44
барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты
рухани- этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл
екенін көрсетті.
Осыған байланысты елімізде сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениетті
қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс болашақ жастар қатарын қамтуға тиіс.
Дегенмен, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің
дүниетанымдық, этикалық,рухани аспектілерін жан-жақты көрсететін шаралар өткізу
қажет. Сондықтан да қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру өте өзекті деп есептейміз.
Қазір
әлем
елдерінің
алдында
тұрған
өзекті
мәселенің
бірі
–
жастардың арасындағы сыбайлас жемқорлық. Орасан зор салдары бар бұл әлеуметтік
дерттен біздің қазақстандық жастар қоғамы да белгілі бір деңгейде зардап шегіп отыр.
Сондықтан сыбайлас жемқорлық мәселесі мемлекет пен қоғамның бүкіл саласына
қатысты өткір сипат алып, бұрынғыдан бетер өзектілене түсуімен назар аудартады.
Себебі, жемқорлық дерті мемлекеттік қызметке баратын жастардың және пара алатын
лауазымды тұлғалардың беделін түсіріп қана қоймай, билік жүйесінің, сонымен қоса
бүкіл әлеуметтік жүйенің құлдырауына әкеп соғуымен қауіпті. Алайда, еліміз
тәуелсіздік алғалы бері қаншама заңнамалар қабылданып, сан алуан іс-шаралар үздіксіз
жүргізіліп келсе де, бұл келеңсіз құбылыстың жолы кесілмей қойды.
Бүгінгі заманда жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың таралуына:
- жастардың жұмыссыздығы,
- баспана мәселесі,
- елдегі әлеуметтік ахуалдың әлі де төмендігі,
- билік құрылымдарының жауапсыз іс-әрекеттері,
- осы саладағы тиісті заңнаманың өз деңгейінде орындалмауы,
- жастардың құқықтық санасы мен білімінің төмен болуы,
- жастардың өз-өзіне сенбеушілігі,
- жастардың санасына сыбайлас жемқорлық ұғымының дендеуі ,
-
қоғамда
демократиялық дәстүрлердің сақталмауы, сот жүйесіндегі
әділетсіздіктер және т.с.с. көптеген себептер әсер етеді. Әсіресе, жастардың сыбайлас
жемқорлық көріністеріне көз жұмып қарауымен пара берушілікке бой алдыруы үрдіске
айналып отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар тұрғысынан мәдениеті қалыптасқан адам
жемқорлықтың қоғам мен мемлекет, әрбір адам үшін қаншалықты қауіпті екенін
сезініп, жемқорлық құбылысына қарсы тұратын болады, яғни осындай келеңсіз
көріністерге мүлдем төзе алмайды. Сөйтіп, осы дерттің жойылуына үлес қосуына алып
келеді. Мұның өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің азаматтардың саяси
белсенділігін көтеруге ықпал ететінін көрсетеді.
Сондай-ақ, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің
толық қалыптасуы үшін бірқатар шарттар керек екендігі сөзсіз.
Ол үшін,
ең алдымен, жастар:
- сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп
тану,
- жемқорлық көріністерін анық ажырата білу,
- мемлекеттің түрлі салаларында жемқорлықтың алдын - алу,
- әр адамның пара беру және пара алуға қарсылығы, заңдардың орындалуына
үлес қосуы қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің болуы әр адамның
құқықтық сауаттылығына да байланысты, бұл біреуде төмен, біреуде жоғары болуы
мүмкін. Мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген
сенімділігін
нығайтады, сөйтіп ол сыбайлас жемқорлыққа қатысты кез- келген құқық
45
бұзушылыққа тойтарыс бере алатын дәрежеге жетеді. Бұл әрине, әрбір адамның
азаматтық ұстанымына, өмірлік қағидаларына, тұлға ретіндегі қасиеттеріне
байланысты қалыптастады.
Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алынатын тәрбиенің
маңызы зор. С
ыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау қоғамның түрлі
салаларын қамтиды, оның ішінде, әсіресе, білім беру мекемелеріне жүктелетін
жауапкершілік аса жоғары. «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл бағдарламасында: «Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік
таныта
отырып қатысуы керек
[3]
. Бұл жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен
бастаған абзал», делінген. Мұнда өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен
мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тәрбиелеу
міндеті қойылып отыр. Өйткені, азаматтардың өз құқықтарын жақсы білуі қоғамдағы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына бірден-бір ықпал ететін
фактор. Еліміздің әрбір азаматы қандай да бір заңнаманы сәйкесінше қолдана білсе,
мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолдануына жол бермесе, яғни заңды
құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып,
әлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосылар еді.
Осыған орай, қазақстандық әрбір жас:
- Ең алдымен,
құқықтық сауатты
- мәдениетті,
- жемқорлық көріністерін ажырата білетін,
- «нөлдік» төзімділігі қалыптасқан,
-
білімді, бәсекеге қабілетті болу керек
- азаматтық ұстанымы айқын тұлға болуы тиіс.
Мұның бәрі елімізде құқықтық мемлекеттің іс жүзінде орнауына, заңның
үстемдігіне, әр адамның қауіпсіз өмір сүруіне, қоғамдық тәртіптің нығаюына,
әлеуметтік ахуалдың жақсаруына, ең бастысы ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
және тұрақты дамуға жеткізеді.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу
үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру
жұмысының
деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын,
өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-
қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Әсіресе, жастардың
осы тұрғыда сауатты болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: