Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет3/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

ӘДЕБИЕТТЕР 
1. 
Рейтинг стран мира по уровню восприятия коррупции, 2018 
https://gtmarket.ru/ratings/corruption-perceptions-index/info 
2. 
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жағдайының мониторингі. 
Алматы,2019 http://tikazakhstan.org/aza-standa-y-sybajlas-zhem-orly-zha-dajyny-
monitoringi/ 
ӘОЖ 323/324(075) 
 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Акмурзина А.Т. 
Қазақстан теңіз университеті, Ақтау қ. 
 
Аңдатпа. Мақалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру 
қарастырылады. Сыбайлас жемқорлық тарихы қарастырыла отыра қазіргі таңдағы 
жастардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты көзқарастары зерттеледі. Қазақстанда 
сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң талқыланады. 
Түйінді сөздер: сыбайлас жемқорлық, мәдениет, пара. 
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін «сыбайлас жемқорлық» 
ұғымының мазмұнын, осы этностық әлеуметтік құбылыстың тарихи түп-тамырын 
түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық ұғымы қазіргі ғылыми және 
қоғамдық-саяси әдебиетте кеңінен қолданылады. «Сыбайлас жемқорлық» сөзі (латын 
тілінен «corumper») көптеген мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, 
азғыру, тура жолдан тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу, 
бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын таптау, «rumpere» көп мағыналы (бұзу, қирату, 
заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын «со» қосымшасы 
сыбайлас жемқорлық – бұл бірнеше субъектілердің қатысуымен іс-қимыл жасау екенін 
көрсетеді. Бұдан өзге, латынша «corruptio» «параға сатып алу», «іріп-шіру» дегенді 
білдіреді, «сыбайласу» етістігі «біреуді ақшамен немесе өзге де материалдық 
игіліктермен параға сатып алу» дегенді білдіреді. Рим құқығында «corrumpire» сөзі 
«сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, алдау, бұрмалау, параға сатып алу», сондай-ақ 
«құлдырау, бұзылғандық, нашар жағдай, (пікір немесе көзқарастың) құбылмалылығы» 
деген мағынаны білдіреді [1].
Сыбайлас жемқорлық ұғымының жалпыға танымал тұжырымдарымен қатар, 
латын термині «corruptio» екі түбірлі сөзден «cor» (жүрек, жан, рух, ақыл-ес) және 
«ruptum» (бүлдіру, бұзу) шығады деген пікір бар. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың 
мәні лауазымды тұлғаны параға сатып алуда немесе оларды байытуда емес, ал 
әлеуметтік жүйені, оның ішінде мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін бұзуда (ыдырату, 
іріп-шіру), мемлекеттің, азаматтардың заңды мүдделерін қоғамдағы өзінің жағдайын 
жеке мақсатына пайдакүнемдік арқылы сатып кетуде. 



Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күні Қазақстанда күрделі мәселесі 
болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның құқықтық сауатсыздығын 
жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру және жастарға 
сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі жұмыстарға қолдау мақсатында өткізген 
семинардың берері мол болды. 
Бүгінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік 
мәртебе берілген, сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау 
жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
ауқымды науқан жүргізілуде. 
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым 
бағыттарының бірі болып айқындалған. 
Қазір елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қолданылуда, оның негізі 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» 
заңдары болып табылады. Осы бағытта бірқатар бағдарламалық құжаттар жүзеге 
асырылуда, мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 
саласында міндеттерді іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылған, сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес аясында халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге 
асырылуда. 
Экономиканы әрі қарай дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлемнің бәсекеге 
қабілетті отыз елдердің қатарына кіру мақсатын жүзеге асыру бойынша стратегиялық 
міндеттерді шешуді, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жаңғыртуға 
және азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыруға негізделген жаңа жүйелі 
шаралар қабылдауды талап етеді, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша 
азайтуға мүмкіндік берер еді. 
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси 
дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін 
жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас 
жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың 
құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси 
және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі 
қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі 
сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. 
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бірі ретінде айқындалған 
мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары. 
«Сыбайлас жемқорлық» ұғымы азаматтарымыздың «мемлекеттік қызмет» 
ұғымымен жиі байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанда 
мемлекеттік-саяси деңгейге қойылып, тікелей Мемлекет басшысы бақылауына алынған 
жоқ. 
Республикада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін заңнамалық база, атап 
айтқанда «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша 
шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және т.б. қалыптастырылды. 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республиксының 
Заңы азаматардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық 
көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, 
сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және 
жолын кесу және ашу жолымен мемлекттік функцияларды орындайтын мемлекеттік 
органдардың, лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген 
адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жауаптылықтың басталу 
жағдайына бағытталған. 



Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты 
бағытарының бірі болып табылады. 
Елімізде барлық мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 
жүргізуде. 
Әділет басқармасында ағымдағы заңнаманы зерделеу бойынша сабақтар
сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары бойынша семинарлар 
тұрақты түрде өткізіледі. 
Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру 
мақсатында университетте тұрақты кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы 
заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында 
заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына 
қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу керек. 
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің элементі ретінде құқықтық және 
адамгершілік сана 
2. Сыбайлас жемқорлыққа қоғамдық бақылау 
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мағынасы 
4. Шет елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет 
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсылықтың жаңа идеология 
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңы азаматтардың құқықтары мен 
бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-
қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбай-
лас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың 
жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту 
арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды жә-
не басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызме-тін 
қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі 
принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың 
түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді 
Заңда мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға 
теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байла-нысты 
мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз 
өкілеттіктерін езгеше пайдалануы, жеке езі немесе делдалдар арқылы заңда 
көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға 
жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылық-тарды құқыққа қарсы 
беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.[2]
Занда, сондай-ақ өзге заңдарда кезделген, заңдарда белгі-ленген тәртіптік, 
әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен 
жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас 
жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық 
бұзушылықтар) болып табылады. 
Мемлекеттік міндеттер - Қазақстан Республикасының Конституциясымен және 
зандарымен мемлекеттің, оның органдары мен мемлекеттік қызмет атқа-ратын 
адамдардың өкілеттігіне жатқызылған іс-жүргізу мәндері. 
Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау міндеттері - заңдармен 
уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заң 
актілеріне сәйкес заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, заңдардың бұзылу себептері 
мен жағдайларын анықтау мен жою, азаматтар мен заңды тұлғалар-дың бұзылған 
құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі біркелкі 



қолданылуын және нормативтік актілердің міндетті талаптарының орындалуын тексеру 
жөнінде жүзеге асыратын міндеттері. 
Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар мемлекеттік міндеттерді мен 
мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей атқару үшін Қазақстан Респу-бликасының 
Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзгеде 
заңдарында белгіленген қызметтерді атқаратын адамдар.Заңның қолдану аясына 
тоқтала кететін болсақ. Заң Қазақстан Респу-бликасының күллі аумағында барлық жеке 
және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Қазақстан республикасынан тыс 
жерлерде, егер халық-аралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының 
азаматтары мен Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты 
қолданылады. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері: 
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес; 
- барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдігі; 
- мемлекеттік органдардың қызметін анық құқықтық регламенттеуде, мұндай 
қызметтің заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды 
қамтамасыз ету; 
- мемлекеттік аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды 
тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешу рәсімдерін 
жетілдіру; 
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ 
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық басқада жүйелерін 
қорғаудың басымдығы; 
- Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес 
лауазымды адамдар мен мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген басқа да 
адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен 
бостандықтарын шектеуге жол берілуін тану; 
- жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін 
қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлықпен Құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын 
жою және олардың алдын алу. 
- сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын 
азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 
- мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген адамдар мен соларға 
теңестірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттің қорғауы 
аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету 
жалақы (ақшалай үлес) мен жеңілдіктер белгілеу; 
- осындай қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсіпкерлік 
қызметті мемлекеттік реттеуге өкілеттік берілуін болдырмау, сондай-ақ оған бақылау 
жасау; 
- сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, жолын кесу 
және олардың алдын алу мақсатында жедел іздестіру қызметі мен өзгеде қызметтерді 
жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен заңға қайшы тапқан ақша 
қаражаты мен өзге де мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында арнайы қаржылық 
бақылау шараларын қолдану.[4] 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адамдарға тиіспеушілік 
кепілдіктері: 
1) Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған 
немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адам 
мемлекеттің қорғауында болады. 



2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адам туралы ақпарат 
мемлекеттік құпия болып табылады және осы Заңның 6-бабының 2 және 4-
тармақтарында аталған органдардың немесе соттың сұратуы бойынша заңда 
белгіленген тәртіппен ғана табыс етіледі. Бұл ақпаратты жария ету заңда белгіленген 
жауаптылыққа әкеп соғады. 
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе 
соларға теңестірілген адамдардың мынадай: 
1. Басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу; 
2. Аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының 
материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде 
өздерінің қызметтік өкілеттігін пайдалану; 
3. Мемлекеттік және оған теңестірілген қызметке кірген және онда 
жоғарылатылған кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, 
отбасылық жақындық); 
4. Шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде занды және жеке тұлғаларға заңсыз 
артықшылық көрсету; 
5. Кімге болса да табыс алуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті 
жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету; 
6. Мемлекеттік міндеттерін атқару кезінде алынған ақпаратты, егер ол ресми 
жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану; 
7. Берілу заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден 
негізсіз бастарту, оны кешіктіру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру; 
8. Жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуі заңдарда көзделмеген ақпаратты 
бұл тұлғалардан талап ету; 
9. Мемлекеттік қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген 
кандидаттардың немесе қоғамдық бірлестіктердің сайлау қорына беру; 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мемлекеттік саясаттың тұрақты және 
басты бөлігі болып табылады. Бұған дәлел ретінде 2001-2005 жылдарға арналған 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама 
қабылданғанын атап айту керек. Бұл іс шаралар жоспары жүзеге асыру барысында 
Қазақсан – 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму кезеңдерімен тығыз байланыста 
жалғасын табу көзделген. Парламенттегі заңдар мен соттық-құқықтық реформалар 
жөніндегі комитеттің төрағасы С.Жалыбин пікірі бойынша Қазақстанда бүгінгі күні 
сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрестің барлық құқықтық механизмі жасалған. 
Қорыта айтқанда, алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 
көптеген әдіс-тәсілдері мен құрлымдарын меңгерудің қиында ұзақ жолы жатыр, яғни 
сабырлықты, жауаптылықты, күш жігерді, аянбай теориялық жұмыстар жасауды және 
тәжірбиеде қатаң қимылға көшуді талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет