Тақырып бойынша өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. «Қазақ музыкалық мәдениеті» пәніне қысқаша мінездеме?
2. Пәннің музыкалық білім беру саласындағы өзектілігі?
3. Пәннің негізгі ұғымдары?
4. Музыканың мәдениет саласындағы орны және ерекшеліктері?
5. Қазақ музыкалық мәдениеті» пәнінің негізгі ұғымдары?
Ұсынылған әдебиеттердің тізімі:
1. Музыка мәдениеті мен өнер терминдерінің орысша-қазақша-
ағылшынша сөздігі // Құрастырушылар: Б.Ж. Қоқымбаева, Е.Ю. Личман,
Б.У. Итемгенова. Аудармашылар: У.М. Мақұлов, А. Личман, А. Хасенов,
Р. Хасенова. – Павлодар, ПМПИ, 2013. – 200 б http://кітапхана.қаз/catalog/
130815/130815-003.htm – 109-110 бб; 138-139 бб; 118-119 бб.; 153-154 бб.
2. Кокумбаева Б.Д. Неисчерпаемый мир музыки Великой Степи:
монография / Б.Д. Кокумбаева. – Павлодар: ППУ, 2020. – 155 с. – сс. 26-38.
http://кітапхана.қаз/catalog/201101/201101.htm
3. Тақырып бойынша Б.Ж. Қоқымбаеваның 1-ші видеодәрісі Модуль 1.
Лекция 1. https://youtu.be/Zw6zcEUODhM
4. Ғ.М. Әбілқасов Қазақтың дәстүрлі музыкалық өнері // https://melimde.
com/bilim-jene-filim-ministrligi-v10.html?page=5
2. тақырып «Қазақ музыкалық мәдениеті» пәнаралық зерт-
теудің пәні ретінде
Тақырыптың мақсаты: пәнді әлеуметтік-гуманитарлы таным-
ның аясында сипаттау
Пәннің негізгі терминдері және ұғымдары: пәнаралық зерттеу-
лер, мәдениеттану, түркітану, көшпеліліктану, күйтану
10
«Қазақ музыкалық мәдениеті» пәнаралық зерттеудің пәні
ретінде тақырып бойынша сұрақтар:
1. Қазақ музыкалық мәдениеті пәнаралық зерттеудің пәні ретінде:
жалпы сипаттама. Курс аясында Қазақстан тарихы, мәдениетану,
түркітану ғылымдарды сипаттау
2. Курс аясында музыкалық көшпеліліктану және этномузыкатану
ғылымдарды сипаттау
Дәріс:
1. Қазақ музыкалық мәдениеті пәнаралық зерттеудің пәні ретінде:
жалпы сипаттама. Курс аясында Қазақстан тарихы, мәдениетану
ғылымдарды сипаттау
Қазақ музыкалық мәдениетің түсіну үшін гуманитарлық білімнің
әртүрлі салалары мағыналы. Атап айтқанда: Қазақстан тарихы,
мәдениетану, өнертану, фольклористика, түркітану, көшпеліліктану
және тағы басқалары. Өйткені қазақ музыкалық мәдениетінің біртұтас
феномен ретіндегі заңдылықтарына байланысты. Қазақстан тарихы
пәнін алсақ, ғылым ретінде Тарих (көне грек. ἱστορία – сұрастыру,
зерттеу) – адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылымның
саласы. Ал Қазақстан тарихы ғылымы – дүниежүзі халықтары
тарихының бір саласы.
Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым, әрі философиялық ілім.
Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде
қалыптасты. Мәдениеттану пәні жергілікті және аймақтық мәдениет-
тердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен
мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерт-
тей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің
жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Мәдениеттану пәні әртүрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы
мәдени өмірді жан-жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылыми
тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек гуманитарлық ғылым-
дар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына жатқызуға
болады, өйткені ол адамзат баласының мәдени өміріндегі сан алуан
құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Мәдениеттанумен көптеген
ғылым салалары шұғылданады. Оның ғылым ретінде қалыптасуына
антропология, тарих, психология, педагогика секілді ғылым салалары
зор ықпал етті. Мәдениеттану пәнінің негізгі мәселесі адамзаттың
ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның
генезисі, яғни шығуы болып табылады. Бұл орайда мәдениеттанушы-
лардың басты мақсаты – дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи-
мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіре отырып,
оларды болжай білу. Кеңес дәуірінде Қазақстанда Мәдениеттану пәні
11
жүйелі түрде оқытылмай, гуманитарлық ғылымдар саласында өзінің
нақты орнын таба алмады.
Түркітану немесе түркология – түркі тілінде сөйлейтін халықтар-
дың тілін, этнографиясын, тарихын, ауыз әдебиетін, мәдениетін зерттеу
нәтижесінде қалыптасқан. Шығыстану ғылымының жеке саласы.
Музыкалық түркітану жалпы музыка мәдениеті туралы ғылымына
толығырақ келесі тақырыптарда және арнайы музыкатану пәнінде
мәліметтер келтіріледі.
Ең алдымен, қазақтың музыкалық мәдениетін зерттеу үшін
Қазақстан тарихы саласындағы ғылыми еңбектер, оның ішінде архео-
логиялық зерттеулер мен жазбаша дереккөздері маңызды. Бүгінгі
қолжетімді ғылымдардың тарихи циклінің деректері бүкіл кезеңнің
Қазақстан аумағында өзіндік рухани негізде қайта құрылғандығын
көрсетеді. Ірі ауқымында бұл процесті келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1. Рухани құрама бөлігі тәңірлік, тәңірлік мәдениет түрі болған
Ұлы Түрік қағанаты.
2. Араб-ислам халифатымен өзара әрекеттесу.
3. Көшпелілік пен отырықшылықтың, дала мен түздің өзара
әрекеті бойынша пайда болған жаңа тарихи жағдай, атап айтқанда:
Ресей және Еуропамен мәдени байланыстар.
4. «Әмбебап» деп есептелген еуропоцентрлік модель типология-
лық негіз болған кеңестік кезең.
5. Тәуелсіздік кезеңі – қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған
бағыт.
Көрсетілген кезеңдер әлемдік мәдени-тарихи даму үрдістермен
сәйкес келеді. Осылайша, бірінші кезең мемлекеттердің қалыптасуы-
мен сипатталады. Еуразия құрлығында оның рухани өзегі әртүрлі
аймақтық нұсқалары құрастырған тәңірлік болды.
Тағы бір кезең басқа елдердегі ұқсас процестерді ынталандырыл-
ған батысеуропалық Ағартуымен сәйкес келді. Сонымен қазақ Ағарту-
шылығының ерекшелігі – постмодернистік терминімен айтқанда,
«Өзгелердің», «Басқа» («Другой» деген мағынада) болмысымен тығыз
байланысы Ұлы даланың көптеген қоғам қайраткерлерінің еңбекте-
рінде экзистенциалды (өмірлік мағыналығымен) дамуды алған өзіндік
мәдениеттің тағдырына, оның бүгіні мен болашағына деген қызығу-
шылықты күшейтті.
ХХ ғасырдағы мәдени интеграция алдыңғы кезеңнің қисынды
жалғасы болды. Бұл Қазақстан (басқа республикалар сияқты) бірыңғай
кеңестік Одағының құрамына кірген кезең. Жоғарыда айтылғандардан
туындайтын негізгі қорытынды: халық және мемлекет ретінде тірі
қалды. Біз интеграцияға көшуге ықпал ететін жалпыұлттық көріністерді
дамытып жатырмыз, өйткені бұл жеке мемлекеттер мен аймақтарда,
12
сонымен қатар бүкіл әлемде халықтардың рухани-мәдени келісімі мен
бірлігінің шарты болып табылады.
Сонымен қазақ мәдениеті өзінің дамуында туылу және қайта
өрлеу, өркендеу және құлдырау кезеңдерінен өтті. Осылайша, әр
мәдени-тарихи кезеңнің музыкалық мәдениеттің дамуына елеулі із
қалдырған өзіндік заңдылықтары болды.
2. Курс аясында музыкалық түркітану, көшпеліліктану және
этномузыкатану ғылымдарды сипаттау
Айтылғандарға дәлел – Қазақстандағы зерттеу тақырыбының
бірегейлігіне байланысты өзіндік жолымен дамып келе жатқан
музыкалық ғылым. Қазақ саз мәдениетінің өзгешелігін анықтауда
көшпеліліктанушылар және этнологтар А. Марғұлан, Э. Абил, тарих-
шы В.П. Юдин, этномузыкатанушылар А. Затаевич, А. Жұбанов,
Б. Ерзакович, Т. Бекхожина, Б. Сарыбаев, Б. Аманов, А. Мұхамбетова,
Б. Қарақұлов, Г. Омарова және тағы басқаларының еңбектері шешуші
факторы ретінде түсінуіне ықпал еткен. Сонымен еуропалық ғылым-
ның негіздері мен қазақтардың дәстүрлі білімін синтездейтін әдіснама
жасалды. Ұжымдық зерттеудің нәтижесінде Ұлы Даланың фольклоры
мен салқылмас үн әлемін, соның ішінде ауызша-кәсіби феноменді
зерттеуге арналған кешенді ұстаным қалыптасады.
ХХ ғасырдың аясында қазақ музыкатануында домбырашылар
алға тартты, олар орындаушылар бола тұрып жинау және зерттеу
жұмыстарымен белсенді айналыса бастады (А. Есенұлы, А. Райымбер-
генов, М. Жарқынбеков, Б. Мұптекеев, Д. Бекенов т.б.). Осы кезеңде
домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптарға арналған қазақ күйлерінің аудио
және CD дискілерін, сондай-ақ аймақтық аспаптық дәстүрлерді зерттеу
үшін құнарлы материал болған ноталық-музыкалық топтамалардың
қарқынды түрде шығарылуымен сипатталады.
Дәстүрлі аспаптық музыканың мәденитанушылық аспектісін
этномузыкатанушылар А. Мұхамбетова мен Б. Аманов және басқалар
дами бастады. Бүгінгі таңда зерттеушілер келесі ережелерді негіздеді:
1. Еуропа мен Азияның екі көшпелілік пен егін шашу шаруашы-
лық әлемінің тоғысқан жеріндегі EДКӨ (еуразиялық даланың көшпен-
ділер өркениетінің) тарихи байырғы шығу тегі және дамуы бар. Түрлі
тарихи-этнологиялық көші-қон процестері оның келбетін, типология-
сын, яғни түрін (көшпелі өмір салтын сақтау), сәйкесінше мәдениетін
өзгерткен жоқ.
2. EДКӨ-нің тарихы мен мәдениетінің әртүрлі кезеңдерінің (сақ-
ғұндық, түркі, қазақ) сабақтастығы қазақтардың мәдениеті мен дәстү-
рінде, стильдің, кодтың, бағдарламаның, менталитетінің сабақтастығы
қазақтардың саз мәдениетінде сақталды.
13
Жоғарыда аталған және басқа да көптеген зерттеушілердің
еңбектері көшпелілік өмір салты мен мәдениеті, соның ішінде саз
мәдениетінің ауызша феномен ретінде жоғары дамуына ықпал еткенін
көрсетеді. Оның ерекшелігі – сөз және саздың ажырамас бірлігінде.
Тарихи тұрғыдан алғанда, жаңа жағдайда, атап айтқанда, жазба
өркениетте, егін шашу халықтармен ауызша мәдениетінің болмысына
жол берілмеді және ұмытылды. Нәтижесінде қазіргі кезеңде ауызша
музыкалық мәдениет, соның ішінде қазақ саз мәдениеті де бірегей
феномен ретінде көрінеді. Тиісінше, ол музыка ғылымында да өзіндік
зерттеу пәнің құрайды.
Бұған мысал – күйтану (көне түрікше «көк» – көк, Көк Мәңгі
Тәңірлік деген мағынада). Күйтану пәнаралық бағыты болып табы-
лады. Күйді философтар, мәдениеттанушылар, филологтар, музыката-
нушылар зерттейді және әр бағытта бұл феноменнің әртүрлі аспекті-
лері ашылады. Музыкатануға келетін болсақ, мұнда күй теориясы мен
тарихы, сондай-ақ домбыратану, қобызтану, сыбызғытану дамиды.
Осылайша, отандық музыка ғылымы қазіргі әлеуметтік-гумани-
тарлық білімге айтарлықтай үлес қосады. Бұл ғылыми шындықтың
талаптарын сақтай отырып, зерттеушілердің қазақ музыкасының пәнін
түпнұсқа, автохтондық феномен ретінде зерттеуге ашады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты
мақаласында «мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және
болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі
дегеніміз осы». Қазақстанда мақтанып, әлемге көрсетуге тұрарлық
дүниелер бар. Сондықтан сөз бен саздың тұтастығы ретінде Ұлы
Даланың бірегей генофондының шығармашылық қайта жаңғыруына
күш-жігерімізді жұмсаудың мәні бар, бұл жалпы адамзаттық өрке-
ниеттің баға жетпес мұрасы болып табылатын тіл мен мәдениетке
терең бойлау үшін қажет.
Қаймағы шайқалмаған күйде жинақталып, жүйеленген материал-
дық емес мұраның мәні болашақта салыстырмалы зерттеулер жүргізуге
көмектеседі. Халықаралық антология мен атласты тыңнан жасауға
мүмкіндік береді, ол аймақтық мәдениеттердің өзара әрекеттестігі мен
өзара әсерін, мәдени интеграция үдерісін зерттеуге мүмкіндік береді.
Бұл халықтардың рухани жақындасуы мен өзара түсінісуіне ықпал
ететін көпір болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |