Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет55/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

 
ЛИТЕРАТУРА 
 
1.Сборник материалов по исследованию зарубежного опыта противодействия 
коррупции // http://anticorruption.gov.kz 
2.Антикоррупционные 
меры: 
зарубежный 
опыт 
Д.О. 
Папунина 
// 
https://vuzlit.ru/1190227/antikorruptsionnye_mery_zarubezhnyy_opyt 
3.Зарубежный опыт противодействия коррупции
. (Доклад Московского бюро по 
правам человека) 


154 
ӘОЖ 343.4 
 
ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Асан Н., студент 
Ғылыми жетекшісі: Аманчаева К.Р.
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ.
Аңдатпа. Бұл мақалада жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
мәдениетті қалыптастыру мәселелері мен оның негізгі көрсеткіштері қарастырылған, 
соның ішінде мектеп жасына дейін (3-6 жас), кіші мектеп жасында (7-10 жас), орта 
мектеп жасы (10-14 жас) және жоғары мектеп жасын да қамтамасыз етуі тиіс.
Түйінді сөздер: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, Қазақстан 
Республикасының заңнамасы. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа 
төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз 
құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық 
және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, 
мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді 
азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен 
оқытудың үздіксіз процесі. Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық 
ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-
шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік 
тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де 
шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады [1].
Сыбайлас жемқорлық – өздерінің лауазымдық өкілеттіліктерін және олармен 
байланысты мүмкіндіктерді пайдаланып, немесе мүліктік пайда табу үшін заңда 
қарастырылған мемлекеттік қызметтегі және оларға теңестірілген тұлғалардың өздері 
немесе делдал арқылы мүліктік игіліктерді немесе артықшылықтарды қабылдау емес, 
ол лауазымды адамдарды оларға заңды және жеке тұлғалардың аталған игіліктерді 
және артықшылықтарды құқыққа қайшы жолмен ұсынып, параға жығуды болып 
табылады [2]. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет:

Бұл адамның саналы және адамгершілік пен сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы тұру қабілеті

Тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың 
зияны туралы білімін қамтитын қасиеті

Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, 
сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы

Ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарлы сіңіру

Тиісті моральдық сенімдерді, қасиеттер мен сезімдерді қалыптастыру

Қажетті моральдық қажеттіліктер мен әдістерді дамыту

Жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі 


155 

сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез-
келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі

жемқорлық көріністеріне қатысты материалдарды объективті және сыни 
көзбен бағалай білуі. 
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру 
мәселелері.

Мектеп жасына дейінгі (3-6 жас) - Әлеуметтік маңызды тәжірибені 
қарқынды жинақтау және әлеуметтік кеңістікте бағдар алу кезеңі) балаларға Отанға 
деген махаббат және оны қорғау қажеттілігі, өзін қоршаған адамдар мен қазақстандық 
халықты құрметтеу, тәртіптілік, адалдық сияқты құндылықтарды сіңіруге айрықша 
көңіл бөлу керек.

Кіші мектеп жасында (7-10 жас) - Біршама өзгермеген түрде өмір бойы 
сақталатын тұлғалық қасиеттер мен саралардың қарқынды қалыптасуы жүзеге 
асырылады. Сондықтан бұл жаста рухани мәдениеттің қалыптасуының маңызы зор.

Орта мектеп жасы (10-14 жас) - Балалардың өміріндегі күрделі кез – бұл 
балалық шақта сіңірген рухани-эстетикалық қорын бекемдеу, оны салмақтап, байыту. 

Жоғары мектеп (14-18 жас) - Бұл дене және психологиялық кемелденудің 
аяқталатын, қоғамдық пайдалы өндірістік еңбекке және азаматтық жауапкершілікке 
әлеуметтік дайын болатын кезең [3].
Осы мақалада қарастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттті 
қалыптастыру көрсеткіштері адамның кішкентайынан қалыптасуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет