Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет4/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Рим құқығы, Естимиров М. А., Алматы, 2011 
2. Мемлекеттік қызмет туралы: Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 
шілдедегі № 453-I Заңы (2014 жылғы 28 қарашадағы жағдай бойынша өзгерістерімен 
және толықтыруларымен). 
3.Назарбаев Н. Ә. Нұрлы жол – Путь в будущее: Қазақстан халқына Жолдау. 
Астана, 2014 жылғы 11 қараша.
3. Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 29 
қазандағы № 375-V ҚРЗ. 
4.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының 
Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ. 


10 
ӘОЖ 343(9) 
 
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ 
ОНЫМЕН КҮРЕС ЖҮРГІЗУ 
 
Алибеков С.К.
 
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ. 
 
Аңдатпа. Ғылыми мақалада білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық 
мәселелері және онымен күрес жүргізудің ұйымдық-құқықтық мәселелері, сондай-ақ 
оларды жүзеге асыру тетіктері қарастырылған. 
Түйінді сөздер: білім беру мекемелері; сыбайлас жемқорлық; ұйымдық-
құқықтық механизмдер. 
Қазіргі уақыттағы Қазақстанның алдында тұрған өткір әлеуметтік мәселелердің 
қатарында сыбайлас жемқорлық басты орынға ие болып отыр. Қоғамдық қауіпті 
құбылыстармен күрес жүргізуге арналған талдау құжаттарынан, болжамдардан және 
бағдарламалардан көрініп тұрғандай сыбайлас жемқорлық немесе халықаралық 
ұғымындағы коррупция, ұйымдасқан және экономикалық қылмыстармен тығыз 
байланыста ғана болып қоймайды сонымен бірге тұтастай алғандағы мемлекеттің, 
қоғамның, әрбір азаматтың тағдырына жағымсыз ықпал етеді [1].
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің ұлттық мүдделеріне қауіп төндіреді, себебі ол 
Қазақстанның саяси және экономикалық өрістердегі алатын орнын әлсіретеді. Саяси 
өрісте коррупция биліктің беделін түсіреді, оған халықаралық қызметтің әртүрлі 
субъектілерінің, елдің тұрғындарының сенімсіздігін пайда қылып, жүзеге асырылып 
жатқан реформалардың әлеуметтік пайдалылығына деген күдікті туғызады, 
мемлекеттің барлық функцияларын жүзеге асыруда бей-берекетсіздікке, мемлекеттік 
институттардың криминализациялануы үшін қолайлы жағдайдың қалыптасуына алып 
келеді және Қазақстан Республикасындағы саяси режимнің транформациялануына 
жағымсыз қарқындылық береді. Сыбайлас жемқорлық елдің экономикалық 
қауіпсіздігіне қатер төндіреді, отандық өнімдердің бәсекелестікке қабілеттілігіне 
нұқсан келтіреді, кәсіпорындардың мүдделерін жүзеге асыруға кедергі келтіреді, 
нарықтық механизмдерді бұзады, бюджет қаржыларын тиімсіз пайдалануға алып келеді 
және орасан зор тікелей, сондай-ақ жанама шығындарға алып келеді. 
Сыбайлас жемқорлық азаматтық қоғамның қалыптасуына кедергі келтіреді, 
оның интергациясына, барлығының заң алдындағы теңдігі қағидасын жүзеге асыруға 
қайшы келеді. Азаматтардың лайықты өмір сүруі, хылықтың заңдылықты және құқық 
тәртібін сақтауға деген ынталылығын жоққа шығарады. Сыбайлас жемқорлық әрбір 
азаматтың мүддесіне қатысты, себебі ол тұтастай алғандағы өмір сүру деңгейі мен 
оның сапасын төмендетеді, жеке тұлғаға кері ықпал етеді, айтарлықтай криминогендік 
әлеуетке ие болатын өнегелік деформацияның қалыптасуына алып келеді. 
Сонымен бірге сыбайлас жемқорлық құбылыстарының қоғаммен жазғыруға 
ұшырамауы қазіргі уақыттағы ең қауіпті мәселелердің бірі айналып отыр, халықты 
құқықтық тәрбиелеу және құқықтық сананы, мәдениетті көтеру бағытындағы 
жұмыстардың ақсап жатуы осы істе өзінің жағымсыз әсерін тигізіп отырғаны да 
шындық. Сонымен бірге кейбір саясаткерлер мен жоғарғы дәрежелі чиновниктердің 
қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік қызметтің ажырамас элементі ретінде 
заңдастыруға тырысуы да осы істе бөгет болып отыр. Бұл қалыптасқан жағдайды 
бұқаралық ақпарат құралдары да түзетуге қауқарсыз. Сыбайлас жемқорлық туралы 


11 
жарияланған материалдарға қатысты қоғамның алаңдауы да өзінің өзектілігін 
жоғалтып, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына төзбеушілік атмосферасын 
қалыптастыру күннен күнге әлсірей түсуде. Осының нәтижесінде сыбайлас жемқорлық 
құбылыстарына қоғам мүшлеренің бойы үйреніп кетуі синдромы пайда болады. 
Осының бәрі елдің ең жоғарғы билік өкілдерінің де сыбайлас жемқорлыққа 
ұшырағандығының және жағдайды жуық арада түзетудің ешқандай мүмкін еместігінің 
дәлелі болып табылады. 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 
2015 ж. 18 қарашадағы № 410-V Заңының 1-бабының 6-бөлігінде сыбайлас жемқорлық 
(коррупция) ұғымына сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды 
атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген 
адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға те-
ңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) 
өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар 
арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен 
артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер 
мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу –деген анықтама 
берілген [2]. 
Коррупция (corrutio) латын тілінен аударғанда – лауазымды тұлғаның оның 
лауазымымен байланысты құқықтарын жеке басын байыту мақсатында тікелей 
пайдалануы; сатып алу; сатылу дегенді білдіреді қазіргі уақытта аталған терминнің ішкі 
мазмұны мемлекеттік шенеуіктер және лауазымды тұлғалардың қылмыстық топтармен 
бірігуі және қызмет мүддесін сатуы дегенді білдіреді [3] 
Тұтастай алғанда, осы аударма коррупцияның мәнісі туралы – оның сатылып 
кетуі жолымен биліктің бүлінуі немесе тот басуы деген мағына береді, егер оны 
әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыратын болсақ, ал ол болса шынында да солай 
болып табылады. 
Кезінде И.Х. Дворецкиймен жасалған латын-орыс сөздігі, біз жоғарыда 
келтірген мағыналардан басқа аталған терминнің «азғындау, құлдырау, тағылану, 
нашар жағдай, сондай-ақ бұрауын кетіру, бүлдіру, құлдырату, бұзу, құнықтыру, 
масқаралу, абыройын түсіру» деген мағыналарын да береді [4]. 
Заң ғылымдарының кандидаты Г.К. Мишин, осы мәселеге қатысты пікір білдіріп 
жүрген авторлардың көзқарастарына қарсы тұрып «corruptio» деген латын термині екі 
түбірлі сөзден тұрады cor (жүрек, жан, рух; ақыл-ой) және ruptum (бұзу, бүлдіру, 
азғындату). Сондықтан коррупцияның мәнісі жария билік немесе өзге де 
қызметкерлерді сатып алуда, олардың сатылып кетуінде емес, белгілі бір объектінің, 
соның ішінде мемлекеттік биліктің де, бірлігінің бұзылуында (дезинтеграция, іріп-
шіруі, ыдырауы) – деп атап көрсетеді [5]. 
Сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне «орта тап» өкілдерінің айтарлықтай тобының 
қатысуы сыбайлас жемқорлық мәселесін барынша ушықтыра түседі, олар коррупцияға 
зиялылықтың атрибуты ретінде қарай бастайды. Адамдардың осы тобының арасында 
өзін ақымақ ретінде көрсету ең үлкен қорлық деп саналады. Ақымақтық өзгелердің 
ойынша, ар-ұяттың жоқтығы ретінде емес, қалыптасқан жағдайда өзінің пайдасы үшін 
басымдыққа ие бола алмау деп түсініледі. Осының нәтижесінде сыбайлас 
жемқорлықтың тұрақты серігі ретінде білім беру мекемелеріндегі, солардың қатарында 
жоғары оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрам, оқу орындарының 
басшылығы арасындағы сыбайлас жемқорлық сипатындағы жүріс-тұрыс етек ала 
бастайды. 
Коррупция түсінігімен оның жалпы әлеуметтік мағынасында сыбайластық 
ұғымы байланысты болады. Сыбайластық – бұл лауазымды тұлғаның лауазымдық 


12 
өкілеттіктерін пайдалану жолымен заңсыз баюға тартылуы, өзінің атқарып отырған 
қызметінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы заңсыз баюға тырысуы. 
Осы аталған мүмкіндіктерді жүзеге асыру адамның өнегелік, имандылық, өзін 
өзі, қоғамды және мемлекетті сыйлау қасиеттеріне, өзінің борышына деген көзқарасына 
тәуелді. 
Коррупцияға деген айтарлықтай кең көзқарастарға қарамастан, мамандар 
дегенмен, мынаған бірегей қарайды: а) ол әрқашанда мемлекеттік билікпен байланысты 
және осы тәуілділікке сәйкес азды-көпті деңгейде биліктің сипаты мен мазмұнына 
оның қоғамдағы беделіне ықпал етеді; б) ол билікті теріс пайдалану ретінде тек жеке 
пайда үшін ғана емес, сонымен бірге корпоративтік, кландық мүдделер үшін де жүзеге 
асырылуы мүмкін.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне лауазымды және 
мемлекеттік міндет атқаруға уәкілетті өзге де адамдарды немесе оларға теңестірілген 
адамдарды сатып алуды жүзеге асырушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік 
игіліктер мен артықшылықтар беретін жеке және заңды тұлғалар да жатады. 
Сыбайлас жемқорлықтың мәнісіне қатысты білдірілген көзқарастарды ескере 
отырып, коррупцияны мемлекеттік қызметкерлердің және мемлекеттік және сонымен 
байланысты функцияларды орындауға уәкілеттті өзге де тұлғалардың өздерінің қымет 
жағдайларын және атқарып отырған қызметінің мәртебесі мен беделін жеке 
мақсаттарға қоғамдық маңызды деп танылатын мемлекеттің саяси, экономикалық
әлеуметтік, моральдық-этикалық және өзге де мүдделеріне нұқсан келтіре отырып 
пайдалануы деп түсінгеніміз дұрыс. 
Ұйымдастырушылық-әкімшілік міндеттер деп адамдардың заңнамада және 
ұйымның атқарушы органының құрылтай құжаттарында көзделген өкілеттіктерді 
жүзеге асыру жөніндегі қызметі түсініледі. Бұл міндеттерге ұжымға жалпы басшылық 
жасау, кадрларды орналастыру және іріктеу, бағынышты адамдардың жұмысын 
ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртіптік жазалар қолдану шараларын 
қолдану арқылы еңбек тәртібін сақтау жатады.
Сонымен бірге, көптеген мамандар сыбайлас жемқорлық қатынастар өрісі тек 
мемлекеттік қызмет аясымен немесе жария басқаруға тартылған тұлғалармен шектеліп 
қалмайды, сонымен қатар ол жеке секторға, кәсіби одақтарға және саяси партияларға 
және өзге де өрістерге тарайды деп негізді түрде пайымдайды.
Әкімшілік-шаруашылық міндеттер деп толық материалдық жауаптылық 
жүктелген тұлғалардың берілген өкілеттіктердің шегінде мүлікті, соның ішінде 
ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оларға билік 
ету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы түсініледі.
Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу барлық адамдардың заң 
мен сот алдындағы теңдігі; мемлекеттік органдар қызметін анық құқықтық кестелеуді, 
осындай қызметтің заңдылығы мен жариялығын, оған мемлкеттік және қоғамдық 
бақылауды қамтамасыз ету; мемлекеттік аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын 
жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді 
шешу рәсімдерін жетілдіру сияқты аса маңызды қағидаларға негізделуі тиіс. 
Төменгі деңгейдегі коррупция азаматтардың және кәсіпкерлердің күнделікті 
қажеттіліктері деңгейінде орын ала отырып, шындығында өмір нормасына айналды 
және қоғамның әртүрлі қабатын жайлап алды. Алайда осының өзі, оның нақты 
көріністерін әшкерелеу тұрғысынан алғанда, оны барынша қолайлы етеді. Ресми түрде 
тіркелетін сыбайлас жемқорлық көріністерінің негізгі массасы нақ осы деңгейде 
әшкереленеді және тосқауыл қойылады. 
Элитарлық сыбайлас жемқорлық барынша қауіптірек болады. Ол оны жасайтын 
субъектілердің 
жоғарғы 
әлеуметтік 
мәртебесімен, 
олардың 
әрекеттерінің 


13 
интеллектуалдық тәсілдерімен, орасан зор көлемдегі материалдық және өнегелік 
залалмен, қол сұғушылықтың жасырындылығымен, сыбайлас жемқорлардың осы 
деңгейіне деген биліктің көзжұбайлық, тіпті қорғаштаушылық көзқарасымен 
сипатталады.
Билік элитасының коррупциялық әрекеттері әдетте өте күрделі және 
мемлекеттік қызметтің конфиденциялық түрлерінде жасалатындығы белгілі, оған оның 
көріністерімен кәсіби түрде күрес жүргізетіндер жіберілмейді, ал кәсіби шеберлігі 
жоқтарға оны ажырату өте қиынға соғады. 
Сыбайлас жемқорлықтың бұл түрі өзінің өте жоғарғы бейімділе білу қабілетіне 
ие, үзілссіз өз қалауынша өзгере алады, жетілдіріледі, өзін қорғаудың жоғарғы 
деңгейімен сипатталатын, соның ішінде заңнамалық актілерді қабылдауға лобби 
жасауды, кінәлілерді жауапкершіліктен құтқара алатын, керісінше сыбайлас 
жемқорлық әрекеттерін әшкерелейтін тұлғаларды әртүрлі нысандарда қудалайтын
тұтас жүйеге айнала алады. Жоғарғы билікте ашкөздік және құнығушылық басым 
болып тұрған жағдайда, элитарлық коррупция құпиялық және келісімпаздық сипатқа ие 
бола отырып, параны берушілер үшін де, сондай-ақ алушылар үшін де екі жақты 
пайдалы болады.
Сыбайлас жемқорлыққа ұрынған бюрократия ақылды, білімді, бай және билікке 
ие. Өз әрекеттерін жасыра білу оның негізгі жұмысы. Сондықтан элитарлық 
коррупцияның таралу деңгейінің қашалықты екендігіне жобалап болса да, баға беру 
мүмкін емес. 
Құқық социологиясында сыбайлас жемқорлықты жеке мүдденің тікелей ықпал 
етуімен социум мүшесінің өзінің жеке мақсаттарына жария билік институттарының 
есебінен қол жеткізуге тырысушылық ретіндегі дивианттық (қалыптан ауытқушылық) 
жүріс-тұрыстың бір түрі ретінде түсіндіретін пайым бар. Құқықтық құбылыс ретіндегі 
коррупция өзінің осындай аспектісінде оны моральдық-этикалық тұрғыдан түсінуге 
барынша жақын келеді. Нормативизм тұрғысынан алғанда осындай арақатыстылық 
деструктивті сипатқа ие болғанымен, тәжірибелік өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
мәселеге «адалдық», «мөлдірлік» секілді категорияларды енгізе отырып, аталған 
ұстаныммен санасқан дұрыс деп ойлаймыз.
Құқықтың шетелдік теориясы мен практикасында коррупцияның мемлекеттік 
қызметкердің мәртебесімен сәйкеспейтін пайдакүнемдік іс-әрекет сапасында белгіленуі 
тегін емес. 
Өзінің әлеуметтік-саяси ұғымында коррупция азаматтық қоғамның белсенділігі 
немесе енжарлығының, саналылығы немесе санасыздығы дәрежесінің объективті 
көрсеткіші сапасында айтарлықтай ұзақ уақыттан бері қабылданып келеді, себебі 
басқару аппаратының өнегелік тұрғыдан азғындауына тікелей ықпал ететін 
«олигархияның темір заңының» әрекет етуі, тек азаматтық институттардың тиімді 
түрде қарсы әрекет етуі арқылы ғана бейтараптандырылады.
Егер парақорлық, жең ұшынан жалғасу әлеуметтік нормаға айналар болса, онда 
осындай қатынастар мемлекеттік билікті қоса алғандағы қоғамдық иерархияның одан 
да жоғарғы қабаттарын да қамтымай қоймайды. 
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі коррупция, өте күрделі, көп өлшемді құбылыс, 
азаматтық қоғам және мемлекеттің арасындағы өзара қатынастардың барлық өрістерін 
қамтиды және заң арқылы қорғалатын игіліктерге әртүрлі тәсілдермен қол сұғады. Ол 
құқықтықтан бөлек, бірқатар өзге де мәселелерді қамтиды: психологиялық, мәдени, 
жеке бас қатынастары сондықтан бұл оның ортақ ұғымын және сипатты белгілерін, 
онымен күресудің нақты шараларын жасақтауда бірқатар қиындықтарды пайда қылады. 


14 
Коррупцияны әлеуметтік құбылыс ретінде танудың барлық қажетті белегілері 
бар. Ең алдымен ол, мызғымас экономикалық іргетасқа ие, ол тұтастай алғандағы 
қоғамның, әртүрлі әлеуметтік топтардың және әрбір нақты жеке тұлғаның мүддесіне 
ықпал етеді, ол мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына белсенді түрде әсер етеді, ол 
мемлекеттік-құқықтық механизмдерге өзінің ықпалыг тигізеді. Ақыр аяғында, 
коррупция қоғамдық және жеке көзқарастарға ықпал етіп, қоғамдағы белгілі бір 
моральдық-өнегелік ұстанымдар мен негіздерді қалыптастырады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді жолдарының бірі ол коррупциялық 
сипаттағы орын алған әрбір іс-әрекеттің жазасыз қалмауы, осы орайда негізгі екпін 
құқық қорғау органдарына беріледі. Егер біздің елімізде саяси басшылық және құқық 
қорғау органдары тарпынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ешқандай шаралар 
жасақталып, жүзеге асырылмай жатыр дейтін болсақ, онда бұл әділетті болмас еді. 
Сонымен қатар, қылмыстардың, соның ішіндегі сыбайлас жемқорлық 
қылмыстары санатына жатқызылатын қылмыстардың алдын алудағы тиімді 
шаралардың бірі, біздің ойымызша, осындай қылмыстардың жасалуына ықпал ететін 
мән-жайлардың, себептер мен жағдайларды барлық уақытта терең, сондай-ақ жан-
жақты анықтау болып табылады. Өкінішке орай, бұл жұмыс барлық уақытта бірдей 
талапқа сай орындала бермейді. Соттар осы аталған жағдайларда жеке қаулылар 
шығару тиіс. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің пәрменділігін арттыру үшін, біздің 
ойымызша, келесідей шаралар жасақталып, жүзеге асырылуы тиіс: 
- сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың азаматтардың, ұйымдардың, 
қоғам мемлекеттің заң арқылы қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне айтарлықтай 
зиян келтіріп, мемлекеттік қызмет мүдделерінің елеуі зиян шегетіндігін ескеріп, осы 
санаттағы істер дұрыс және өз уақытанда қаралып, олардың құқықтық қорғалуын 
шынайы қамтамасыз ету, маңызды шарттар ретінде қабылдануы тиіс; 
- лауазымды тұлғалардың өздерінің қызметтік өкілеттікетерін басқа адамдардың 
мүддесі үшін пайдалана отырып, олардан мліктік және өзге де игіліктер мен 
артықшылықтарды өзіне және басқа да адамдар үшін заңсыз алуына байланысты 
қылмыстық жазалануға лайықты қасақана жасалатын әрекеттерін сыбайлас жемқорлық 
қылмыстары деп ұғына отырып, осындай қылмыстардың қатарына жеке және заңды 
тұлғалардың 
жоғарыда 
көрсетілген 
құндылықтар 
мен 
артықшылықтарды, 
басымдықтарды мемлекеттік қызметкерлерге құқыққа қайшы беру арқылы өздерінің 
жеке мүдделері үшін әрекет жасауына ықпал етуге бағытталған әрекеттерін де жатқызу 
қажет. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына тән болатын екі жақты мүдделілік 
қылмыстық жауаптылықтан тыс қалмауы тиіс. 
- сыбайлас жемқорлық қылмыстарының субьектілері ретінде мемлекеттік 
органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару олргандарының, қарулы күштер және басқа да 
әскери құрамалардың және әскерлердің лауазымды тұлғаларын, сондай-ақ жауапты 
мемлекеттік лауазымды атақарушы адамдарды тани отырып, осы аталған лауазымды 
тұлғаларды өз мүдделері үшін әрекет жасату мақсатында оларға мүліктік игіліктер мен 
басымдықтарды заңға қайшы берген жеке тұлғаларды да сыбайлас жемқорлық 
сипатындағы қылмыстардың субъектілері ретінде бағалау қажет. 
- ҚР ҚК-нің 3-бабының 26-тармағында берілген анықтаманы негізге ала отырып, 
тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша билік өкілі функцияларын жүзеге 
асыратын не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-
ақ ҚР Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери 


15 
құралымдарында 
ұйымдастырушылық-өкімдік 
немесе 
әкімшілік-шаруашылық 
функцияларды орындайтын тұлғаларды лауазымды тұлғалар деп таныған дұрыс. 
Мемлекеттің міндетін және мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей орындау үшін 
ҚР Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де 
заңдарында белгіленетін қызметтерді жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ мемлекеттік 
қызмет туралы заңнамаға сәйкес саяси мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдарында 
қызмет атқаратын адамдар жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушы адам ретінде 
түсінілуі тиіс. 
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік институттардың құрылымын және олардың 
ұйымдасқан 
қылмыстылыққа 
қарсы 
иммунитетін 
әлсіретеді. 
Ұймыдасқан 
қылмыстылық негізінен алғанда, сыбайлас жемқорлық жайлаған қоғамда барынша кең 
көлем алады. Сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған құқық қорғау органдары және 
өздерінің қатарында тазалық жоқ саяси институттар азаматтарды ұйымдасқан 
қылмыстылықтың қаупінен сақтап қала алмайды.
Мемлекеттің білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты 
саясатын жүзеге асыру мақсатында коррупцияның алдын алу және онымен күрес 
жүргізу үшін тұрақты түрде жұмыс жасайтын арнайы органды құру, оның жұмысының 
тиімділігі үшін негізгі екі жағдайды қамтамасыз ету қажет: аса мұқият, ыждағатты 
түрде кадр таңдау (жоғарғы білімді, репутациясы кіршіксіз, қоғамға сыйлы) және осы 
қызметтің жұмысшыларына өте жоғары жалақыны қаматамасыз ету. Олардың ең басты 
міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның орындалысына бақылау 
жасау, кірістер туралы декларацияны тексеру әсіресе, қызметкердің жалақысы оның 
бай өмір салтына ешқандай сәйкес келмейтін жағдайларда.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа қатысты деп 
күдік келтірілген жағдайда қылмыстық іс қозғалғанға дейін және арнайы рұқсатсыз кез 
келген тексерулерді жүргізе алатындай заңнамаға, соның ішінде Конституцияның 
баптарына да толықтырулар түзетулер енгізу қажет. Лауазымды тұлғалардың және 
олардың отбасының кірістері мен мүліктеріне қаржылай бақылау орнату өркениетті 
елдердің барлығына, мысалы АҚШ-та бар. Осындай ереже Мемлекеттік лауазымды 
тұлғалардың жүріс-тұрысының Халықаралық кодексінде де бар.
Жоғарыда 
айтылғандарды 
қысқаша 
тұжырымдай 
отырып, 
сыбайлас 
жемқорлықтың тамыры өте тереңде жатқандығы, аталған мәселенің барлық уақытта да 
болғандығы, алайда қазіргі уақытта ол өте қауіпті деңгейге жетіп отырғандығы туралы 
қорытынды жасауға болады. Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық құбылыс ретінде 
толықтай жою мүмкін болмаса да, оның қарқындылығын, көлемін барынша шектеуге 
болады деп ойлаймыз. Ол үшін қоғамның сыбайлас жемқорлықтың кез келген 
көрінісіне төзбеушілігін және құқық қорғау органдарының пәрменді жұмыс жасауын 
қамтамасыз ету қажет деп санаймыз.
Қазіргі уақытта білім беру мекемелеріндегі коррупцияға деген мемлекеттің және 
қоғамның көзқарасы жалпы алғанда барынша әрқилы болып отыр. Берілген 
құбылыстың пайда болуы, оның мемлекеттік және қоғамдық институттарға ықпал етуі 
мен маңзы туралы әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Бұл жағдайды сыбайлас жемқорлық 
мәселесін кімннің зерттеуіне – экономистің, әлеуметтанушының, саясаттанушының 
немесе құқықтанушының зерттеуіне байланысты түсіндіруге болады. Сонымен бірге 
сыбайлас жемқорлықты халықтың тәжірибесі негізінде қалыптасатын тұрмыстық 
түсіну де орын алады. Өкінішке орай осындай көпжақтылықтың болуы сыбайлас 
жемқорлыққа қатысты әмбебап ұғымды жасақтауға кедергі келтіреді, ал бұл болса, өз 
кезегінде оның таралуына қарсы барынша тиімді механизмді жасақтауға кедергі 
келтіріп отыр.


16 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет