120
Айтылғаның мысалы – Қазақ тарихының ең ауыр кезеңімен
сәйкес келетін Кеңестік Қазақстанның музыкалық мәдениетінің қайта
бағдарлауы. ХХ-ші ғасырдың бірінші
жартысында ашаршылық пен
әртүрлі аурулардан еліміздегі халықтың жартысы қаза болғаны баршаға
мәлім. Алдында айтылған үдерістер дәстүрлі социомәдени құрылым-
дардың деформацияларын, яғни өзгерістерін тудырды. Көпғасырлық
саз мәдениетінің ауысымына асығыс тәртіпте жаңа музыкалық сала
қалыптасады, атап айтқанда: еуропалық дәстүрдің композиторлық
мектебі. ХХ-ші ғасырдың 30-ші жж ортасынан бастап қазақ музыка-
лық мәдениетінің шыңы ретінде ұсынылған жаңа нысандары /халық
аспаптар оркестрі, хор/ және жанрлар /опера/ енгізілді.
Бұл жағдайда қазақ саз мәдениеті жаңа музыкалық саламен ығыс-
тырылады. Музыка өнерінің мәртебесін еуропалық бағдардың компо-
зиторлық/ ноталық тәжірибесі алады. Ал қазақ саз мәдениеті музыка-
лық фольклор деңгейіне, яғни халықтың ұжымдық шығармашылығы-
ның деңгейіне дейін түсіп, өз ортасында мәдени өмірдің шеткі
аймағында қалады. Оған мысал: қазақ
саз мәдениеті музыкалық
фольклористиканың пәні ретінде зерттеледі. Ал музыкалық ғылым-
ның пәні жаңа жазба/ композиторлық мәдениет болып табылады. Бұл
үрдіс кеңес кеңістігінің республикаларында алпысыншыжылдықтарға
дейін басым болды. Ол зерттеу пәнінің кеңеюімен сипатталады және
уақыт өте келе композиторлық шығармашылық, орындаушылық,
педагогика мен білім беру мәселелері сияқты тарауларға бөлінеді.
Орталықтың, яғни Мәскеудің мәдени саясатының осы ресми
үрдісімен қатар музыкалы-қоғамдық интеллигенцияның бастамашыл
қадамдары да күш-жігерін алуда. Қабылданған іс-әрекеттердің нәтиже-
сінде Одақтың басқа республикаларының ғалымдарымен кәсіби байла-
нысы орнатылды. Бірлескен күшпен Самарқанд, Мәскеу,
Алматы
және Одақтың басқа да қалаларында халықаралық конференциялар
мен симпозиумдар ұйымдастырылып, өткізіледі. Оларда жеткілікті
және өзіндік құндылығы бар феномен ретінде ұлттық музыкалық
мәдениеттің мәселелері белсенді түрде талқыланады және шешіледі.
ТМД елдерінде өткізілген көптеген халықаралық фестивальдер
мен конференциялардың арасында «Түркі халықтарының музыкасы»
атты бірінші Халықаралық симпозиум елеулі түрде ерекшеленеді
(Алматы, 2009 ж.). Симпозиумның алдында консерваторияның бұрынғы
ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Д. Қасейінов пен өнертану
ғылымының докторы, профессор Б. Қарақұлов басқарған үлкен дайын-
дық жұмысы өтті. Симпозиум түркі
тілдес халықтар музыкасының
тарихы, теориясы мен эстетикасының өзекті мәселелеріне арналды.
Түркі музыкалық мәдениетін зерттеудегі ғылыми және практикалық
121
тәжірибелерді жинақтауға, ерекше өзектілікке ие болып отырған
мәселелердің жаңа шеңберін белгілеуге және білімнің осы саласын
дамытудағы негізгі мақсаттар мен перспективаларды анықтауға нақты
мүмкіндік туды.
Өткен симпозиум түркі тілдес халықтардың музыкасына ерекше
қызығушылық танытатын әлемнің түрлі елдерінің ғалымдарымен
ғылыми, мәдени және достық қарым-қатынас орнатуда да маңызды
болды. Оның жұмысына 100 зерттеуші қатысуға тілек білдірді.
2. ХХ ғасырдың қазақ музыкалық мәдениетінде жаңа, атап
айтқанда, композиторлық саланың қалыптасуы мен дамуы
1920-80-ші жылдары қазақ музыкалық мәдениетінде кеңестік
әлеуметтік-тарихи кезеңге және еуропалық өнердің типологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес келетін тұтас кезеңді құрайды. Оның ерекше-
лігі барлық алдыңғы дамумен тең емес болды: ол ұлттық дәстүрлердің
тікелей жалғасымен болған жоқ. Мәдениеттің мазмұны мен функцио-
налдық нысандарында адамның тіршілік ету сипатын өзгертетін
тектоникалық ілгерілеулер сияқты бұрын болмаған жаңалықтар орын
алды. Саяси-экономикалық формациялық «секіріс» отырықшы өмір
салтының мәдени ошақтарын қалыптастыруына бағытталған. Дала
өркениетінің рухы мен ауызша саз мәдениеті ауыр өзгерістеріне ие
болды. Көп ғасырлық саз қазақ мәдениетінің сабақтастық дамуында
пайда болған «сызат» өзгерістер ауқымын бейнелі сипаттайды.
ХХ ғасырдың қазақ мәдениеті жаңа жер кеңістіктерінің (шыңдар,
жазықтар, ойпаттар) қалыптасуы сияқты,
шығыс және батыстың
қиылысы мен айқастыруында құрылды. Бұрынғы түпнұсқалық мәде-
ниетке қарсы болған, мәдениеттің жаңа нысандары мен жаңа еуропа-
лық дәстүрдің кәсіби өнері кеңес кезеңінде зорлықпен қалыптасып
енгізілген
. Осы кезеңде музыкалы-шығармашылық түрлер екі топты
құрастырады: 1) қазақ саз мәдениеті; 2) шығармашылықтың жаңа –
еуропалық түрлері.
Бірінші топқа, көп ғасырлық даму тарихы бар, фольклор және
әнші, сал, сері, күйші, жырау мен ақындардың ауыз кәсіби шығарма-
шылығы кіреді. Мұнда жаңа мәдениет жағдайының қатаң қысымына
қарамастан, өзінің қайнар негіздердің барлығы, атап айтқанда, суырып-
салма рухы, шығару мен орындаушылықтың бірлігі, қабылдауға қатысу
принцибі,
дыбыстық, ауызша трансляциялануы өз маңызын сақтап
қалды.
Екінші топ – еуропалық музыканы меңгеру нәтижесі: компози-
торлық, орындаушылық, жаппай музыкалы-шығармашылық іс-әрекет-
тің түрлері. Жаңа сала енгізілген еуропалық музыкалық мәдениет
тасымалдау мен сақтаудың нақты нысандары (ноталық жазу), орындау
122
құралдары (еуропалық аспаптар), жанрлар, концерттік-театр өмірі
арнасында қалыптасты. Олардың мәдени бастаулары мен генетикалық
дәстүрлері бір түрлі және ұлттық мәдениетте тарихи ұқсастықтары
болмағандықтан, қазақ саз өнеріне ерекше «оппозиция» болып
табылады (У. Джумакова). Суырып-салма орындаушы-шығарушының
орнына жазба дәстүрінің шығару және орындау қызметтерін бөлініп
композитор келді.
Достарыңызбен бөлісу: