Тақырып бойынша өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Постномадтық кезең деген терминді түсіндір
2. Осы кезде ата-бабаларымыздың менталитеті / ділі қалай өзгерді:
мысал келтір
3. Осы кезеңдегі қазақ саз мәдениетінің тағдырың сипатта
4. Постномадтық кезеңнің өкілдері: мысал ретінде біреуіне талдау
5. Қоңыр, қара ұғымдардың саз мәдениетіне қандай қатынастыры
бар
Ұсынылған әдебиеттердің тізімі:
1. Кокумбаева Б.Д. Казахская музыкальная культура: учебное пособие
/ Б.Д. Кокумбаева. – Павлодар: ПГПУ, 2020. – 134 с. – сс. 25-28.
http://кітапхана.қаз/catalog/200825/200825-001.htm
2. Музыка мәдениеті мен өнер терминдерінің орысша-қазақша-
ағылшынша сөздігі // Құрастырушылар: Б.Ж. Қоқымбаева, Е.Ю. Личман,
Б.У. Итемгенова. Аудармашылар: У.М. Мақұлов, А. Личман, А. Хасенов,
Р. Хасенова. – Павлодар, ПМПИ, 2013. – 200 б http://кітапхана.қаз/catalog/
130815/130815-003.htm - 97-98 бб., 100-101 бб., 153-154 бб.
3. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері: монография – Астана, 2002 –
832 б. – 615-695 бб.
4. Тақырып бойынша Б.Ж. Қоқымбаеваның 8-ші видеодәрісі Модуль 2.
Лекция 8. https://youtu.be/pjWu9A5X-dM
5. Джумакова У. Творчество композиторов Казахстана 1920-1980-х
годов. Проблемы истории, смысла и ценности.–Астана: Фолиант, 2003. –
232 с. – сс. 37-54.
9 Тақырып Алтыншы кезең – қазақ мәдениетіндегі «алпы-
сыншы жылдардағылардың» феномені
Тақырыптың мақсаты: Қазақстанның музыкалық өміріндегі
алтыншы кезеңің сипаттау
Пәннің негізгі терминдері және ұғымдары: «алпысыншыжыл-
дардағылар», «жабық» тақырыптар, эстетика, аспаптанушы
Алтыншы кезең – қазақ мәдениетіндегі «алпысыншы жыл-
дардағылардың» феномені тақырып бойынша сұрақтар:
1. Алпысыншыжылдағылар: жалпы сипаттама
2. Қазақ музыкалық мәдениет аясындағы алпысыншы жылдарда-
ғыларының іс-әрекеті
43
Дәріс:
1. Жалпы қабылданған анықтамаға сәйкес, алпысыншыжылдар-
дағылар – кеңес зиялы қауымының, яғни интеллигенциясының кіші
мәдениеті (субмәдениеті), негізінен 1925 және 1945 жылдар аралы-
ғында дүниеге келген ұрпаққа тән. «Алпысыншыжылдағылардың»
көзқарастарын қалыптастырған тарихи контекст сталинизм, Ұлы Отан
соғысы және соғыстан кейінгі дәуірі болды.
50-60 жылдардың тоғысында пайда болған және 90-шы жылдар-
дың басына дейін елдің зияткерлік және рухани ахуалын шешуші
түрде анықтаған алпысыншыжылдағылар өзінің жағдайы мен өзін-өзі
танымы бойынша партияшілік гуманитарийлер ұсынған ресми Қоғам-
дық қабаттан да, диссидентшілік ұсынылған контр, яғни қарсы қоғам-
нан да ерекшеленді». Олар сыртқы жансыз, бірақ ішкі тұтас және өте
тиімді өз ортасын жасады.
Алпысыншыжылдағыларды анықтау, бұл не екенін түсіндіру,
оларға тиесілі емес немесе олардың жанында болмаған адамдарға өте
қиын, тіпті мүмкін емес. Ол адамдар мен құндылықтардың жиынтығы
болды. Бұл - белгілі бір құндылықтарды уағыздап, олардың арқасында
топтасқан көп білетін және бір-бірін қолдайтын атақты адамдар.
Алпысыншыжылдағыларды бір жағынан халықаралық құбылыс
деуге болады, екінші жағынан оның аймақтық ерекшеліктері бар.
Дегенмен бұл ерекшеліктер әмбебап сипатқа ие; айтқаның мысалы,
украин мәліметтерде байқалады: Алпысыншыжылдағылардар –
ХХ ғасырдың 1960-шы жылдарындағы украин зиялыларының бір
бөлігі. Олар ұлттық сана мен тоталитарлық мемлекеттік режимге
моральдық оппозиция көрсеткен. Мәдениеттегі бұл феномен Украина
үшін ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына тән болды.
Қазақстанның «алпысыншыжылдағылары» азаматтарына қатысты
қазақ мәдениетінің неоренесансының, яғни жаңаренессансының
негізін салған рухани элита, яғни тандаулы топ туралы айту заңды.
Атап айтқанда, шынайы ұлттық-мәдени құндылықтарды ашатын және
тарататын дарынды ғалымдар, әдебиетшілер мен өнерпаздардың жаңа
ұрпағы. Осы кезеңде қазақ интеллигенциясы ұлттық тарих пен
мәдениет бойынша «жабық» тақырыптарды ашуға бар күшін салады.
Зиятты күш салу арқасының нәтижесінде, рухани мұраларға тек қана
тарихи ескерткіштерге ғана емес, қазір да дамып келе жатқан феномен
ретіне көзқарас қалыптасады.
2. Қазақ музыкалық мәдениет аясындағы алпысыншыжылдарда-
ғыларының іс-әрекеті
60-шы жылдар – қазақтардың жаппай санасында болған аса
маңызды өзгерістер кезеңі. Оның алдындағы онжылдықтарда ұлт
44
мүддесіндегі негізгі басымдық еуропалық мәдениетке құлшынумен,
балаларын орыс тілінде оқытумен, мәдениет пен өнердің жаңа түрлерін
үміттене қабылдаумен байланысты болды. Ал еуропалық мәдениет
түрлерін қабылдау дәстүрлі құндылықтарды ада-күде жоғалтумен
қатар жүретіні анықталмаған 60-шы жылдары адамдардың ақыл-ойын
мәдени ерекшелікті, ұлтты одан әрі дамыту жолдарын сақтау мәселе-
лері билей бастады. Еуропаландыру жолындағы бұл шығындар орыс
тілді қазақтардың жаңа буынында әсіресе айқын білінді және қоғамның
белең алып келе жатқан алаңдаушылығын бәрінен бұрын білдірген
солар болды. Ұлттық ерекшеліктен айрылуға деген алаңдаушылық,
дәстүрлі құндылықтарға қызығушылық демографиялық себептерге
байланысты әсіресе күшейді.
Бұл туралы Ұлы Даланың музыка, кенірек, рухани әлемінің
толық көрінісін беретін осы кезеңдегі жетекші ғалымдардың еңбектері
дәлел. Ең алдымен, өз заманындағы атышулы авторлардың шығар-
машылық тобы Қазақстандағы алпысыншы жылдардағы қозғалыс-
тың өзіндік бейресми орталығы ретінде «Кочевники. Эстетика: Позна-
ние мира традиционным казахским искусством» – «Көшпенділер.
Эстетика: дәстүрлі қазақ өнерімен әлемді тану» жазған ұжымдық
монография көшпеліліктану жаңа философиялық-ғылыми бағыт
бойынша алғашқы іргелі еңбекті атап еткен жөн. Сәбетқазы Ақатаев
пен Мұрат Әуезов, Эльвира Шәкенова мен Едіге Тұрсынов, Мирлан
Қаратаев пен Әсия Мұхамбетова, Болат Қарақұлов, Қанат Нұрланова
мен Алан Медоевтің мақалалары «көшпелі қоғамның рухани универ-
сумын түсіну және қайта құру» ортақ міндетін біріктірді. Моногра-
фияда қазақ мәдениеті жоғары құндылық ретінде ұсынылған. Алайда,
ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында жинақ «таптық көзқарас пен өткенді
идеализациялау жоқ деген айыптауларға дейін азайтылған цензуралық
себептер бойынша сатудан алынды», 3б.
Қазақстандағы алпысыншы жылдардағы қозғалыста Рахманқұл
Бердібай ерекше орын алады, ол 35 жылдан астам уақыт бойы Алматы
қалалық қазақ әдебиеті мен өнері университетінің ректоры қызметін
қоғамдық негізде ұйымдастырып, атқарды. М.О. Әуезов мұражай-
үйінде басталған бастамалардың ғалымдарға белсенді ғылыми іс-
әрекетпен қатар жүргізілгенін атап өткен жөн.
Осы кезеңде Рахманқұл Бердібай 500-ден астам дәріс өткізді,
онда тыңдаушылардың назарына алғаш рет ұлттық тарих пен мәдениет
бойынша көптеген «жабық» тақырыптар ұсынылды. Бұл циклдерде
фольклорлық мұрамен байланысты тақырыптар маңызды орын алды.
Бір қызығы, рухани мұраны атақты ғалымдар өткен тарихи ескерткіш
ретінде ғана емес, қазіргі заманның шындығы тұрғысынан да түсін-
45
дірді. Мәдениет, музыка және тіл тағдыры, мәдени мұраны сақтау
мәселесі, осы және басқа да көптеген мәселелер өз күштері мен
білімін халыққа берген ғалымның азаматтық ұстанымын айғақтайды.
Қоғамдық ой шабытының осындай толқынында 70-ші жылдары
аспаптанушы Болат Шамғалиұлы Сарыбаевтың (1927-1983) іс-әрекеті
кең көлемдегі қоғамдық сілкініс туғызды. Оның ғылыми және
көпшілік басылымдарда жарияланған сансыз еңбектерінің мәліметтері
тез арада қоғамдық сананың игілігіне айналып жатты.
Б.Ш. Сарыбаевтың іс-әрекеті Қазақcтан мәдениетіндегі жаңа
құбылыс болды. «Оның қазақтың ұлттық аспаптары жөніндегі
монографиясы бұл саланың нағыз байлығын алғаш рет ашып көрсетті.
Ол қазақтың 30 шақты аспабына сипаттама берді, солардың ішінде
XX ғасырға дейін қолданыстан қалып, халық зердесінен жоғалған
аспаптар да бар. Далалық материалдарды жинап, дерек көзі ретінде
ежелгі жырлар мен аңыздарды пайдалана жүріп, ғалым сонымен қатар
түбі бір түрік халықтарының мұрағаты мен мәдениетіне сүйенді –
кешенді тәсіл елеулі нәтижесін берді. Әйтсе де ғалымның нағыз ерлігі
деп өзі қайтадан «тірілткен» аспаптарды осы заманғы музыкалық
өмірге енгізуін атау керек.
Оның лекция-концерттері музыкалық емес ортаның өзінен
қызығушылық танытатын қыруар тыңдармандардың назарын тартушы
еді. Ансамбль ұдайы жаңа аспап түрлерімен толығып отыратын,
сөйтіп тыңдаушылар ілгерінді ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өз
көздерімен көріп, өз құлақтарымен еститін. Ол аспаптардың тембрлік
байлығымен, музыканың жүрек қылын шертер әсем үнімен тыңдау-
шыларының ынтасын туғызып, сүйіспеншілігіне бөленетін, әйтсе де
ең маңыздысы – ол ұлттық мәдениеттің сарқылмас байлы-ғының
нақты дәлелі ретінде шексіз қуанышқа бөлейтін.
Б. Сарыбаевтың ғылыми және насихатшылық іс-әрекеті жаңа
құбылыстың пайда болуына негіз қалады. Ғалымның тікелей көмек
көрсетуімен облыстық филармониялардың, көркемөнерпаздар жанынан
көне аспаптар ансамбльдері құрыла бастады. Және, ақырында, бұл
үрдістің заңды нәтижесі болып 1981 жылы Қазақстандағы екінші
халық аспаптарының оркестрі – «Отырар сазы» құрылды. Құрманғазы
атындағы оркестр сияқты, ол да оркестрлік топтардың еуропалық
қағидасына негізделді. Бірақ оған сол кезге дейін Б. Сарыбаев жаңғыр-
тып, сынақтан өткізген сыбызғы, сазсырнай, керней, шертер, жетіген,
шаңқобыз, қылқобыз, үш ішекті домбыра, дауылпаз, қоңырау, асатаяқ
сияқты көптеген аспаптар енгізілді. Бұл оркестр үнінің жалпы тембрін
жақсартып, оны халықтың көкейіне қонымды жұмсақ, қоңыр үнге
жақындатты. Егер кезінде Құрманғазы атындағы оркестр прогрестің
нышаны, мәдениеттің еуропалануы жолындағы серпінді өзгерістері-
46
нің көрінісі болса, «Отырар сазы» оркестрі мәдениеттің көнелігін,
тереңдігі мен қайталанбас ерекшелігін дәлелдеді. Ол оркестрдің тембр
үнінен, аталуы мен репертуарынан көрінді, ал оның негізін Құрманғазы
атындағы оркестрдің репертуарына кірмеген, мәдениеттің неғұрлым
көне қыртыстарын сақтап қалған Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның
саз мәдениеті құрады.
Оркестрдің келбетін қалыптастырған әрі дәулескер домбырашы,
әрі аса талантты композитор Нұрғиса Тілендиев болды. Керемет биік
көркемдік дәрежедегі көпшілікке арналған шығармалар жазуына
мүмкіндік берген, музыкалық мәдениетке көп кездесе бермейтін
дарын иесі халық музыкасын оркестрге арнап қайта жазуды және
көптеген төл туындыларын берді. Олардың бәрі ерекше музыкалық
«хитке» айнал-ды және оркестрдің репертуарын көптеген көркемөнер
ансамбльдері көшіріп алды.
Н. Тілендиев концерттің жаңа тұрпатын да жасады. Оның оркестр-
лік композициялары дыбысталуы жағынан неғұрлым камералық
сипатта, ал бұл дәстүрлі музыкалық қатынас эстетикасына сәйкеседі;
концерт кезінде ол аудиториямен қоян-қолтық араласып, шығарма-
ларының жазылу тарихын айтып, өз ойларын ортаға салып отырады,
оған тыңдаушылардың да белсене қатысуына жағдай жасайды,
біреулерді күй тарту үшін ортаға шығарады немесе тыңдаушыларды
әнге қосылуға шақырады. Осының бәрі дәстүрлі сауық-сайранға бейіл
емен-жарқын жағдай туғызатын және Құрманғазы атындағы оркестр-
дің бертіндегі сықиған ресми концерттеріндей емес, тыңдаушылардың
жүрегіне жарқын жол тауып жататын.
Достарыңызбен бөлісу: |