Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет23/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

ӘДЕБИЕТТЕР
 
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы ҚР Заңы 
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің негіздері. – Алматы. – 2004. – 312б. 
3. Сыбайлас жемқорлықпен күресу. – Алматы. – 2015. – 196б. 
 
ӘОЖ 378:34 
 
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
НЕГІЗІ
Сайынов Д., студент 
Ғылыми жетекшісі: Ізтұрғанова Г.Қ. 
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ. 
 
Аңдатпа. Мақалада өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты, 
жастар бойына құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып
оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу бағыттары 
қарастырылған. 
Түйінді сөздер: құқық, мәдениет, заң, білім, тәрбие, құқықтық сана, қоғамдық 
тәртіп, мінез-құлық. 
Заман талабы мектеп жасындағы балалар арасында құқық бұзушылық пен 
зиянды заттарды қолданудың алдын алу жұмысының белсенді, тиімді, жаңа жолдарын 
таңдауды міндеттейді. Өйткені, қазіргі таңда жасөспірімдердің арасында өз уақыттарын 
тиімді пайдалана білмеуі, ата-ананың баласына тәрбие беруде жеткілікті уақыт бөлмеуі, 
ақпараттың шектеусіз әрі еркін берілуі, «қиын» немесе толық емес жанұяда 
тәрбиеленуі, отбасындағы кикілжің мен ажырасу және отбасының төмен әлеуметтік 
жағдайының, жағымсыз ортаның кері ықпалы сияқты жағдайлар балалардың сана-
сезіміне кері әсерін тигізіп, жастар мен жасөспірімдер арасында түрлі келеңсіз іс-
әрекеттердің көбеюіне әкеліп соқтыруда. Сондықтан да, балалар мен жасөспірімдер 
арасында қылмыс пен құқық бұзушылықты, суицидтік әрекеттерді болдырмау және 
оның алдын алу бағытындағы жұмыстарға басты назардың аударылуы заңды екені 


69 
сөзсіз. А.С.Макаренконың: «Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына 
оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпаған 
жөн. [1] 
Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық 
міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді тәжірибеде 
белсенді қолдана білуге үйретуге болады. Жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті жөнінде 
әсіресе, мыналарды баса көрсетуге болады: біріншіден, кез келген азамат өзінің 
құқығын, бостандығы мен міндетін анық түсінуі әрі оны бағамдап, парықтай білуі
екіншіден, осыларды мүмкіндігінше, іс жүзінде, өз өмір тәжірибесінде пайдалана алуы 
тиіс.
Құқықтық мәдениетті қалыптастырып дамыту – еліміздің болашағын 
айқындаушы көрсеткіштердің бірі десек, өскелең ұрпаққа сапалы құқықтық білім мен 
саналы тәрбие беру ұстаздар қауымынан білімділікті, құқықтық білімдерін үнемі 
жетілдіруді, нормативтік - құқықтық құжаттармен үздіксіз танысып, жұмыс барысында 
оларды басшылыққа алуды үрдіске айналдыруды, салалық мекемелермен, отбасымен 
тығыз ынтымақтастық қарым- қатынас орнатуды және қажырлы еңбекті қажет етеді. 
Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге 
араласқан ата-аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады. Құқықтық тәрбиені жүзеге 
асыруда қойылатын талаптар қандай? Әрине, бұл - заңдарды білу. Бала мен ата-ананың 
құқықтары мен міндеттері белгіленген заңдар:
1. Бала құқығының Декларациясы
2. «ҚР бала құқықтары туралы» Заңы
3. ҚР Конституциясы
4. «Білім туралы» Заң
5. «Неке және отбасы туралы» Заңы
6. Балалар құқығының Конвенциясы
7. Қазақстан Респубикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі
Адамның құқықтық мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінезқұлық, 
жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды. Дегенмен, қоғам 
болашағын құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарасақ, аға ұрпақ 
тәжірибесі мен қарым-қатынасын негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі 
мәселесін педагогикалық ғылыми мазмұнда қарастырғанымыз жөн.
Жастарға құқықтық тәрбие беру жөніндегі билер өнегесінің маңызы зор. Әсіресе 
бүгінгі таңда жастар арасында өріс алған қылмыс пен бұзақылыққа тұсау болар 
құқықтық тәрбиені күшейту үшін, сан ғасырлық тарихы бар билер тәлім тәрбиесін оқу-
тәрбие ісіне қолданудың нәтижесі зор болары сөзсіз. Қоғамда өмір сүрген әрбір жас сол 
қоғамның іс -әрекеті, межелері, мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Заңдарды 
білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Әрине, қоғам өмірінде қабылданған 
заңдардан хабардар болу құқықтық ұғынудың жоғары деңгейі.
Адамның құқықтық мәдениеті мектеп жасынан бастап қалыптасатынына көз 
жеткізу қиын емес. Балалардың ата - аналары қонақта болады немесе өздері қонақ 
шақырады. Осының бәрі ішімдіксіз өтпейді, дастарханға ішімдікті самсатып қояды. Ал, 
жастардың қайсысы болмасын ересектерге еліктейді. Өздерін ересектерше ұстайды, 
ересектерше әрекет етуді қалайды. Ең қауіптісі сол – бала көргенін істеп, ішімдікке 
бой бұрады. Ата – аналар және тағы басқа да ішімдікке салынған адамдардың 
отбасында күнде жанжал, төбелес болғандықтан, балаларды дұрыс тәрбиелеу мен 
оқытуға ешқандай жағдай болмайды. Керісінше, мұндай бүлінген отбасында 
балалардың өздері ішімдікпен әуес бола бастайды. Екіншіден, отбасының 
ынтымағының бұзылуы да сол отбасындағы жасөспірімнің мектептен қол үзіп, нашар 
оқуына, тура жолдан ауытқуына әсерін тигізеді. Осындай балалар қоғамдық 


70 
жұмыстарға да қатыспайды. Ешбір өнерге де қызықпайды. Бос уақыттарын қызықты 
өткізуді білмейді. Шындығына келгенде, бұлар қоғамдық өмірден тысқары қалған 
адамдар болып саналады. Демек, мұндай ата-аналар өз балаларын өнер-білімге, еңбекке 
баулуда мектепке көмек бере алмайды. [2] 
Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана сезімін бірінші 
кезекте қалыптастырудың маңызы зор дедік. Себебі, құқықтық сана – қоғамдық 
сананың ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын 
тәрбиелеу, жауапкершілікке сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайту – 
мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты. Мектеп құқықтық тәрбие 
жұмысын 1 сыныптан бастап, белгілі бір жүйелікпен оқушының оқуды бітіргенге 
дейінгі аралығында жүргізуі қажет. Ол үшін, Қазақстан Республикасының Ата 
Заңының «Адам және азамат» деп аталатын ІІ- бөліміне енгізілген тәуелсіз еліміздің 
азаматтарының құқықтары мен міндеттері жайында түсіндіруден бастаған жөн. Себебі, 
құқық әрбір адамның туғаннан өлгенге дейінгі қоғамдағы жүріс-тұрысын, мінез – 
құлқын, адамдармен, жалпы тіршілік ету ортасымен қарым-қатынасын реттейді. 
Қазақстан Республикасының Конституциясында – Қазақстан Республикасы 
өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде 
орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, 
Конституциясының І -бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – 
адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп баяндалған. Еліміздің 
заңдарын сақтау, оған мойынсыну-жауапкершілікті, түсінікті, заңдарды білуді және 
соған сәйкес мінез-құлық пен іс-әрекеттерді үйлестіруді талап етеді. Қоғамның ең 
өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі 
таңда барлық дейгейдегі шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары 
қызметкерлері, ұстаздар мен ата-аналар, азаматтар да түсінуде.
Құқық бұзушылық жөнінде «Құқық бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, 
мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа 
апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі», - деп көрсетілген. Қоғамда 
тәртіп орнамаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Бұл бәрімізге белгілі және 
оны жақсы түсінеміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да 
кездеседі және бұл – құқық бұзушылықтың орын алуына әкеп соқтырады, сондықтан 
құқық бұзушылық – қоғам өміріне тән қауіпті дерт.
Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты ықылым заманнан осы күнге дейін 
әр түрлі пікірлер айтылып келеді. Солардың ішінде құқықтық нормаларды бұзылуына 
ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқауға болады 
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, 
өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз 
жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі. 
Оқу орны мен отбасында балалар әлеуметтік іс-әрекеттің алғашқы дағдыларын 
қалыптастырып адамгершілік, әдеп, заңды, мінез-құлық, орынды әрекет-қылық, 
құқықтық нормаларды меңгере бастайды. Әлеуметтік нормалардың негізгі маңызды 
түрі болып табылатын әдептік нормалардың құқықтық сипаты болмағанымен, оның 
ережелеріне сусындап өскен бала әрине қоғамға зиян келтірмейді, керісінше, өмірдегі 
өзінің орнын тауып, елжанды, саналы азамат болып қалыптасады. Әдептік нормалар 
құқықтық нормаларға негіз, арқау болып, белгілі бір дәрежеде адамның ар-ұятын, 
намысын қалыптастыруға, қоғамдық тәптіпті сақтауға ұйытқы болады. «Құқықтық 
нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. 
Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың 
әділеттік, адамгершілік мәні жоғары болады». Құқықтық тәрбие беру баланың жеке 


71 
тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке 
қатынасты көзқарасты дамытудың асыл міндеттерін атқарады.[3] 
Мемлекетіміз жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі көңіл бөлуде. 
Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және 
орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың 
төмендігі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік 
қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық 
нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай, оның күнделікті мінез-құлық нормасына 
айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.
Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс-әрекеті, межелер, мәдени 
дәстүрлерінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей ме, бұл оның еркінен 
тыс жүреді. Қоршаған ортаның өмір талаптарынан қоғамның еш жерінде жасырынып 
қалуға болмайды. Өкінішке орай, күнделікті күйбең тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар -
ожданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап, сатып 
жүргендер де аз емес. Осының өзі мектептің алдына жас ұрпақтың шынайы құқықтық 
тәрбиесін зор міндет етіп қойып отыр.
Құқықтық қоғам демократиялық ұстанымдарға сүйене отырып, әр адамның 
шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын толық және еркін жүзеге 
асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Демократияны жетілдіру мемлекеттің және 
қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам 
өмірінің құқықтық негізін бекітуге процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге 
асыруды қажет етеді:
– Заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
– Заңның орындалуын бекіту;
– Қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халық қатынасуы қажет;
–Жеке адамның, бүкіл жұртшылықтың мәдениетін көтеру,
– Заң қызметкерлерінің сөз бен ісінің бірлігі, тұлғасының кіршіксіз таза болуы. 
Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет 
мойында болу қажеттігі шығады. Қоғамның қандай қоғам екендігіне баға беру көп 
жағдайда адам тұлғасының құқықтық мәдениетінің деңгейімен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет