ЛИТЕРАТУРА
1.
Ақорда Баспасөз қызметі Twitter Акорды от 13 марта 2019 г.
2. Пресс-релиза Службы экономических расследований Комитета
государственных доходов Министерства Финансов РК. Официальный интернет-ресурс
КГД Министерства финансов РК kgd.gov.kz.
3. Закон РК «О государственных закупках» № 434-VI от 4 декабря 2015 года.
ӘОЖ 323/324(075)
ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
Джанаева Д. Е., студент
Ғылыми жетекшісі: Ізтұрғанова Г.Қ.
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг
университеті, Ақтау қ.
Аңдатпа. Мақалада жастардың құқықтық мәдениетін ұлттық құндылықтар
негізінде қалыптастыру негіздері қарастырылған. Автор ұлттық құндылықтарымызды
бүгінгі заман сұранысымен сабақтастыра байланыстырып, оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді
ұсыныс қылған.
Түйінді сөздер: құқықтық мәдениет, құндылық, сана, пара, жемқор,
жауаптылық.
Бүгінгі күнде еліміздің үштен бір бөлігін құрайтын жастар - келешек қоғамның
жарқын болашағын қалыптастыратын стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырушысы
екені мәлім. Сондықтан жастардың білімді, дәстүрмен қатар өз заманының озық рухани
құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті болғаны абзал. Осы тұста жастардың
дұрыс әлеуметтенуімен қоса ұлттық құндылықтарда тәрбиеленудегі маңызы зор.
Жастар халықтың қоғамдық белсенді бөлігі және тәуелсіз еліміздің болашақ дамуы
үшін стратегиялық ресурсы болып табылады. Жастардың мемлекет мүддесі мен
мемлекеттің болашақта дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар зияттылық және
рухани саналы тұлғаның қалыптасу қажеттілігі аясында айқындалады. Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi мақсаттарының бірі ол
жастардың әлеуметтiк дербестігі, дәстүрлі діни құндылықтарды тұлғалық қалыптасуын
жүзеге асырумен қоса, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды
жасау және нығайту болып табылады. Жастар саясатын жүйелі жүргізу қажеттілігі
өзінің
әлеуметтендіру
процесінде
жас
адамның
кезігіп
отыратын
өмір
қиыншылықтарымен айқындалады. Жастар өзінің біліктілігі және кәсіби даярлығы
деңгейінің төмендігіне байланысты халықтың аз қорғалған бөлігі болып табылады.
Елбасы Н.А. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық
25
дамуды жаңғырту – Қазақстанның басты бағыты» атты Жолдауында қазіргі қазақ
жастарының құндылықтық бағдарларындағы ұлттық құндылықтардың рөлін анықтап
берді. Әлемдегі ғаламдану үдерісі, қоғамның рухани адамгершілікті қамтитын
мәдениеттердің өзара байланысы және этномәдени дәстүрлер мен жалпыадамзаттык
құндылықтардың құрамды бөлігі ретіндегі ұлттық құндылықтар негізінде тұлғаны
қалыптастыруды алдыңғы қатарға шығарады. Бұл тұрғыдан рухани адамгершілігі
қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеуде ғасырлар бойы жинақталған өмірдің мәні туралы
халықтың мәдени мұраларын, даналық ұлағаттарды пайдалануы жоғары деңгейде
маңызды болмақ. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің ғылыми
және шығармашылық әулетіміздің деңгейі жоғары, білім өрісі биік халқымыз бар... Біз
қолымыздағы осындай баға жетпес қазынаны жан-жақты танытуға және оның дамуы
үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз» деп, рухани
байлығымыздың қорын байыта түсу шаралары жүзеге асырылуда. Осы тұрғыдан
алғанда, ұлттық құндылықтарымызды бүгінгі заман сұранысымен сабақтастыра
байланыстырып, оқу-тәрбие үдерісіне ендіруіміз қажет. Ал бұл ұлттық құндылықтарды
өскелең ұрпақтың бойына сіңіртуге, сондай-ақ, ғылыми тұрғыда негізделген білім
берудегі қоғамдық пәндердің алатын орны ерекше. Әсіресе, дінтану, тарих,
мәдениеттану, қоғамтану, құқық негіздері пәндері ұлттық мұраларымыздың негізгі
насихаттаушысы, жаршысы десек қателеспейтініміз анық. Жастардың құқықтық
мәдениетін қалыптастырып, дамыту-салыстырмалы өзіндік мақсатқа, арнайы әдістер
жетістігімен және ұйымдастыру нысаны арқылы жетуді көздейді. Ол өзі көп мақсатты,
қызметті, болжамды стратегиялық, ұзақ мерзімді мақсаттар және тактикалық
мақсаттарды, таяудағы жалпы және жеке мақсаттарды көздейді. Мақсаттар жастар
ерекшеліктерін есепке ала отырып тәрбиелік әсер етуді нақтылайды, ол белгілі бір
форма және қызметке байланысты адамдар, сонымен қатар, құқықтық тәрбиені жүзеге
асырушы органдар арқылы жүргізіледі. [1]
Қазіргі таңда құқықтық нигилизмді жеңуіміз қажет, оған көпшіліктің таң қалуын
тоқтатып, заңға деген сый, құрметтеуге тәрбиелеу және жауапкершілік сезімдерін ояту
қажеттілігі, яғни бұл жерде коррупция, заңды басынушылықтар, заңды немқұрайлы
қараудың құқықтық жүйеге кереғар екендігін түсіндіру және қоғамдық моральді
бейтараптық жаулап алуына жол бермеу керек. Жастардың құқықтық нигилизмге бой
алдырмауы бірінші кезекте тұруды көздейді. Бұл салада Қазақстанда құқықтық
нигилизм профилактикасын дамыту керек, яғни осы салада арнайы бағдарламалар
қажет. Себебі, жастар арасындағы құқықтық нигилизмге бой алдырушылық өз
кезеңінде біршама қауіп тудырады. Сондықтан қолданылатын заңның қызметті
сапалығын қамтамасыз ету, заңның және құқықтық тәртіптің тұрақтылығы, соттардың
мәртебесін жоғарлату және соттарды уақыт талабына сай соттың реформаларды,
халыққа уақытқа сай етіп құқықтың тәрбие беруге негізделу мәселесі бірінші кезекте
тұруы қажет. Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, дамытудың тікелей
мақсаты – жастардың белсенділігі, кәсіпқой заңгердің және басқа да мемлекет
қызметкерлерінің өкілеттіліктерін жүзеге асыру процесінде заңдылық маңызға ие
жағдайға байланысты, белсенділіктер құқықтық әрекеттер арқылы өз деңгейлерін
көрсету болып табылады. [2]
Құқықтық белсенділік - жастардың әлеуметтік – құқық шеңбердегі қызметте
белгілі дәрежеде пәрменділікке жету, құқықтық міндеттерді қарапайым талаптарға
бейімдеудегі міндетті әрекетке ие болу жағдайы. Аталмыш қызметтер қосымша уақыт,
күш-қуат және материалдық шығындармен байланысты. Жоғарыда көрсетілген
мақсаттарға тек құқықтық тәрбие жұмысында келесідей негізгі прициптерді сақтағанда
жетуге болады: ғылымилық, жоспарлық, жүйелік, кезекті және дифференциялды
жүйелік, кешенділікті қамтамасыз ету. Сондай-ақ тәжірибеде құқықтық сананың
26
дамуына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ете отырып, оны тарату, яғни жүзеге асыру
қажет. Жастардың құқықтық сана деңгейінің мазмұны құқықтық білім алуына және
оның құқықты мойындауына тәуелді. Сендіру жүйесі, сонымен қатар оны сақтау
қажеттілігін тәжірибеде таратудың дағдысын қалыптастыру қажет. Салыстырмалы
түрде жастардың құқыққа деген құрметінің пайда болып заңды болары сөзсіз. Олардың
алған құқықтық білімдері жеке өздерінің сеніміне айналуы қажет, ол келесідей:
құқыққа бағынулары, оларды қатаң сақтаулары, одан барып – ішкі қажеттіліктеріне
заңдарды жарату және оны әдетке айналдыру, нәтижесінде құқықтық және кәсіпқой
заңдылық белсенділіктерін көрсетулері қажет, яғни күнделікті өмірде жүзеге
асырулары керек. Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың келесідей
амалдары бар: құқықтық насихат, құқықтық білім беру, заңдылық тәжірибе, яғни өзін -
өзі тәрбиелеу немесе құықтық өмірге бейімделу. [3]
Жоғарыда көрсетілген амалдардың астарында оның негізгі қайнар көзі құқықтық
ақпарат жатыр. Ол арқылы тұлғаның оңды әрекет етуіне ықпал етудің маңызы зор. Бұл
жерде ерекше орынға «құқықтық минимум» проблемасы ие болады, яғни әлеуметтік
шеңберде әрбір азаматтың мәртебесіне қандай да болсын қоғамда тәуелсіз, құқықтық
білімді міндетті деңгейде иеленуі қажет, яғни өзіне қажетті деңгейде иеленуі ықтимал.
Бұл процесті тиімді басқару үшін нақты құқықтық ақпарат қайнар көзінің жүйесі болуы
керек және оларды азаматтардың іс – жүзінде қолдануы, сонымен еңбек ұжымдары,
топтардың және тұрғындардың өмір тәжірибесінде қолдануы жатады. Құқықтық
ақпарат көзінің жүйесінде анықтаушы рөлге бұқаралық ақпарат құралдары иеленеді,
сондай – ақ жалпы құқықтық оқыту бұл жерде мемлекет және құқық негіздерін тек
заңгерлік мамандықта ғана емес, оны бала – бақшадан бастап барлық оқу орындарында
оқыту керек. Сайып келгенде, мына амалға көңіл аударуымыз қажет, яғни өзін - өзі
тәрбиелеу барлық құқықтың субъектілердің құқықтық санасының құрылуына тиімді
әсерін тигізеді. Өзін - өзі тәрбиелеудің астарында құқыққа деген құрмет қалыптастыру
жатыр, яғни қажеттіліктерін ұйғарымдарға байланысты өзін - өзі оқыта отырып және
қатаң сақтап, өз тәжірибесінде және басының дербестігі арқылы талдау жасауы керек.
Жастардың құқықтық санасын тәрбиелеу табиғи түрде жанұядағы адамгершілік
құндылықтар нормасын игерумен, мектепте рухани қарым-қатынаста, сонымен қатар
құрдастарымен, достарымен және жолдастарымен ойнағанда игеріліп қалыптасып
отырады. Бұл жерде адамгершіліктің іргетасы қаланады, осыған байланысты құқықтық
сана элементтері құрылады. Өмірде болып жатқан қалыпты ағымдағы жағдайлар және
тұрмыстық әлеуметтік қақтығыстарды бақылай отырып олардың құқықтық
нормалармен
байланысын,
заңдалық
бағалықтар,
құқықтық
түсінулерімен,
көзқарастары жас азаматтардың сезімі дами отырып бекиді. Жастардың қоғамдық-
саяси рөлі ауқымды реформалар кезінде күшейюі барлық халыққа тән. Себебі,
жастардың жаңа жағдайға бейімделуі немесе жаңашылдыққа ұмтылысы жоғары
деңгейде болғандықтан қоғамдағы өзгерістерден шет қала алмайды. Жалпы қоғамның
дамуы, болшағына деген сенімді көзқарастың қалыптасуы сол қоғамдағы жастар және
жастардың әлеуметтік-мәдени ұғымдық болмысымен тікелей байланысты. Осы орайда
шығыс елдері аға ұрпақтың тәжірибесіне сүйенсе, Солтүстік Америка мен Батыс
Еуропалық елдер жастарға көп үміт артады. Сондықтан жастардың санасындағы
«құндылық» ұғымын дұрыс қалыптастыру елдің болашағын айқындайтын
факторлардың қатарына жатады. Адамзат өркениетінің бүгіні мен болашағы көп
жағдайда жастардың әлеуметтік белсенділігіне қатысты екені даусыз. Сондықтан
жастардың жетілуінің сапалық деңгейі де, жастарға деген жаңа көзқарастың
қалыптасуы да үш бірдей фактордың - жастар белсенділігінің қалыптасуының
әлеуметтікмәдени алғышарттары мен жастар саясаты, оның мәдени бетбұрыстарының
жиынтығынан және қазіргі кездегі жастардың белсенділігінің әлеуметтік-мәдени
27
болмысына тәуелді болуымен байланыстырылады. Жастар белсенділігі қоғамдық
жүйенің дәрежесіне, елдегі саяси-әлеуметтік реформаларға, демократиялық
бетбұрыстарға, мәдени құндылықтарға, ұлттық дәстүрге тәуелді, яғни жастар
белсенділігінің әр кезде мәдени құндылықтық негіздерін анықтап отырудың
заңдылыққа айналуымен байланыстырылады. Сонымен бірге, жастар белсенділігі
қоғам мен билік арасындағы алшақтыққа тосқауыл қоймақ ниеттен, құбылмалы
әлеуметтік-мәдени ортада өз құқығын қорғамақ шешімнен, жаңа қауымдастықта өз
орны мен рөлін қалыптастырмақ талпыныстан туындайды. Осындай сыртқы және ішкі
әлеуметтік-мәдени бағдарға байланысты жастар туралы түсінікте, жастар
белсенділігінің қалыптасуы мен ол туралы көзқарастардың әрқалай қабылдауы және
таралуы табиғи құбылыс. Жастардың әлеуметтік-құндылықтық бағдарына ықпал ететін
көптеген факторлар бар. Атап айтар болсақ, олардың қызығушылықтары,
қалыптасатын ортасы, діни түсініктері, халықтың салт-дәстүрі, мемлекеттің ұстанымы
т.б. – жас ұрпақтың мәдени бағдарына әрқалай ықпал етуде. Қазіргі нарықтық жағдайда
құндылық туралы түсініктер мен бағыттар өзара үйлесе бермейді де, сол алшақтық
белгілі бір деңгейде жастар арасында құлдырауға тап болғандығы да шындық. Мұның
басты себебі ретінде, жастардың өркениеттілік, мәдениеттілік тұрғысынан өзіндік
үлгісінің ауытқушылығы деуге болады. Сонымен бірге, төл мәдениетіміз бен
құндылықтарымыздың негізін құрайтын салалардың әлсіреуі, ұлттығымызға жат
әрекеттердің кеңінен таралуына түрткі болуда. Сонымен қатар, еліміздегі ұлтаралық,
дінаралық, конфессияаралық тұрақтылық пен төзімділікті сақтап қалу да барынша
маңызды мәселелердің қатарына жатады. [4]
Рухани тәрбиені сапалы негізге көшіру мақсатында рухани тәрбие ошағы болып
табылатын діни оқу орындары қызметін заң аясында дамытуды назарда ұстаған жөн.
Оларға мән бермеу және негізгі бақылауды мүдделі мемлекеттік орган назарынан тыс
қалдыру – қолдағы үлкен күштен айрылу және сол күшті мүдделі тараптардың еркін
пайдалануына, мүдделі емес тараптардың немқұрайды халге түсіруіне жол ашу болмақ.
Дінге ықылас уақыт өткен сайын күшейе түспек – өйткені ол адам болмысында бар
қажеттілік әрі қасиет. Осы ықыласты тиісті арнаға бұрудың пәрменді тетігі ретінде діни
оқу орындарын пайдалану қажет. Олардың қызметін реттеу – мемлекеттің мүддесін
бекіте түсу ретінде қабылданғаны жөн. Жастардың құқықтық және рухани
құндылықтары жастарды өз халқының рухани мәдениетіне бағыттауы, мемлекетіміздің
тарихи өткеніне баулуы, қоғамдағы келісім мен бейбітшілікті нығайту жас ұрпақтың
отаны үшін мақтан сезімін қалыптастыруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |