Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет14/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

ӘДЕБИЕТТЕР 
1. БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы. 2003 жылғы 31 қазан. 
2. Қоғамдық кеңестер туралы: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 
қарашадағы №383-V Заңы // Егемен Қазақстан. – 2015. – 3 қараша. 
3. Плотников А. А. Общественный контроль и его потенциал в противодействии 
коррупции // Государство и право. – 2013. – № 2. 
4. Кулешова Н. Н. О современном состоянии общественного контроля // 
Юридическая наука. – 2011. – № 2. 
5. Абдрасилов Б.С. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері». – 
Астана: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару 
академиясы, 2016. – 176 б. 
ӘОЖ 323/324(075) 
 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ, ОНЫҢ АЛДЫН 
АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Жұмалы Н., оқушы 
Ғылыми жетекшісі: Кадирова А. А. 
Ақшұқыр мектеп лицейі, Түпқараған ауданы 
 
Аңдатпа. Мақалада сыбайлас жемқорлық үшін жауаптылық қарастырылады
Сыбайлас жемқорлық даму тарихы қарастырыла отыра қазіргі таңдағы жастардың 
сыбайласқа қатысты көзқарастары зерттеледі. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу 
үшін алдын алу жөнінде ұсыныстар берілді. 
Түйінді сөздер: сыбайлас жемқорлық, жауаптылық, айыппұл. 


41 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: 
«Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-
бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес». 
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты 
француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі 
көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті 
шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан. Тарихта шумерлар 
мен семиттер дәуірінде де мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық 
болғандығын айтады. 
Мысалы, 
Лагаш Патшасы Урукагина шенеуіктер мен судьялардың 
жемқорлыққа салынуын айыптаған ең алғашқы патша болып саналады. Ол лауазымды 
тұлғалардың қызметтерін теріс пайдалануын сынап отырған. Патша әкімшілігі 
жанындағы храм қызметкерлерінің халықты дінмен қорқытып, пара талап етуін 
тоқтатқан. Салт-дәстүрді желеу етіп, рәсімдер үшін жиналатын төлемдерді азайту 
мақсатында мемлекеттік басқаруға өзгерістер енгізген. [1]. 
Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес сонау ежелгі заманда пайда болған. 
Сазға жазылған сына жазудың арқасында қазіргі уақытқа дейін жеткен тарихи 
мәліметтерге сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресуші боп танылған бірінші билеуші 
б.з.д. 2400 жылда өмір сүрген шумерлік билеуші болған. Ол жемқорлық үшін өте қатал 
жаза енгізген. Өкінішке орай, тақтайшаларда, оның оң нәтижеге жеткен жетпегені 
туралы айтылмаған. 
Жемқорлықты айыптау көптеген діни кітаптарда кездеседі, бірінші кезекте 
Құран мен Библияда. Ал б.з.д. IV ғасырда Индияда «Арташастра» трактаты жазылған 
болатын, онда жемқорлықтың түрлері мен онымен күресу тәсілдері талқыланған.
Қоғамның дамуына және кітапбаспаның пайда болуына қарай ол туралы жиірек және 
көбірек жазылатын болды. 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясына сәйкес 
сыбайлас жемқорлық президентке сенімсіздік жариялануға себеп болатын екі 
қылмыстың бірі болып табылады. 
Тарихқа сыбайлас жемқорлықпен сәтті күрестердің көптеген мысалдары мәлім. 
Міне солардың тек біреуі ғана. Франция, XVIII ғасырдың аяғы. Якобиндік диктатура 
қазасынан кейін билікті мемлекет тарихындағы ең сыбайластық тәртіп Директория 
жаулап алды. Директория басқарған жылдары Франция құлдырады. Кейін билікке 
бірінші консул болып сыбайлас жемқорлықпен батыл күрес бастаған Наполеон келді. 
Бұл күрес қатігездікке емес, жазаның бұлтартпастығына сүйенген. Бірнеше ай ішінде 
Наполеон керемет жетістіктерге жетті, сонымен қатар Директория кезінде ұрланған 
ақшаларды қазынаға қайтарды. 
Қазаққа жемқорлық қайдан келіп, қалай қалыптасты… 
Жыл сайын түрлі елдердің мемлекеттік секторындағы сыбайлас жемқорлықтың 
деңгейін зерттеп жариялайтын Халықаралық Transparency International ұйымының 
мәліметі бойынша, 2014 жылы Қазақстан коррупцияның деңгейі жөнінен 175 елдің 
арасында 126-шы орынды иеленді (2013 жылы – 140-шы орын). «Коррупцияға 
төзімділік индексі» деп аталатын бұл кестеде 50-ші орыннан төмен орналасқан елдегі 
сыбайлас жемқорлық алаңдатарлық жағдайда деген сөз. «Коррупцияға төзімділік 
индексі тізімінің соңында тұрған елдер өз халқының игілігі үшін коррупцияға қарсы 
шұғыл шаралар қабылдауы қажет» деп дабыл қағады осы ұйым басқармасының 
төрағасы Хосе Угос. [2]. 
Тамыры жұлынған арам шөп қана өсуін тоқтатады. Қазақ еліндегі сыбайлас 
жемқорлықтың тарихи-әлеуметтік себептерінің бір ұшы патшалық Ресейдің әкімшілік 
жүйесінде жатыр. Жалпы, тарихта отар болған мемлекеттер көп. Бодандыққа ұшырап, 
табиғи байлығынан, қазынасынан айрылған елдер аз емес. Бірақ, соның ішінде, ең 


42 
ауыры – рухани дүниесінен, болмысынан, ділінен, өзегінен айрылу. Ал, ресейлік 
қоғамда парақорлықтың пайда болуы XVII-XVIII ғасырларда орныққан шенеуніктер 
қызметімен тығыз байланысты. Ресей патшалығы тұсында парақорлық барлық 
дәрежедегі шенеуніктердің жасырын табыс көзіне айналып, мемлекеттік лауазымға ие 
болу жеке адамның байлыққа қол жеткізуінің бірден бір жолы деген көзқарас орнады. 
Міне, осындай күштеп отырықшыландыру, күштеп ұжымдастыру саясаты қазақтың 
дәстүрлі өмір салтын өзгертумен бірге ең құнды қасиеттерінен айырды. Әсіресе, қолдан 
ұйымдастырылған ашаршылық бүкіл халықты есеңгіретіп кетті. 
Осылайша, патшалық биліктен отарлаудың эстафетасын қабылдап алған 
большевиктер қазақтарды ұлтсыздандыру процесінде көздеген нәтижесіне жетіп 
жығылды. Өкінішке орай, тәуелсіздік алысымен елімізде отарсыздану процесі қолға 
алынбады, жекелеген талпыныстар болмаса, жаппай рухани-мәдени жаңғыру, отарлық, 
құлдық психологиядан арылудың арнайы технологиялары жүргізілмеуі себепті біз көп 
мүмкіндіктен айрылып қалдық. Ендігі қауіп – жастардың да соған бейімделуі. 
Сыбайлас жемқорлық өсіп келе жатқан жастардың жолын кеседі немесе олар да бұл 
құбылысқа төзімділік танытып, жемқор ағаларының жолын жалғастыруы әбден мүмкін. 
Қазірдің өзінде елдегі жемқорлықтың ахуалы мектеп оқушысына дейін мәлім. сыбайлас 
жемқорлықты жою мемлекеттің болашағы үшін, мемлекет құраушы ұлттың – қазақтың 
өзі үшін керек. 
Сыбайлас жемқорлық әлемдік масштабтағы проблема болғандықтан, онымен әр 
ел өздігінше күрес жүргізеді. Жемқорлыққа күресті табысты жүргізіп отырған елдерге: 
Нидерланды, Израиль, Италия, Испания, Оңтүстік Африка Республикасы, Ботсванада, 
Қытай және т,б елдер жатады. 
Қытай Халық Республикасы жемқорлықпен күреске қатты көңіл бөлетін 
елдердің қатарында. Мұнда сыбайлас жемқорлықпен ұсталған адамға өлім жазасы 
кесіледі.Нидерландыда сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жазалау жүйесі – бұл 
мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеуге қатаң тыйым салуды және мемлекеттік қызмет 
ұсынатын барлық әлеуметтік жеңілдіктерінен айыруды көздейді.
Оңтүстік Африка Республикасында бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық деңгейі 
көптеген Еуропа елдеріне қарағанда төмен. Олар қабылдаған жаңа заңдардың 
көмегімен үкіметті парламент алдында есеп беруге міндеттеу арқылы, шенеуніктер мен 
депутаттарға табыстары және басқа да салық төлейтін мүліктері жөнінде декларация 
тапсыру және мемлекеттік жүйенің ашықтығын қамтамасыз ететін қадамдарды 
қабылдау арқылы қол жеткізеді. 
Ал Қазақстанда сыбайлас жемқорлық үшін:
1) 
Бес жүз және одан жоғары көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл; 
2) 
Үш жылдан және одан артық мерзісге белгілі лауазымдарды атқару 
немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; 
3) 
Бір жүз жиырма сағаттан және одан көп уақытқа қоғамдық жұмыстарға 
тарту; 
4) 
Екі жылға дейінгі түзеу жұмыстары; 
5) 
Екі жылдан және одан артық мерзімге бас бостандығын шектеу; 
6) 
Екі жылдан және одан артық мерзімге бас бостандығынан айыру; 
7) 
Мүлкін тәркілеу сынды жазалар қолданылуы мүмкін. [3]. 
Көріп отырғандарыңыздай Қазақстанда сыбайлас жемқорлық үшін жеңіл жаза 
түрлері қолданылады. Сондықтан болар біздің елде сыбайлас жемқорлық көп орын 
алады. Осының алдын алу үшін жазаны күшейту керек деп ойлаймын. 
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың 
құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын 
арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай 


43 
да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану 
керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, 
сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат 
жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас 
жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның 
институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет