150
Біріншіден, Қазақстан Президенті Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамда
сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенімі деңгейінің күшеюі мемлекеттік билікті
әлеуметтік қолдауды айтарлықтай нығайтты.
Екіншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүйелі заңды
өзгерістер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесінің нығаюы
үшін қатаң құқықтық негіздер құрылды.
Үшіншіден, мемлекеттік қызметте, құқық қорғау, сот органдарында,
квазимемлекеттік секторда кадр саясатын сапалы қайта қарау мемлекеттік басқарудың
кадр корпусындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету үшін
жағдай
қалыптастырды.
Төртіншіден, мемлекеттік органдардың қоғамдық бақылауды легитимациямен
бірлесіп ашықтықты арттыруды басқарудың мемлекеттік органдармен қабылданатын
шешімдерге жауаптылығын жоғарылатты.
Бесіншіден, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға белсенді және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды алға тарту сыбайлас
жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті күшейтуге мүмкіндік берді.
Мемлекеттік басқару тиімділігін және сапасын бағалау алты көрсеткішпен
есептеледі:
- халықтың пікірін ескеру және мемлекеттік органдардың есеп беруі;
- саяси тұрақтылық және зорлық-зомбылықтың болмауы;
- үкімет жұмысының тиімділігі;
- заңнама сапасы;
- заңның үстемдігі;
- сыбайлас жемқорлықты тежеу.
«Сыбайлас жемқорлықты тежеу» индикаторы бойынша қоғамда сыбайлас
жемқорлықты қабылдау деңгейі бағаланады және экономиканың
дамуына сыбайлас
жемқорлықтың әсер ету дәрежесі анықталады. Елдерді 0-ден 100 балға дейінгі шкала
бойынша іріктейді, онда нөл ең жоғары, жүз – ең аз сыбайлас жемқорлық деңгейін
білдіреді [2].
Соңғы нәтижелері бойынша Қазақстан 20,7 балл жинады, 2015 жылғы (19,7)
көрсеткішінен 1 балл жоғары және 2010 жылдың (17,5) нәтижесінен 4 балл жоғары.
Бұл индикатордың тұрақты өсуі, тиімді, әлемдік стандарттарға
сай институттардың
және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін құруға бағытталған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясаттың елеулі дәрежеде нәтижелі екенін сипаттайды.
Жоғары оқу орны қауымдастығығының академиялық адалдық пен нөлдік
төзімділік қағидаттарын алға жылжытудағы күш-жігерін біріктіру үшін елдің 50-ден
астам жетекші жоғары оқу орындарының қатысуымен
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
телекөпір өткізілді.
Телекөпірдің қорытындысы бойынша «Адал Бол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы
эстафета басталды, оның шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарға
студенттер сюжет түсіріп, кейін Интернеттегі желілерде бейнероликтер таратқан.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы эстафета студенттер арасында танымал болды
және жылдың соңында еліміздің барлық жоғары оқу орындарын қамтыды.
«Адалдық алаңы» сайтының іске қосылуы арқасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды, білім беру,
шығармашылық бағыттарды, бейне материалдарды және жоспарланған іс-шаралар
туралы ақпаратты таба алатын білім беру алаңы құрылды. Сайтта «Азаматтық
қоғаммен келісім», «Құрмет және этика» сияқты бірегей беттер бар.
Мұның барлығы мемлекеттік қызметшілердің, кәсіпкерлердің және басқа салалардың
қызметкерлерінің этикалық тәрбиесіне бағытталған.
151
Қазақстандық блоггерлер альянсымен бірге Facebook
әлеуметтік желісінде
«#АНТИВЗЯТКА» флеш-мобы өткізілді, оны өткізу барысында балаларға
жемқорлықтың қоғамға қандай қатер тигізетіні және оған қалай қарсы тұратыны
түсіндірілді. Акцияны еліміздің барлық өңірлерінен әлеуметтік желілердің 15 мыңнан
астам қолданушылары қолдады, олардың арасында танымал теле жүргізушілер,
спортшылар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сондай-ақ
мемлекеттік ұйымдардың
өкілдері бар.
Сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыруда маңызды рөл
жастардың рухани және адамгершілік тәрбиесіне көңіл бөлінеді. Діни және этномәдени
бірлестіктер өкілдерімен кездесулер дәстүрге айналды, бүгінгі күні олар қауіпқатер
туралы ескертіп, пара бермеуге шақыра отырып, жемқорлыққа қарсы тәрбиеге үлкен
үлес қосты.
Достарыңызбен бөлісу: