51
мақұлдады. Страгеияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы
саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісімен
жемқорлықтың төмендеуі үшін «нолдік» төзімділік атмосферасын қалыптастыру
арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.
Болашаққа деген басты үміт біздің – жастар. Мен жастардың алған білімі
оларға өмірде сыбайлас жемқорлық көрінісімен байланыспауға көмектесетініне сенгім
келеді деген елбасы.
Жастар сыбайлас жемқорлыққа төзімді болу үшін моральдық жағынан деңгейі
жоғары болу керек.
Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық,
эстетикалық, діни сана болып
бөлінеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық сананың барлық
нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан
ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы білімді
тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады. Осылайша,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де нысандарымен тікелей
өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және
сипаттамаларды меңгереді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл адамдардың
сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар,
теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы. [1].
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі оның барлық көрінісінде
мүдделер
қақтығысына жағымсыз, төзбеушілік қатынастың призмасы арқылы өмірлік
болмысты көрсетеді, содан кейін жаңғыртады. Ол жалпыға міндетті мінез-құлық
нормаларын белгілеуді талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік
және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және
заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- құлықты
қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды
талап етеді
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы санаға нысандандыру, белгілілік пен кесімділік
тән. Сондай-ақ моральдық және құқықтық міндеттерді орындауға қатаң бақылау
талабы тән. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың рөлі оның танымдық, реттеуші,
бағалаушылық, болжамдық функцияларында көрінеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың танымдық функциясы әлеуметтік
зұлымдық ретінде сыбайлас жемқорлық туралы білімді жинақтау және оның негізінде
адами өзара қарым- қатынастар әлемін одан әрі пайымдау мүмкіндігінен тұрады.
Реттеуші функциясы. Белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы
сана сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері 12 құндылықты бағдарлар
арқылы қоғамдық қатынастардың реттеушісі болады. Осы реттеудің нәтижесі –
сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік болады.
Бағалау функциясы өмірлік тәжірибе мен практика негізінде әлеуметтік өмірдің
әртүрлі жағы мен құбылыстарына тұлғаның белгілі бір эмоционалдық қатынасынан
көрінеді. Моральдық және құқықтық нормалар, моральдық-құқықтық жүйенің басқа
элементтері бағалау объектісіне айналады.
Болжамдық функция моральдық-құқықтық жүйенің болашақтағы жай-күйін,
қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын көре білу мүмкіндігінен тұрады.»[2].
Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана
сияқты рухани мәдениеттің интегративті нысаны болып табылады. Мәдениеттің,
сонымен қатар адам санасындай басымдықтары да бар, әлеуметтік деп айқындалатын
барлығының қалыптасуы мен дамуында атқаратын рөлі де бар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет өз мазмұнына мәдениеттердің барлық
қалған түрлерінің элементтерін қамтиды, бұл олардың тұтастығының жалғыз субъектісі
52
ретінде адамның өзінің табиғатымен байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениеттің ерекшелігі мәдениеттердің барлық түрлерімен өзара байланыста ғана емес.
Оның мазмұны бірінші кезекте құқық пен адамгершілікті қамтиды. Мәдениеттердің
барлық түрлері арасындағы диалог олардың арасындағы тығыз байланыстың барын
белгілейді, олардың өзара толықтырушы рөлін атап өтіп, күшейтеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және
адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілеті.
Осындай адамның
мазмұны құқықтық мәдениет болып табылатыны маңызды. Қазіргі әдебиетте сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мазмұны негізінен құқықтық құрамдас бөлігі ретінде
қарастырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті толықтай құқықтық
мәдениетке апару дұрыс емес. Құқықтық мәдениет мысалы, адамгершілік, саяси
мәдениетпен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тек бөлігі ғана.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл жаппай сана және оның жекелеген
элементтері емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты
қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес келмейтін құндылықтар
жүйесі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адамгершілік пен азғындық (орынды
және орынсыз, мейірімділік пен зұлымдық, пайдалы және пайдасыз), құқықтық және
құқықтық емес, ақылды және ақымақтық тамаша және бейберекет призмасы арқылы
адами қатынастар әлеміне көзқарас.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім –
тұлғаның адамгершілік, зияткерлік,
мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді
азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен
оқытудың үздіксіз процесі». «Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық
ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-
шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де
шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады» [3].
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны
көздейді:
– сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны,
мақсаттары, субъек- тілері,
нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну
ерекшеліктері туралы түсінік;
– моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу;
– құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру; қоғам мүшелерінің сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәжін ынталандыру;
– мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.
Ал «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» – «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен
жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі».
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық,
құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы
тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қазіргі уақытта
шынайы қажетті
құбылыс мәртебесін иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде
қоғамның барлық әрекетке қабілетті мүшелері игеруі тиіс.
Қорытындыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың, тіпті сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейі тұлға мен қоғамның сыбайлас жемқорлықтың
тұрақсыздандыру күшін сезіну дәрежесіне байланысты екенін белгілеуге болады.
53
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің міндеті – сыбайлас жемқорлыққа
нөлдік төзімділікті білім алушы жастардың азаматтық позициясы ретінде бекіту,
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға берік иммунитетті нықтау, оларды
жария түрде жоққа шығару болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: