Б. Ж. Қоқымбаева, Ж. А. Кожахметова Қазақ музыкалық МӘдениеті



Pdf көрінісі
бет15/56
Дата25.05.2022
өлшемі6.27 Mb.
#458636
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56
Кокымбаева БЖ Кожахметова Оқу

 
Дәріс: 
1. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ музыкалық мәдениеті туралы 
ғалымдардың зерттеулеріне қысқаша сипаттама. 
2. Тәуелсіздік кезеңіндегі сарқылмас үн әлемінің негізгі мәселе- 
лері. 
 
Дәріс: 
1. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ музыкалық мәдениеті туралы 
ғалымдардың зерттеулеріне қысқаша сипаттама. 
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ музыкалық мәдениеті өзара байла- 
нысты екі үрдіспен сипатталады. Бір жағынан, Ұлы дала музыкасының 
өзіндік ерекшелігі мәселелері қойылып, шешілетін қазақ интеллиген- 
циясының ынталы ізденістері. Екінші жағынан, қабылданған «Мәдени 
мұра», «Халық тарих толқынында», «Рухани жаңғыру», Ұлы Даланың 
жеті қыры» бағдарламаларына сәйкес мемлекеттік деңгейдегі жоспар- 
лы қызмет. Осы кезең үшін ортақ платформа-ұлттық игілікті халық 
пен мемлекеттің қазіргі және болашақта талап етілетін жоғары 
құндылық ретінде қайта ойлау болып табылады. 
Мұндай ой-пікірлер философтар, филологтар, мәдениеттанушылар, 
музыкатанушылар еңбектерінде қарастырылады. Еліміздің ұлттық 


48 
идея, халық рухы, көшпелі қоғам адамының эстетикалық мұраттары 
және қазақ халқының тіршілік әрекетінің басқа да маңызды жақтары 
сияқты күрделі мәселелерін көшпеліліктану, күйтану және тәңірі- 
ліктану тұрғысынан әзірлеуге Қанат Шыңқожақызы Нұрланова үлкен 
көңіл бөледі. Ойшылдың пайымдауынша, жыраулықтың, ақын 
шығармашылығының мазмұны биік өмірлік-шығармашылық эфирмен 
философиялық-эстетикалық, этикалық өзіндік ерекшеліктерімен рух- 
тандырылған. Мұндай аспектіде қарау жыраулардың эпикалық шығар- 
машылығының мәдени-тарихи маңыздылығын анықтауға мүмкіндік 
берді. Атап айтқанда, білімнің жалпыға бірдей секілді олардың рухани 
тәжірибесіндегі жүзеге асырылғаны. Бұл білім – туған жерінің 
тағдыры үшін әркімнің жауапкершілігі идеясын білдірген және оны әр 
адамның әрекеті ретінде өз іс-әрекетінде жүзеге асырғаны идеясы 
болып табылады. Дәл осы ой-пікірлер жыраулар-эпиктермен қойылып 
шешілді дейді Нұрланова. Ел үшін жалпыға бірдей сананы қалып- 
тастыру үшін ақындық мәдениеті де маңызды, себебі олардың шығар- 
машылық іс-әрекеті халықтың рухани дамуы үшін интеллектуалдық 
ортанын негізін жасай алды. 
Ғалымның назары ерекше түрде айтысқа аса күрделі рухани 
құбылыс ретінде шоғырланған, ол жан-жақты дамыған жады мен 
тыңдаушылардың ой-өрісі сияқты қасиеттерді тынымсыз қойып
шығармашылық деңгейінде қиялын, әркімнің импровизацияға, яғни 
суырып салмалыққа қабілетін дамытып, әр адамның шығармашылық- 
қа деген жан-жақты дайындығымен ерекшеленді. Және де айтыстың 
көркемдік-эстетикалық, этикалық, философиялық мәні тұтас рухани-
интеллектуалдық құбылыс ретінде ашылды. 
«Адам және әлем» өзара байланысын талдау ұлттық идея халық- 
тың барлық мәдени формасының негізінде жатуы тиіс деген қорытын- 
ды жасауға мүмкіндік берді. Мұндай идея ғалымның пікірінше
қарым-қатынас, яғни рухани іштесу идеясы болып табылады. Қарым-
қатынас рухани-шығармашылық феномен ретінде қазақ халқы 
мәдениетінің барлық нысандарының негізінде жатыр. 
«Человек и Мир. Земля как духовная опора народа – «Адам және 
Әлем. Жер - халықтың рухани тірегі» еңбегінде Қ.Ш. Нұрланова жер 
туралы идеяны рухани тірек негізі ретінде, оның болмысын барлық 
деңгейде, қазақ халқының мәдениетінің барлық формаларына тән деп 
зерттейді. Бұл 20 беттей шағын кітап алғашқы рет жер сату заңы 
талқыланғанда жарияланған. Қанат апайдың айтуынша әр депутаттың 
қолына таратылды. Өкіншіке орай, заң қабылданды.
21-ші ғасырдың басында еліміз негізінен орыстілді кеңістік 
болғандықтан, кітапша орысша жазылды. Тақырыпты жалғастырып


49 
сол еңбектен үзінділер келтірейік: «отношение к земле тем бесцено, 
что находило выражение-воплощение в философии жизни, а именно в 
напряжении духа, востребованное и для повседневного труда ското- 
вода, и для самих условий сурового кочевого жизнебытия, и для 
постоянной защиты его пространств... 
Духовная формула взаимной укорененности, неотъединимости и 
неотъединенности воплощена универсальным образом в казахской 
традиционной музыке, в кюях... Когда казахи слушают свои кюи, они 
в бесконечном пространстве кюя воспринимают, чувствуют, видят 
духовным взором всю свою родную землю... 
Ұлгі ретінде Қанат Шынқожа апаймыз тармақты күйді келесідей 
сипаттайды: жанға жайлы, рухани, эмоционалды, психологиялық 
жағдайына сезімді және маңызды әсер ететін адамның ірі қан айналым 
жүйесін құрайтын санға сәйкес, яғни 62 күйден тұратын түзіліс; адам 
ағзасындағы әрбір тамырға күй шығарылған. Олар солай «62 тармақты 
ақжелең», «62 тармақты қосбасар» деп аталған. Осы 62 күй адам 
жанының, рухының, денесінің жағдайын, әлемде, әлеммен қарым-
қатынасының түрлілігін терең жеткізе білген. Түзіліс ретінде тұтас, 
сонымен бірге жағдайға байланысты: кездесу, шығарып салу, соғыс, 
жеңіс, мереке, т.б. жеке күй ретінде де орындалған. 
Главным в них было то, что неизменным оставалось начало: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет