Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет56/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. 
Сыбайлас 
жемқорлыққа 
қарсы 
күрес 
туралы 
// 
http://30-
taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/24-sybaylas-zhemorlya-arsy-kres-
turaly.html
2. Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-қимыл 
мәселелері 
бойынша 
ұлттық 
заңнаманы 
жетілдіру 
// 
https://baribar.kz/student/823 
3. Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру // 
https://ust.kz/word/ 
 
ӘОЖ 343.4 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 
ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Қалабаев Р., студент 
Ғылыми жетекшісі: Аманчаева К.Р.
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ.
Аңдатпа. Осы мақала сыбайлас жемқорлық, cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл шараларының жүйесін, cыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді анықтап 
көрсетеді. Осы мәселе бойынша университетерде оқытылатын пән туралы сөз 
қозғалады және болашақ жемқорлыққа қарсы маманның типі анықталып көрсетіледі.
Түйінді сөздер: сыбайлас жемқорлық, cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 
шараларының жүйесі, cыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер. 


156 
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе 
дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын 
басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың,лауазымдық 
дәрежелерін қолдана отырып және делауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне 
қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар. Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі: 
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті; 
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды; 
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу 
кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды; 
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және 
сақтауды; 
6) қаржылық бақылауды; 
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді; 
8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді; 
9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын; 
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, 
ашуды және тергеп-тексеруді; 
11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды; 
12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды; 
13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы 
қалыптастыруды және жариялауды қамтиды [1] 
XX ғ. соңында сыбайлас жемқорлық жаһандық, әлемдік ауқымда таралып 
кетті.БҰҰ, Еуропа Кеңесі, Америка Мемлекеттері Ұйымы, Еуропалық Одақ
Еуропалық Комиссия, т.б. халықаралық ұйымдар сыбайлас жемқорлықпен күресу 
бойынша әр түрлі бағдарламаларды құрып, қабылдайды, көптеген елдер заңнамасы 
сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке 
тартады. 
Қазақстан Республиксының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңында 
сыбайлас жемқорлыққа келесідей ұғым берілген: Мемлекеттік міндеттерді атқаратын 
адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін 
және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін 
олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы,жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда 
көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға 
жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы 
беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады [2]. 
Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын 
адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, 
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген 
адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін 
және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне 
не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу 
немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен 
артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу; 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін 
азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған 
құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де 
шаралар. 


157 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – осы Заңда белгіленген және 
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер [3]. 
Студент жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті нығайту 
мақсатында біздің университетімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет 
негіздері» курсы оқытылып жатыр жән сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы шаралар 
тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Пәнді оқытудағы негізгі мақсат – студенттерді 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұлға ретінде тәрбиелеу, жемқорлық әрекеттеріне әсер 
ететін факторлар, жемқорлық көріністері туралы жалпы кешенді білімдер, сыбайлас 
жемқорлық саласындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы біліктермен, білімдермен қаруландыру; студенттердің бойынан сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы «иммунитетті» қалыптастыру болып табылады.Жастардың 
бойындағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырушы шарттар керек екендігі 
сөзсіз. Ол үшін, ең алдымен жастар:
- Сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп 
тануы,
- Жемқорлық көріністерін анық ажырата білуі,
- Әр адамның пара беру және пара алуға қарсылығы болуы қажет. 
- Мәдениетті; 
- Ең алдымен құқықтық сауатты; 
- Жемқорлық көріністерін ажыратын білетін; 
- Білімді, бәсекеге қабілетті; 
- Азаматтық ұстанымы айқын тұлға болуы тиіс [4]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет