МОДУЛЬ I.
Мәдени-тарихи өлшемдегі қазақ музыка әлемі
1 тақырып «Қазақ музыкалық мәдениеті» пәніне кіріспе
Тақырыптың мақсаты: пәннің мазмұны, мәні, музыкалық-
педагогикалық білім беруіндегі орнын жалпы сипаттау
Пәннің негізгі терминдері және ұғымдары: мәдениет, музыка-
лық мәдениет, қазақ музыкалық мәдениеті, өнер, саз, музыка
«Қазақ музыкалық мәдениеті» пәнінің негізгі сұрақтары:
1. Қазақ музыкалық мәдениеті»: жалпы сипаттама
2. Пәннің негізгі ұғымдары
Дәріс:
1. Қазақ музыкалық мәдениеті»: жалпы сипаттама
Қазақ музыкалық мәдениеті – ұзақ тарихи эволюция барысында
танылған жалпыадамзаттық өркениетінің әмбебап және сонымен
қатар бірегей феномені. Оның типологиялық қабаттын екі – шығыс
ауызша сазы және батыстық жазба музыкасы құрастырады. Және де
олардың өзара әрекеттесуі қазақ музыкалық мәдениетінің ерекше
көрісін құрайды.
Түпнұсқасы – автохтонды, яғни ең ежелгі жергілікті тұрғындары-
ның сазы, ол дәйекті дамумен сипатталады және біздің күндерімізде
өміршеңдігін дәлелдеді. Саздың мәдени-тарихи маңызы, біріншіден,
мәдениетті жалпы адамзаттық игілік ретіндегі ауызша трансляциялау
тәсілі әмбебап көздері сақталғандығында. Басқаша айтқанда, тасымал-
даушы ретіндегі тәсілі деген мағынада. Екіншіден, ол қазақтың құнды
мәдениеті ретінде жоғары деңгейде дамыды, оның дәлелі – жырау,
әнші, сал, сері, күйші және ақындардың ауызша кәсіби шығармашы-
лығы. Үшіншіден, саз мәдениеті қазақ үн дәстүрінің әлемдік музыка-
лық мәдениетінің негізі ретінде танылған.
Біздің курсымызда Қазақ музыкалық мәдениетінің маңыздылығы
2 түрде анықталады: Ғылыми пән және оқу пәні. Ғылыми пән ретінде
мұндай ұғым біртұтас түрінде жоқ. Негізінен, еліміздің музыкалық
мәдениеті әртүрлі ғылыми салаларында қарастырылады. Атап айтқан-
да: өнертану, музыкатану, этномузыкатану, мәдениеттану, мәдениет
философиясы, Қазақстан тарихы, музыкалық түркітану және де
көшпеліліктану секілді жаңа ғылымдарда.
Оқу пәні ретінде «Қазақ музыкалық мәдениеті» биыл элективті,
яғни қосымша сабақ ретінде алғашқы рет магистранттар үшін енгізіліп
отыр. Сондықтан әртүрлі ғылымдардың нәтижелерін қорытындылап,
авторлық курс дайындадым.
6
Пәннің мақсаты – қазақ музыкалық мәдениеті, оның музыкалық
өнер, музыкалық білім беру және музыкалық ғылымы туралы Қазақ-
стан Республикасының музыкалық-педагогикалық білім беруіндегі
маңызын біртұтас феномен ретінде көрсету. Басқаша айтқанда, қазақ
музыкалық мәдениетінің тарихы мен теориясы туралы біртұтас түсінік
беру болып табылады.
Курстың міндеттері: қазақ музыкалық мәдениетінің мәні, мақсаты
мен міндеттерін музыкалық-педагогикалық жүйесі аясында сипаттау;
даланың ауызша тарихнамасы (ДАТ) және жазбаша тарихнамасы,
мәдениеттану, көшпеліліктану, тәңірліктану, музыкатану және тағы да
басқа салаларың ғылыми бағыттарың пәннің аясында талдау; қазақ
музыкалық мәдениетінің морфологиясы туралы, атап айтқанда: өнер,
білім беру және ғылымының мәдени-тарихи өлшемде түсінік беру;
қазақ музыкалық мәдениетінің әлеумет динамикасын әлемдік тарихи
процестің аясында көрсету болып табылады.
2. Пәннің негізгі ұғымдары
«Қазақ музыкалық мәдениеті» – бұл музыка теориясы мен
тарихы, сонымен қатар Қазақстан тарихы және қазақ музыкасының
тарихы туралы білімдеріңізді жинақтайтын тұтас курс.
Пәннің негізгі ұғымдары: мәдениет, өнер және музыка. Олардың
әрқайсысы бүгінгі күні қомақты философиялық және ғылыми негізге
ие. Бұл адам қоғамының және оның мәдениетінің объективті даму
заңдылығымен байланысты. Мұнда бұл анықтамалар зерттеліп отырған
пәннің, яғни «Қазақ музыкалық мәдениеті» курсының аясында сипат-
талатын болады.
Мәдениет шығармашылығын адам өздігінен жүзеге асыратын
жан-жақты тәсіл, ол өмір мәнін нақты мағынамен байланыстырып,
оны ашуға және нығайтуға талпынады. Мәдениет адамды рухтан-
дырады және оларды кейбір бірлестіктерге (ұлт, діни немесе кәсіби
топтар және с.с.) топтастырудың мағыналы әлемі ретінде көрінеді
(А.А. Радугин). Сонымен адам мен адамзат үшін жоғары шындықты
өмірдің мәнді бастамасы ретінде мәңгілік ізденіс болып табылады
(Б. Қоқымбаева).
Өнер – адамзаттың ұлы эмоциялық-өнегелілік тәжірибесі, ой мен
сезімнің бірлігінде біртұтас әлем бейнесін туғызатын іс-әрекет түрі.
Өнердің өзіндік ерекшелігі бәрінен бұрын сезімге сүйенетіндігі,
әлемнің құрылым үлгісін логикалы заңдармен емес, эмоциялық
бейнелер жүйесінде жасайтынында. Осы себептен ол жоғары құнды-
лыққа ие, өйткені онда мәңгіліктің өзімен ажырамас байланыстағы
адамзаттың өшпес жүрегі өмір сүреді. Бұдан әлемді игерудің жан-
жақты рухани-тәжірибелік түрі болып табылатын өнердің керемет
қабілеті танылады (Б. Қоқымбаева).
7
Музыка өнерлердің жүйесінде ерекше орынды алады. О туралы
неміс ғалымы Г. Кнеплер былай дейді: «біз музыкасыз-ақ күн көріп
жатқан бірде-бір қоғамды білмейміз. Ол адам рухын білдіретін әрі
әмбебап, әрі жалпылама нысаны болғаны соншалықты, біз музыканы
түбегейлі зерттемей оның мәні мен қызметін адамзаттың тұтастай
қалыптасу үдерісімен өзара байланысын біле алмаймыз».
Музыка (гр. – музалар өнері) – шындық болмысты дыбыстық
көркем бейнелер арқылы көрсететін өнер. Музыкадағы шығармашылық
іс-әрекет адамның есту қабілеті арқылы пайда болатын сезімдерін
сыртқы әлеммен ойша байланыстыратын ерекше, бейнелі ойды іске
асыру мақсатымен биіктік, уақытша, тембрлі, динамикасына байла-
нысты дыбысталуға бағытталған.
Музыкалық бейне кескіндеменің тікелей көрінуінен және сөздің
нақтылығынан айырылады. Музыка қоршаған әлемнің кескіндемесін
суреттеуден гөрі адам сезімі мен ойының бейнесі болып ерекшелене-
ді. Б. Асафьев айтқандай, ой толғау үшін үнді білдіру интонацияға,
яғни сазға айналады. Музыка табиғаты бойынша динамикалы. Бұл тек
ерекше түрдегі дыбыстар ғана емес, сонымен бірге үн әлемінің
қозғалысы, олардың ағымы, уақыт өте келе және адам өмірінің шексіз
гаммасын білдіретін ағым.
Қазақ музыкалық мәдениеті курсына қатысты бізге екі термин
өзекті. Біріншісі – шығыс халықтарында табиғи материалды – бал-
шықты, үн әлемің және музыкалық аспапты білдіретін аутентикалық
(тең түпнұсқа) термині. Мұндай бірдей болуы кездейсоқ емес: балшық
жатық, иілімді және де оны өңдеу оңай. Саздың бұл табиғи қасиет-
терін алыс ата-бабаларымыз үн әлемің саз деп анықтап, адамның ішкі
әлеміне балшық сияқты бейімділі, икемді әсер етеді деп таратқан.
Адам рухының ерекше эмоционалды жағдайы адамзат мәдениеті
тарихында адамның балшықтан пайда болуы туралы аңыздарда
көрініс тапты. Балшықтың табиғи қасиеттері туралы хабарлау адамның
сезім әлеміне «жұмсартады, нәзік етеді» мағынасында беріледі. Қазақ
тілінде «саз» – әуен, интонация, музыка; «сазды» – әуезді, қызықты;
«саз» (грамм.) – интонация (сазға келтіріп оқу – мәнерлеп оқу).
Шығыс халықтарда саз – музыканың синонимі; 2. халқымызда:
ұлттың ғарышқа ұмтылуын әмбебап әлем шығарушылық арнауылы.
Адам мен Ғарыш арасындағы үйлесімді байланысты ұрпақтар
арасындағы негізгі бітістіруші болып табылатын, сондай-ақ Әлемді
сұлулық заңдылығы бойынша сыйға тартатын қазақ мәдениетіндегі
орталық нысана (С. Аязбекова).
Саз, яғни балшық табиғи материал ретінде сазсырнай атауымен бірге
үрмелі музыкалық аспапта сақталған. «Сыр» деген сөздің өзі айтып
8
тұрғандай, дыбыс арқылы қымбат сезімдерді жеткізе алуға қабілетті.
Көлемі шағын. ХIХ ғасырдың дарынды күйшілері Қанғожа, Құрымбай,
Тулақ өнерін сұлтан Шыңғыс Уалиханов пен оның ұлы Шоқан
Уалиханов та үлкен құрмет тұтқан. Тіпті Шоқан қайтыс болғанда
әкесіне қаралы хабарды Қанғожа мен Тулақ қобыз бен сыбызғы
арқылы естірткен.
Саз музыкалық аспабы армяндар, әзірбайжандар, ауғандықтар
арасында да орның тапқан ағаштан жасалған түрлері. Бірақ бүкіл саз
мәдениеті жұмсақ тембр, яғни үн бояуы, сыпайы үн, психологиялық
және эмоционалды жайлылық, рухани тепе-теңдік тән.
Осылайша, саз мәдениеті автохтонды (жергілікті) шыққан және
Еуразия құрлығындағы Ұлы дала аумағында локализацияланған, яғни
оқшауланған. Бұл миф діни (аңыз-діни) дәуірдің басталатын баршы-
лығының шығармашылық күші мен мағыналық тапсырылғаны тән.
Басқаша айтқанда, ажырамас бөлігі табиғат пен ғарыш құрастыратын
«Адам – Әлем» қарым-қатынасы әдетке айналады.
Қазақ саз мәдениеті дала фольклорын және ауызша кәсіби
музыкасының төрт негізгі жанрын қамтиды: ән – вокалдық-аспаптық
өнер, күй – аспаптық мәдениет, жыр – эпикалық шығармашылық,
айтыс – музыкалық-поэтикалық жарыстары. Сонымен қазақтардың
кеңірек түріктердің үн әлемі бір мезгілде әмбебап және де бірегей
жалпыадамзат өркениетінің феномені болып табылады.
Екінші термин – муза деген сөзден (грек мкοῦσа, көпше «ойлау») –
ежелгі грек мифологиясында Зевс құдайының және титанид
Мнемосина немесе Гармонияның қызы. Олар Парнасста өмір сүретін
өнер мен ғылымның қорғаушылары. «Музыка» сөзі музадан шыққан
(грек тіліндегі τέχνη немесе ἐπιστήμη), бастапқыда тек музыканы ғана
емес, сонымен бірге музалардың іс-әрекетімен байланысты кез келген
өнер немесе ғылымды белгілейді. Ғибадатханалар мусейон деп
аталды, сосын бұл сөзден «музей», яғни «мұражай» шыққан.
Осылайша, музыкалық мәдениет – музыка саласындағы рухани
құндылықтардың сан алуан көріністерінің жиынтығы, сонымен қатар
адамдардың үн өнерді құру және трансляциялау, яғни тасылмалдаушы
жөніндегі іс-әрекетінің көп қырлы құбылысы. Музыкалық мәдениет-
тердің алуан түрлілігінің маңызды факторларының бірі – бұл әлемдік
дыбыстық палитраның әртүршілігіне ықпал ететін ұлттық ерекшелі-
гіне қатыстылығы.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, қазақтардың сарқыл-
майтын үн әлеміне Ұлы Даланың қайталанбас әртүрлілігін құрайтын
саз және музыка екі қабатты жатады деп қорытынды жасауға болады.
Бастапқы қабат – бұл қазіргі заманғы рухани-тарихи тереңдікке толы
9
саз мәдениеті; бұл оның жас ұрпағының руханилығың қалыптасуы
үшін тұрақты құндылығы мен жоғары білім беру әлеуеті. Екінші
қабат, атап айтқанда, «музыка» мағынасында Ресей мен Еуропамен
мәдениаралық байланыстардың арқасында тарихи кезеңде пайда
болды.
Сонымен ұлттық қазынаның мақтанышы мен сарқылмас құнды-
лығы болып табылатын рухани-мәдени өмірдің беріктігі мен мәңгілігі
түпнұсқалық саздың жаңа музыкамен жалғасуында жатыр. Тәуелсіздік
Қазақстан Республикасындағы «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру»
және «Ұлы Даланың жеті қыры» мемлекеттік бағдарламаларының
арқасында қазіргі қазақстандық қоғамда және әлемде саз мәдениетін
жандандыру бойынша мақсатты бағыт алынды. Бұл өзінің бірегей
негізін қалаған қазақ музыкалық мәдениетін сақтау және дамыту
мәселесін шешеді.
Достарыңызбен бөлісу: |