54
гиясы компакт-дискілер жарияланды. Және олар қазақтың дәстүрлі
1000 күйі антологиясы деп интернетте де бар.
Енді У. Жұмақова, С. Аязбекова зерттеушілердің ой-пікірлеріне
қысқаша тоқталайық. Ғалымдар заманауи дәуірде 2
қабатқа көңіл
аударады. Мәдени-тарихи өлшемдегі жаңа – композиторлық-практи-
каны талдай келе, XIX ғасыр әнші, ақын және күйші жеке кәсіби
шығармашылығының
өркендеуімен тарихқа енсе, «XX ғасыр қазақ
музыкасының жаңа бағыты – еуропалық дәстүрдің композиторлық
шығармашылығының қалыптасуымен және дамуымен атап өтіледі
дейді. Бұл ұлттық музыкалық мәдениеттің алдыңғы кезеңдерінен осы
дәуірдің ең маңызды айырмашылықтарын және жаңалығын шоғыр-
ландырған маңызды құбылыстардың бірі», – дейді музыкатанушы.
XX және XXI ғасырларда музыкалық
шығармашылық жеткіліксіз
сұранысқа ие болды. Оның себебі – «жаңа музыканы құру ұлттық
мәдениет негіздерін бұзумен бір мезгілде өтті. XX ғасырдың қазақ
музыкасы мәдениеттің этникалық шығу тегіне тән емес жолмен
дамыды», – деп қорытынды жасайды.
Қысқаша шолу Ұлы Даланың сарқылмас үн әлемі өміршең
феномен екенін көрсетеді. Ол дәйекті эволюциямен және әлеуметтік-
мәдени болмыстың өзгерістеріне бейімделу мүмкіндігімен сипатталады.
Бұл ретте онда жүйелі
тұтастық, ауызша бастау, импровизациялық
табиғат, сөз және саз музыкасының тығыз өзара іс-қимылы сияқты
заңдылықтар сақталады және дамиды. Соның арқасында шығармашы-
лық процесі және халықтың мәдени жадына трансляциялауға яғни
тарату мүмкін болды. Осы тірі процесте қазақ тілінде қалыптасқан саз
мәдениеті туралы түсінік көрсетілген лингвомәдени ұғымдар маңызды
рөл атқарды. Бұл
константтарда көп мағыналы, бейнелік, эмоционал-
дық және көпмақсаттылықпен сипатталатын ұрпақтардың рухани
тәжірибесі жинақталған. Олардың көпшілігі бүгінгі таңда музыкалық
ғылым мен музыкалық білім берудің терминологиялық корпусын
құрайды.
Өкінішке орай, саз мәдениеті ұғымдарын білім беру кеңістігінің
айналымына енгізу жұмыстары тек қана басталуынды.
Мұны салыс-
тырмалы тұрғыда нақтылауға болады. Мысалы еуропалық музыкалық
терминологиясы ежелгі грек және латын, итальян және француз,
ағылшын және неміс, орыс тілдеріндегі ұғымдарды енгізеді. Сөйтіп
бұл еуропалық ұстаным оларды халықаралық
терминдер ретінде
таралуына ықпалын тигізді.
Түрік терминдерін алсақ, олар өз елдерінде: қазақ, қырғыз, өзбек,
түркмен, Ресей түркілерінде кең қолданылады. Заманауи ғылыми
және білім беру кеңістіктерінде Орта Азияның, кеңірек, Шығыс
55
халықтарының зерттеушілердің бірігуімен түрік, шығыс халықтардың
терминдерің кең – әлеуметтік-ғылыми кеңістіктің халықаралық
деңгейіне, соның ішінде музыкатану, мәдениеттану, эстетика, мәдениет
философиясы секілді салаларға еңгізу күннің талабы болып отыр.
Сонымен 1-ші Мәдени-тарихи өлшемдегі
қазақ музыка әлемі
модульде Ұлы Даланың сарқылмас ұн әлемінің жеті негізгі сатыларына
қысқаша шолу жасалынды. Келесі – 2-ші модульде қазақ музыкалық
мәдениетінің теориясы, атап айтқанда, морфологиясы, яғни құрылысы
анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: