бұл түсініктерді нақты (қозғалмалы) және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет