49
Жастарды
тәрбиелеудегі
кемшіліктер
мен
қателіктер,
мемлекеттік
қызметшілердің сыбайлас жемқорлық ықпал үшін әлсіз
санаттарына тиісті көңіл
бөлмеу аса жағымсыз салдарға әкеледі. Сыбайлас жемқорлық дендеген адамдардың
адуындығы мен арсыздығы, олардың қылмыстық қызметінің нәтижелері адамгершілік
құндылықтарының құнын жояды және қоғамның адамгершілік ұстанымдарын әлсіретуі
мүмкін. Адамгершілік, әділдікке сену, этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау
қажетті жағдайлар кешенін білдіреді. Осы құрамдас бөліктерсіз сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениет қалыптаса алмайды және мемлекеттік жазалау саясаты пәрменді бола
алмайды.
Сыбайлас жемқорлықты қарастырғанда бірінші кезекте: «ол қалай туындайды?,
жемкорлықтың пайда болуына қандай жағдайлар әсер етеді?», - деген сұрақтар
туындайды. Философиялық тұрғыдан қарастырғанда қазіргі
криминология саласында
қылмыстың, жемқорлықтың себебін әлеуметтік құбылыстардың бірі деген түсінік
қалыптасқан. Адамзат қоғамы дамуы барысында Шәкәрім Құдайбердіұлы мынадай
тұжырым жасайды: «Өзінің қадыр-қасиетін жақсы білетін адам өзгелерді қорламайды.
Ол әрқашанда өмірге, яғни қоғамға адамның қадыр-қасиетін, сенімді бағалай алады»
деген. Францияның белгілі заңгерлерінің бірі Арно Монтбур бірде «қоршаған ортаны
жаппай ластайтын нәрсеге ұқсас сыбайлас жемқорлық болашақ адамдарының жүздерін
жабыңқы етеді» деп атап көрсеткен еді. Яғни сыбайлас жемқорлық адамның қадыр
қасиетін бағалай алмауына, бірін бірі қорлауына әкеліп соқтырады [2].
Әлемдік тәжірибенің арғы-бергі тарихына көз алып, ой зерделесек, экономикасы
дамыған қуатты мемлекеттердің өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте түбегейлі
жеңіске жетіп көрмепті. Сонау мүлік теңсіздігі пайда болған сәттен бастап-ақ
тіршілікке өз дәнін тастап үлгерген сыбайлас жемқорлықтың біреудің мүлкін
тартып
алу секілді арнайы әрекеттен мемлекет қазынасын талан-таражға салу, мансабын
пайдалану тәрізді анағұрлым жетілдірілген биік дәрежеге көтерілуі талай-талай
дәуірлерді артқа тастаған бұл дерттің өлмейтін, өшпейтін итжандылығын әйгілесе
керек. Сондықтан да негізгі мәнін өзгертпесе де заманына қарай айла-шарғысын
түрлендіріп отыратын осынау қауіпті қылмысқа
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас
ассамблеясының алғашқылардың бірі болып күрес жариялап, әлемдік деңгейде
халықаралық конвенциялардың әзірленуі тектен тек емес.
Сыбайлас жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді
және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел
инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал және әлеуметтік
бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас жемқорлық мұндай бизнесті
тиімсіз етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу, елде саясатты және әлеуметтік
экономикалық жағдайды ары қарай нығайту үшін бірден бір сезілетін арнайы механизм
болу қажет. Ол республиканың әр азаматы, конституциялық
құқы және еркіндігінің
қорғауында құқық қорғау органдары қызметін, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа
және заң бұзушылыққа қарсы күрес жүргізу күштері барына сенімді болулары қажет
[3].
Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептеріне: жастардың өз-өзіне
сенбеушілгі; жастардың құқықтық санасы мен білімінің төмен болуы; жастардың
жұмыссыздығы; осы саладағы тиісті заңнаманың өз деңгейінде орындалмауы; баспана
мәселелесі; елдегі әлеуметтік
ахуалдың әлі де төмендігі; билік құрылымдарының
жауапсыз іс-әрекеттерін жатқызуға болады.
Сыбайлас жемқорлық құбылысы соңғы кезде көптеген өзгеріске ұшырап және
ол бүгін күрделі көп жақты құбылыс ретінде көрінуде. Осыған байланысты сыбайлас
жемқорлықты тек қана парақорлыққа әкеліп теңеуге болмайды. Бұл құбылысты
50
лауазым иесінің сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік
қызметкерлердің өз қызмет өкілеттігін пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесіне
пайдаланып азаматтардың немесе ұжымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не
қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға
әкеліп соғатын әрекеттер деп анықтауға болады.
Қорытындыда сыбайлас
жемқорлыққа қарсы сананың, тіпті сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейі тұлға мен қоғамның сыбайлас жемқорлықтың
тұрақсыздандыру күшін сезіну дәрежесіне байланысты екенін белгілеуге болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің міндеті – сыбайлас жемқорлыққа нөлдік
төзімділікті білім алушы жастардың азаматтық позициясы ретінде бекіту, сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықтарға берік иммунитетті нықтау, оларды жария түрде
жоққа шығару болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: