Б. Ж. Қоқымбаева, Ж. А. Кожахметова Қазақ музыкалық МӘдениеті


Тақырып бойынша өзіндік бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет5/56
Дата25.05.2022
өлшемі6.27 Mb.
#458636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Кокымбаева БЖ Кожахметова Оқу

 
Тақырып бойынша өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Даланың ауызша тарихнамасы (ДАТ) ғылыми пәні қай елде 
және қай кезде пайда болды? 
2. ДАТ-тың тарихнамадан (жазбаша тарихнамадан) айырмашы- 
лығы? 
3. Қазақ музыкалық мәдениет зерттеу пәніне ДАТ-тың қандай 
қатынасы бар? 
4. ДАТ-тың қазақ музыкалық мәдениетің зерттейтің саласы қалай 
аталады? 
5. Қазақ саз мәдениеті қандай 2 қабаттарды біріктіріп зерттейді? 


19 
Ұсынылған әдебиеттердің тізімі: 
1. Кокумбаева Б.Д. Казахская музыкальная культура: учебное пособие 
/ Б.Д. Кокумбаева. – Павлодар: ПГПУ, 2020. – 134 с. – сс. 11-14. 
http://кітапхана.қаз/catalog/200825/200825-001.htm 
2. Тақырып бойынша Б.Ж. Қоқымбаеваның 3-ші видеодәрісі Модуль 1. 
Лекция 3. https://youtu.be/v_bcA222ZXM 
3. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі: Қазақтың халық сазгерлерінің өмірі мен 
шығармашылығы туралы очерктер. – Алматы:Дайк-Пресс, 2002. – 203 б. 
4. Жұбанов А.Қ. Замана бұлбұлдары – Алматы, 2 бас., 2010. 
5. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері: монография – Астана, 2002 – 
832 б. – 5-20 бб. 
6. Музыка мәдениеті мен өнер терминдерінің орысша-қазақша-
ағылшынша сөздігі // Құрастырушылар: Б.Ж. Қоқымбаева, Е.Ю. Личман, 
Б.У. Итемгенова. Аудармашылар: У.М. Мақұлов, А. Личман, А. Хасенов, Р. 
Хасенова. – Павлодар, ПМПИ, 2013. – 200 б http://кітапхана.қаз/catalog/ 
130815/130815-003.htm - 14 б., 16-17 бб., 32-34 бб., 75-76 бб., 93-94 бб. 
4 тақырып Қазақ музыкалық мәдениетінің тарихнамасы 
Тақырыптың мақсаты: Тарихнаманы тақырып аясында сипаттау 
Пәннің негізгі терминдері және ұғымдары: тарихнама, тәңірлік 
дүниетанымы, Қорқыт Ата, даланың фольклоры 
Қазақ музыкалық мәдениетінің тарихнамасы тақырып 
бойынша сұрақтар: 
1

Қазақ музыкалық мәдениетінің тарихнамасының қысқаша 
сипаттамасы 
2

Қазақ музыкалық мәдениетің кезеңдерге бөлу мәселесі. 
Дәріс: 
1

Қазақ музыкалық мәдениетінің тарихнамасының қысқаша 
сипаттамасы 
Пәні ауызша мәдениет болған ДАТ-тан айырмашылығы тарихнама 
жазбаша көздер мен археология ғылымының деректеріне негізделеді. 
Сонымен қатар ғылым кез келген мәдени форма сияқты біржола қатып 
қалған нәрсе емес. Ғылым – бұл бұрын шындық болып көрінген осы 
немесе басқа ережелер қайта қаралып, нақтыланатын тірі дамып келе 
жатқан процесс. 
Айтылғаны тарихнамалық ғылымға тән, ол осы уақытқа дейін тек 
жазбаша мәліметтерге негізделген болатын. Жоғарыда атап өткендей, 
уақыт пәні ауызша рухани мәдениет болып табылатын тарихнаманың 
ДАТ түрін енгізді. Тарихнаманы екіге (ДАТ және жазбаша түрлері) 
біршама ерікті. Бұл ғылыми салалар бір-бірімен қиылысады және 
өзара әрекеттеседі. 


20 
Олардың айырмашылығы – ДАТ-тың пәні – ауызша мәдениет, 
тарихнаманың – жазба мәдениеті. Алайда қазіргі уақытта тарихнамада 
ДАТ-тың нәтижелері артып келеді, соның арқасында жаңа ғылыми 
ашылымдар жасалынады. Тарих ғылымының үлгілері болып табыла- 
тын академик А.К.
Жұбановтың «Замана бұлбұлдары», «Ғасырлар 
пернесі» және басқаларын атауға жеткілікті. Ауызша мәдениеттің 
негізіне сүйеніп жазылған А

Сейдімбектің де еңбектері қазақ тілінде 
жоғары құндылыққа ие. 
ДАТ пен тарихнаманың өзара әрекеттесуі мен өзара әсері біртұтас 
феномен болып табылатын зерттеу пәнінің ерекшелігін көрсетеді және 
білдіреді. Айтылғанның жарқын мысалы – қазақтың әлеуметтік-гума- 
нитарлық білімі. Қазіргі уақытта ақындар мен жыраулардың кәсіби 
ауызша мәдениетінің интеллектуалды шығармашылығын философтар 
зерттейді. 
Белгіленген философиялық-ғылыми кеңістіктегі іргелі еңбектердің 
ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі «Қорқыт ата» энциклопедиясы 
(Қорқыт ата, 1999), «Қазақ халқының философиялық мұрасы» жиырма 
томдықтағы бес томдар (1, 5, 7-9) атауға болады. Онда қазақтардың 
ойлау мәдениетінің мифологиялық бастаулары, орта ғасырдағы көр- 
некті түркі ойшылдарының рухани мұрасы, соның ішінде Қорқыт Ата 
кітабы, ел ауызында кеңінен таралған қазақ ділмарлығының үлгілері- 
нен, қара өлеңдерінен, шешендері мен би-шешендері шығармалары- 
нан үзінділер берілді. 
Сонымен қатар күйлердің қазақ музыкасының философиясы 
ретіндегі ережелері К.Ш. Нұрланова, С. Аязбекова және басқа зерттеу- 
шілермен дәлелденген. 
Осылайша қазақтың музыкалық мәдениеті ғылыми зерттеу пәні 
ретінде көптеген әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың тоғысында 
орын алды. Пән үшін әмбебап және сонымен бірге бірегей феномен 
ретінде қазақ музыкалық мәдениетінің тарихы мен теориясы сияқты 
мәселелерді шешуге ДАТ және тарихнаманың маңызы зор болып 
ықпал етеді. 
2

Қазақ музыкалық мәдениетің кезеңдерге бөлу мәселесі 
Қазақ музыкалық мәдениетің кезеңдерге бөлу – күрделі мәселе. 
Себебі жоғарыда қысқаша айтылғандай, саз мәдениеті, ДАТ әлі 
бүгінге дейін өз орнын ойдағыдай алған жоқ. Неге десе, Тәуелсіздік 
алғанға дейін зерттеушілердің көңілі негізінен музыкалық мәдениетке, 
яғни жазба композиторлық феноменге аударылды. Ал ауызша саз 
мәдениеті біртұтас феномен ретінде сипатталған жоқ. 
Осылайша алғашқы қаймағы бұзылмаған ауызша саз мәдениетіне 
көз жүгіртсек, ең алдымен, атақты ғалым А. Сейдімбектің ой-пікірле- 
ріне қысқаша шолу жасайық. Зерттеуші күй мәдениетің «өмір дерек- 


21 
термен ұштастыра отырып, тарихи кезеңдердің аясында қарастырды. 
О дегені күйлердің саз сарындарын, күй аңыздарының оқиғаларын 
және күйші-композиторлардың ғұмыр кешкен заманың қаперге алу 
арқылы күй аңыздарың тарихи кезеңдерге теліп қарастырды. «Сонда 
ғана күй мәдениетінің «тарихи деректілігі туралы мәселе өзінің түйінін 
табады», – дейді, 129 б. Осылайша А. Сейдімбек күй мәдениетінің 
5 ірі кезеңдерге бөледі. Олар: 1 «жаңаша жыл санауға дейінгі VIII-
V ғасырлар мен жаңа заманның VI ғасырындағы аралығы; 2 кезең – 
оғыз-қыпшақ кезеңі (VI-ХII ғғ.; 3 ноғайлы кезең (ХIII-ХVI ғғ.); 
4 Жоңғар шапқыншылығы кезеңі (ХVII-ХVIII ғғ.); 5 кезең ХVIII-ХIХ ғғ. 
Музыкатанушы Ә. Сабырова ауызша саз мәдениетің арнайы 
зерттеп, келесідей кезеңдейді: 1. Ежелгі дәуір өнері; 2. Қола дәуірінің 
мәдениеті; 3. Сақтар өнері мен мифологиясы; 4. Халықтардың ұлы 
қоныс аударуы. Ғұндар; 5. Түркі қағанаты кезенінің эстетикалық 
дүниетанымы және жыраулық дәстүрі; 6. Оғыз-қыпшақ заманының 
мәдени жазбалары; 7. Мұсылмандық Қайта өрлеу «Қарахандар дәуірі) 
кезеңіндегі мәдениет пен ғылым. Әбу Насыр әл-Фараби «Музыканың 
үлкен кітабы»; 8. Алтын орда кезенінің мәдени жазба ескерткіштері; 
9. Қазақ хандығы тұсындағы жыраулық дәстүр; 10. ХIХ ғасырдағы 
ауызша таралған дәстүрлі кәсіби музыка өнері. 
Біздің ойымызша жоғарыда келтірген мінездеме қазақ музыкалық 
мәдениетін жеті негізгі кезеңді қамтитын дәуірлеуге бөлшектеуге 
мүмкіндік береді. Келтірілген жіктеулерге сүйеніп пән аясында 
авторлық кезеңдегінің келтірейік. Олар келесідей: 1. Қазақ саз мәде- 
ниетінің ежелгі кезеңі; 2. Орта ғасырдағы қазақ саз мәдениеті; 3. Қазақ 
хандығы кезеңіндегі саз мәдениет; 4. ХIХ-шы ғасырдың бірінші 
жартысы – ХХ ғасырдағы қазақ музыкалық мәдениеті; 5. Постномад- 
тық, яғни көшпеліліктен кейінгі кезеңдегі қазақ музыкалық мәдениеті; 
6 Қазақ музыкалық мәдениетінің «алпысыншы жылдықтарының» 
феномені ретінде; 7. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ музыкалық мәдениеті. 
Бірінші кезең – Ұлы Даланың саз мәдениетінің пайда болуы. Бұл 
дәуір халықтың айтуында «Жаратқан Тәңір әр қазақтың жанына 
туылғанынан күйдің бөлшегін салған», – деген нақыл сөздермен 
сипаттауға болады. 
Бұған Еуразияның Ұлы Даласындағы көшпелілер арасына ислам 
діні тарағанға дейінгі қиял-ғажайып тақырыптарға арналған күйлер, 
жорық сарындары, жаугершілік кезеңдерде ел есінде қалған айтулы 
батырлар, ақылды арулар, ерге серік болғандай қанатты пырақтар, 
киелі жануарлар туралы күйлер мен олардың аңыздары жатады. 
Мәселен, «Қос мүйізді Ескендір», «Көк төбет», «Көк бөрі», «Аққу», 
«Сарын», «Өгіз өлген», «Тарғыл бұқа» сияқты күйлер мен күй аңызда- 
рын атауға болады. Бұлардың қай-қайсысы да байырғы саз сарында- 


22 
рымен ғана емес, қосарлана айтылатын аңыз-әңгімелерімен де алыс 
заманаларды меңзейді. Мейлінше байырғы ұғым-түсініктерді тілге тиек 
етеді. Тәңірге жалбарынудың табы, табиғат құпияларын тәңір тұту, 
көк аспанды, аспан түстес жан-жануарларды (көк төбет, көк бөрі, көк 
айғыр...) культке айналдыру жағдайы айрықша айқын аңғарылады. 
Еуразияның апайтөс даласындағы байырғы көшпелілердің діни 
дүниетанымын «Тәңірлік дін», немесе «Тәңірлік дүниетаным» деп те 
атауға болады. Бүгінгі ғылыми танымдағы «шамандық» деп жүрген 
атау өзінің мән-мағынасы мен атқарар қызметі жөнінен Тәңірлік 
наным-сенімнің аясындағы бір сала ғана. Шаманның қазақша атауы – 
бақсы. Қазақта «бақсы Тәңірмен тілдес» деген сөз тіркесі бар. Яғни, 
қазақ ұғымында бақсы Тәңірмен арадағы дәнекер. Тәңірлік наным-
сенім бойынша микрокосмостан бастап макрокосмосқа дейінгі дүние-
тіршіліктің баршасының ең құдіретті иесі – Көк Мәңгі Тәңір. 
Сондықтан да, көшпелілер Тәңірді көбінесе шексіз табиғат, көк аспан 
ұғымымен астастырады. Өсімдіктен бастап жан-жануарларға дейін
табиғат құбылыстарынан бастап аспан денелеріне дейін баршасы бір 
ғана Тәңірлік ұғыммен идеалданған. Мәселен, қазақтар арасында күні 
бүгінге дейін «Бәрі де Тәңірдің еркінде», «Тәңірдің жазуы солай», 
«Тәңірсіз таң да атпайды», т.б. деп келетін мақал-мәтелдер сақталған. 
Көшпелілердің наным-сенімінде тек қана тірілер әлемі емес, өлі 
аруақтардың өзі Тәңірдің құзырында. Қазақтың байырғы наным-
сенімі бойынша өлген адамның рухы жыл уақыты толғанша өзінің 
шаңырағын айланып ұшып жүреді екен, жыл уақыты болған соң 
Тәңірдің тұрағына ұшып кетеді екен дейді. Қаралы үйдің жыл 
уақытына дейін ертелі-кеш жоқтау айтылатыны – жыл бойы өз 
шаңырағын қимай айнала ұшып жүрген марқұмның рухына құрмет 
болса, жыл уақыты толғанда өлген адамға арнап ас беріп, ұлан-асыр 
той жасайтыны – оның рухы Тәңірмен табысты деген», 130-131 с. 
Екінші кезеңдегі Орта ғасырдағы қазақ саз мәдениеті – Ұлы түрік 
қағанатының, соның ішінде біздің ата-бабаларымыздың мәдениеті де 
енеді. Алайда, орта ғасырда күй, жыр, тағы да басқа саз мәдениеттің 
түрлері тек қана қазақтарға ғана емес, бүкіл орта ғасырдағы Ұы түркі 
қағанаты үшін тән болды. О туралы арнайы дәрісте толығырақ 
тоқталамыз. Жалпы дәстүрлі жыр өнері мен құдіретті күй өнерінің 
бастауында әрине қыл қобызын арқалаған Қорқыт бабамыздың 
тұрғаны айдан анық. 
Кейбір күйлерден тірі табиғаттың тылсым үнімен қоса өмір мен 
өлімді, тіршіліктің мағынасына үңілген ұлылықты сезінгендей боласың. 
Бірақ барлық дерлік күйлерден қайталана естілетін әуен – бұл тәңірге 
жалбарыну, ұрпаққа өсиет, ата-бабалар дәстүрі, табиғат тылсым 
күштері мен аруақтарға арнаулар. 


23 
Домбыра мен сыбызғы аспаптарының даму тарихы ғасырлар 
қойнауына терең кетеді. Көне қала Хорезмге жасаған археологиялық 
қазбалар кезінде табылған екі ішекті музыкалық аспаптарда ойнап 
отырған мүсіндер, домбыраның шығу тарихының көнеден басталатын- 
дығының куәсі. Ғалымдардың пайымдауынша, 2000 жыл бұрын пайда 
болған Хорезм екі ішекті аспаптарының қазақ домбырасымен төркіндес 
екендігі және бұл аспаптардың Қазақстан территориясында пайда 
болған ежелгі көшпенділердің алғашқы аспаптары екені анықталып 
отыр. 
Жоғарыда айтылғандай, А. Сейдімбек бұл дәуірді оғыз-қыпшақ 
(VI-ХII ғғ.) кезеңі деп сипаттайды. Бұған ғалым Қорқыт ата сарындары- 
ның аңыздары, «Абыз толғауы», «Саймақтың Сары өзені», «Балжыңгер» 
сияқты күйлердің аңыздарың келтіреді. Бұл кезең Орта Азия алабын- 
дағы жауынгер тайпалардың өмір салты, тарихи тағдыры ортақтасқан, 
жан-жағынан анталаған Табғаш (Қытай), Қызылбас (Иран), Ұрым 
(Византия) сияқты іргелі елдердің қомағай ниетіне қасқайып қарсы 
тұра бастаған сыны мол шақ еді. Соған орай туындаған музыкалық 
мұралардың айрықша сипаты, сарын-сазы аңғарылса, олармен сабақтас 
айтылатын күй аңыздарында елдің бірлігі, ердің табандылығы, 
өмірдің мәні бақыттың баяндаулығы (Қорқыттың мәңгілік өмірді 
іздеуі) сияқты алапат-асқақ тақырыптар арқау болып отырады. 
Бір ғажабы, осынау күй аңыздарының қай-қайсысы да өзінің 
тарихи ұғым-түсінігімен, арқау болған тақырыптарымен «Оғызнама», 
«Қорқыт баба» кітаптарындағы әңгіме арнасымен сабақтасып жатады. 
Әрине, мұны кездейсоқтық деп қабылдауға болмайды. Тарихи дерек- 
тер бойынша (жазбаша, археологиялық) VII-Х ғасырлардағы оғыз-
қыпшақтардың мекен-тұрағы ғана бір болып қоймаған, тарихи-
әлеуметтік тіршілік-тыныстары да біте қайнасып жатқан. Оғыздар 
қазақ халқының этникалық тұтастықта көрініс табуына негізгі ұйтқы 
болған түркі тектес тайпалар одағы еді», – дейді А. Сейдімбек, 132 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет