Б. Ж. Қоқымбаева, Ж. А. Кожахметова Қазақ музыкалық МӘдениеті


Қазақ музыкалық мәдениетінің тарихнамасы тақырып



Pdf көрінісі
бет7/56
Дата25.05.2022
өлшемі6.27 Mb.
#458636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56
Кокымбаева БЖ Кожахметова Оқу

Қазақ музыкалық мәдениетінің тарихнамасы тақырып 
бойынша сұрақтар: 
1. Бірінші кезең – қазақ саз мәдениетінің ежелгі кезеңі 
2. Екінші кезең – орта ғасырдағы қазақ саз мәдениеті 
 
Дәріс: 
1. Бірінші кезең 

қазақ саз мәдениетінің ежелгі кезеңі 
Ең маңызды және сонымен бірге әлі де толық зерттелмеген 
кезең – миф аясындағы қазақ саз мәдениетінің тарихы. Миф – көне 
заманда барлық белгілі бейнелеу құралдарымен қайта жаңғырған 
табынушылық, салттық әрекет. Синкретизм (біртұтастық, бөлінбейтін) – 
мифологиялық мәдениеттің айрықша белгісі, өйткені, салттық сипат- 
тағы еңбек практикасы қоршаған ортаны танудың әртүрлі әдістерімен 
бірге тікелей тұтас болған. 
Мифологияның негізгі құрастырушысы – ауызша мәтін, діннің 
алғашқы нысандары, өнер түрлері. Тайпалардың өз шығу тектері, 
қоршаған әлем туралы киелі әңгімелері мифтік шығармашылықтың 


25 
маңызды бөлігін құрады. Архаикалық тайпалардың дүниетанымын 
білдіретін көне діни ұғымдар онда басым болды. 
Табиғатқа сиқырлы әдіспен әсер ететін өнер түрлерінің барлығы 
(жартастарға салынған сурет, қашау, мүсінді бейне, ою, би, ойындар) 
бұл орасан күрделі жол-жора шараның ажырамас бөлігін құрады. Салт 
әрекетінің ең асыл тарауларында қасиетті музыкалық аспаптарда 
орындалатын рухани үн шырқалып тұрды. Демек, миф бейнесі еңбек 
пен діннің, өнер мен ғылыми білімнің өскіндері ажырамай тіршілік 
етуінен құралады. 
Келтірілген мәліметтер – жалпы адамзаттың миф мәдениетіне 
әмбебап феномен ретіне тән. Ал енді тақырып миф аясындағы қазақ 
саз мәдениеті болғандықтан, терминдер туралы мәселеге тоқталайық. 
Тақырыпқа қатысты бір мысал – аңыз деген атау. «Аңыз» сөзі қазақ 
тілінде «синкретті мән-мағынасына байланысты. Оның үстіне, күйдің 
шығуына байланысты ауызша айтылатын әңгімелерінің ішінде мифтік, 
әфсаналық, аңыздық, жағдаяттық сарындағы оқиғалар, мотивтер 
кездесіп отырады», Сейдімбек. 
Сөз бен саздың байланысы аңыз күйдің «бүтін, бөлінбейтін 
сюжеттік-композициялық (СК) құрылым құрайды», Ә. Мұхамбетова. 
Осы кезеңге жататын аңыз күйлерін Ә. Мұхамбетова архаикалық, 
мифологиялық және эпикалық түрлеріне бөледі. А. Сейдімбек оларды 
мифтік, әфсаналық, аңыздық және эпикалық дейді. 
Енді жоғарыдағы сипаттамаға сүйеніп мысал ретінде «Қызыл 
қан» аңыз күйіне қысқаша тоқталайық: «Жылда көктемде, солтүстікке 
құс келетін уақытта, көп құс шөлден жол таба алмай, қырылып қалады 
екен. Содан құс әміршісі 
– 
Қызыл Қан деген қаз жаратушы Тәңірге 
барып, аспаннан жол салып беруін өтінеді. Тәңірі құстарға аспаннан 
жол салып береді. Осы күнгі аспандағы Құс жолы содан қалған екен 
деседі». Бұл сыбызғыда ойналатын аңыз-күйдің сирек кездесетін 
үлгісін А. Райымбергенов Мүйимсат Оңғаровтан жазып алған. Сыбыз- 
ғышының сөзіне қарағанда, күйдің басындағы дыбыстың көтеріліп 
келетін жері – шөлден қырылған қаздың қаңқылдаған үнін білдіреді. 
[Куй кайнары]. 
Бұл киелі аңызда барлық рухани ақпарат тұнған күйінде жинақ- 
талған. Қызыл қан есімі ағзаның өлімін қызыл түспен байланыстыра 
отырып, өлім туралы алғаш түсінікті бейнелейді. Құс жолы идеясы – 
рухани жолдың символы; Аспанға жанды өткел арқылы жеткізіп, 
өлімді ойша психологиялық жеңуге тырысу. Сонымен өмір мәңгілік 
ретінде адамның рухани отаны есептелетін Аспанмен, яғни Көк Мәңгі 
Тәңірімен орайластырылады. 
Осылайша дыбыстық-интонациялық, яғни үн-саздық кешен ежелгі 
кезеңде ерекше орын алды. Музыка пайда болғанға дейін сөйлеуге 


26 
дейінгі кезеңнің болғанымен түсіндіріледі, бұл кезде көне адамдар 
бір-бірімен ыммен, мимика, дауыс шығару, ысқырық, тарсылдау 
арқылы түсінісетін. Бірте-бірте мұндай аралас ағыннан саз және 
сөздік бастаманың бірігуіне негізделген дыбыстық тіл қалыптасты, 
мұнда ырғақ пен әуен мағынаның есте сақталуына ықпал етті. 
Ақпаратты қабылдауда көру каналының маңыздылығына қарамастан 
(ғалымдар оның меншікті салмағының аумағын 80% астам деп 
бағалайды), оның тарих бастауында анағұрлым айқын көрінген екі 
айтулы кемшілігі болды: көз тек көру аймағына енетіндер жайлы және 
орташа жеткілікті дәрежеде жарық болса ғана ақпарат бере алады; 
сондықтан қараңғы түсе бастағанда көру қабілеті адамды ақпаратпен 
жабдықтау қабілетінен айырылады. Ақпарат алуда оптикалық (көру) 
жолдағы шектеулерді жеңгендіктен адамдардың негізгі қарым-
қатынас құралы дыбыстық тіл болғаны да сондықтан. 
Тарихи ұзақ уақыт бойы дыбыстық тіл жұмбақ күшке ие болып, 
қасиеттендірілді. Сөз бен саздың ажырамас синкретизмі «дипломатия- 
лық нота» тіркесінде де көрініс тапқан (көне Жапониядан бастау алады, 
шетел билеушісіне қарата сөйлегенде дипломат өз мемлекетінің 
жолдауын әнмен білдірген). 
Жалпы адамзаттық рухани мәдениеттің осындай бастапқы 
әмбебап негіздемелері дала фольклоры мен музыкасында жақсы 
дамыған. Көшпендінің қол жеткізген Ғаламның дыбыстық-есту бейнесі 
қазақтарда терең философиялық-эстетикалық ұғыну-түсінуі бір мез- 
гілде сезімтал да, пайымдаушы үн анықтамасында көрініс тапты: 
Үн жинадым тыныс алуға, 
Үн жинадым тыныстануға, 
Үн жинадым тынысуға. 
Бұл фразеологиялық халық даналығында ауызша феномен ретін- 
дегі сөз бен саздың бастапқы мәнінде ажырамас бірлігі бейнеленген. 
Айтылғанды аспаптық мәдениетте, күйлерде ерекше бір эмоционал- 
дық ахуалды академик Б. Асафьев «этикалық жоғары көңіл күй», 
«салмақтылық, қатаңдық, айбарлылық», «жоғары сезімдік жалпылау- 
дың сезімдік қайырымдылық пен философиялық терең ойлылықпен 
қатар жүруі» деп шамалаған еді. Осыдан келіп көптеген халықтардың 
дәстүрлі аспапты мәдениетінде ерекше дамыған, тіпті басым болып 
келетін бидің, қимыл-әрекеттің, адымның (кеңірек алсақ – физикалық 
қимылдың) рөлі қазақтың күйлерінде екінші шепке шығып, бағы- 
нышты болғандығын көреміз. Ең бастысы – ғасырлар бойы қазақ 
күйлерінің халық дала фольклорымен тығыз байланыста болуы оның 
синкреттік табиғатының (әңгімелей отырып аспапта орындау) айшық- 
талып, басым болуына әкелді. Бұл, өз кезегінде, аспапты музыкалық 


27 
ойлау жүйесінің ең маңызды қасиеттеріне ықпал етті», – дейді 
Ә. Мұхамбетова. Сонымен Қазақстанның ежелгі тұрғындары жоғары 
дамыған ауызша мәдениетке ие болған. 
2. Екінші кезең – орта ғасырдағы қазақ саз мәдениеті 
Біздің дәуіріміздің VI-VIII ғасырларын Түркі қағанаттарының 
мәдениеті деп атауға болады. Бұл дәуір Еуразия құрлығындағы рухани 
өзегі тәңірлік, мәдениеттің тәңірлік түрі құрастырған мемлекеттердің 
қалыптасуымен сипатталады. Халықаралық сауда қатынастарын және 
мәдениеттердің диалогын, яғни сұхбатын жүзеге асыруда Ұлы Жібек 
жолы – Еуразияны Жерорта теңізінен Қытайға өтетін керуен жолда- 
рының жүйесі маңызды рөл атқарды. Жібек жолының Орталық Азия 
мен Қазақстан аумағынан өткен ең ұзын учаскелерінің бірі. 
Қазақ саз мәдениетінің орта ғасыр кезеңі – Ұлы Даланың жалпы 
түрік игілігі. Оларды саз, саз аспаптары, сазгер, бақсы, күй, жыр (йыр), 
толғау, патриотты-батырлық және ғибратты-дидактикалық жырлардың 
түрлері, жар-жар үйлену тойларындағы әдеп-ғұрып өлеңі, ұста – қол 
өнер шебері, ұстаз, күй сынды сөздер атауынан да байқауға болады. 
Мысалы, бақсы сөзі көп мағынаны бойына сіңірген. Алғашқы ұғымда 
емшілік – адам сырқатын тексеру деп түсінілсе, екінші жағынан 
Ғарыш – мәңгілікпен ұштасады және олардың байланыстылығын 
бірлікте қарастырады (С. Аязбекова). Бақсылардың маңызды әлеуметтік 
міндеттері өте биік болған. Тіпті 19 ғасырға дейін қазақтың рухани 
қайраткерінің қобызы қасиетті, жоралы аспап тек бақсы мен жырау 
қолдануға құқылы болып қала берді. Және де белгілі бір (қалың, 
қаныққан) тембрі, яғни бояуы осы күнге дейін сақталынып келеді. 
Көшпелілер әлемінің тұрғындары жасаған қыл қобыз музыкалық 
аспабы Орталық Азия, Сібір, Еділ бойында, Закавказье, Орта және 
Таяу Шығыста, Шығыс Еуропаның бірқатар халықтарында сақталған. 
Қазіргі халықаралық ғылыми қоғамдастықтың бірлескен зерттеулері 
қобыздың әлемдегі ең көне ішекті аспап екенін анықтады. 
Бірқатар байланысты ғылымдардың мәліметтерін зерттеу негізін- 
де ысқы аспаптардың Азия (Орталық және Орта Азия) шығу тегі 
кейіннен Еуропада таралуы және заманауи ішекті аспаптарға эволю- 
циясы дәлелденді. Аспапты қабылдай отырып, шығыс және батыс 
халықтары «көркем-эстетикалық, музыкалық дәстүрлеріне сай және өз 
табиғаттарындағы материалды қолдаланып аспаптың құрылымын, 
конструкциясын өзгерткен». 
Бірақ қобыз өзінің көнелігі мен киелі қасиетін ешбір өзгеріссіз 
сақтай білді. Мәңгі жасайтын тәңірлік, Қорқытқа, саз бен аспаптың 
тамаша тегіне деген қалтқысыз сенім, халық өміріндегі киелі ролі 
қобызды қаймана жұрттың жұғысуынан ғана емес, әртүрлі өзгерістер- 


28 
ден де аман сақтады. Ыспалы шекті аспаптардың түпкі тегінің әуелгі 
сипаттары мен құрылысын сақтап қалған нақ осы қазақ бақсыларының 
қобызы болды. Ол бүгінде Азия, Еуропа, және Африка бойынша тарап 
кеткен гиджак, фидель, годулка, эрху, байху, гарзе, ковыж, скрипка, 
альт, вилончельдер мен кейде тіпті жан танымастай боп өзгеріп кеткен 
ұрпақтарының өзіндік бір Адам атасы тәрізді» (Ә. Мұхамбетова). 
Аңыз бойынша қыл қобызды ең алғашқы жасап алғашқы күйді 
ысқышпен орындаған Қорқыт Ата Әулие. Рухани феномен ретіндегі 
күйдің ерекшелігі оның «өзінің табиғи мәні ретінде Ғаламның ырғақта- 
рынан, қозғалыстарынан, тербелістерінен, демінен және одан кейін
әрине, оны өмірге келуіне түрткі болған нақты өмірлік жағдайлықтан 
тұратындығында» [Нұрланова, 99-б.]. 
Күйдің тарихи ғұмыры ұзақ болып шықты, өйткені өзінің ауызша 
табиғатының арқасында бүгінгі күні де ол бүлінбеген негізінде 
сакралды-медитациялық музыка ретінде тіршілік етуде. Күйдің ауқымы, 
оның шағын нысаны (2-3 минут шырқалады) ғарыштық дірілді естуге 
көмектеседі. Күй әлемді-модельдеуші рухани константа ретінде ең 
күрделі – Уақыттың және Кеңістіктің, яғни Мәңгіліктің сынағынан өтті. 
Сонымен қатар күйдің икемді құбылыс екенін атап өткен жөн, 
оның тіршілік қарекеті ауыспалы әлеуметтік-мәдени жағдайлар мен 
өзгеру механизмдеріне бейімделе білу мүмкіндігімен қамтамсыз 
етіледі. Ұлы қағанат кезеңінде Көк Мәңгі Тәңірлік «мемлекеттілік 
символының ролін орындаған күйлердің цикліне ауысуы» – айтыл- 
ғандардың жарқын мысалы болып табылады. «Қаған ордасында 
тартылатын күйдің саны бір жыл ішіндегі күндердің санына сәйкес 
366 болған. Мұны «Тәңірінің 366 тармақ күйі» деп атаған. Жыл басы 
көктемдегі күн мен түннің теңесер күнінен /науырыздың 22-23-і/ 
басталып, бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп, ұлан-асыр тойға 
айналдырған. Ұлыстың ұлы күнінде бүкіл қағанаттың үміт-тілегін 
тәңірге жеткізетін 9 күй тартылған» [Тарақты А.]. 
Келтірілген мәліметтер түркі заманында сол уақыттың тағдыр- 
шешті армандарын бейнелеп, сипаттағандықтан күйші қоғамда ең 
маңызды орын алғандығын дәлелдейді. Бұған күйдің ауызша берілуі 
мен әлем ісіне қызмет еткен және бұл тұрғыдан Ұлы түркі қағана- 
тының мемлекеттілік символы ғана емес, Мәңгілік Рухани Болмыс 
символы болған көңілшек, адами қарым-қатынастағы адамдардың 
тікелей байланыс ахуалы да көп дәрежеде ықпал етті. 
Сонымен бірінші кезең – Ұлы Даланың саз мәдениеті пайда 
болды. 
Екінші кезеңде Орта ғасырдағы саз мәдениеті Ұлы түрік қағанаты 
үшін ортақ болды. Және де елімізде оғыз-қыпшақ (VI-ХII ғғ.) кезеңі 
деп те сипатталады. 


29 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет