137
Қорытынды
Болашақ деген не? Алдында бізді не күтіп тұр? – экономикалық
әл-ауқат? Дамыған өркениеттер ретінде
постиндустриалды өркениет,
ақпараттық қоғам болуы ме? – Біздің пайымдауынша, бұл біржақты.
көзқарас. Олай болса, қате жауап.
Бұл, ең алдымен, біздің бүгінгі қараңғылықта жарықпен жыпы-
лықтап, барлық қуаныштарымен еліміздің және ата-бабаларымыздың
өткені. Дәл осы – өткен – бұл біздің бүгінгі және болашағымыз, оның
рухани негізінде жаһандық та, аймақтық та (Орталық Азиялық) және
ұлттық /ұлттық-мемлекеттік бірегейлікті құру мүмкін.
Бұл тек
мемлекеттік тіл және қасиетті география қоршаған орта, Универсум
ғана емес. Сонымен бірге Тәуелсіздік Қазақстанның ұрпақтарына,
кеңірек айтқанда, түркі әлеміне жеткізіп
таратылуға мұқтаж ата-
бабаларымыздың қайталанбас, алмастырылмайтын генофонды, яғни
тектік қор болып табылатын тұтастық ретіндегі саз мәдениеті.
О дегеніміз, оқу құралында бірнеше рет атап өткендей, саз
мәдениетінің маңыздылығы оның
кейіннен көптеген этникалық
мәдениеттердің мәнін құрайтын сол пайда болған ортақтықты сақтап,
тұжырымдайтындығымен анықталады. Себебі бұл ауызша мәдени
қабат адамзаттың жалпыға ортақ феноменің рухани мәдениеттің
құрамдас бөлігі.
Жаңа тарихи жағдайларда, атап айтқанда: жазбаша өркениетте,
көптеген халықтардың мәдениеттің ауызша өмір сүруі жойылып,
жоққа шығарылды. Нәтижесінде, қазіргі кезеңде ауызша рухани мұра,
оның ішінде саз мәдениеті ерекше құбылыс ретінде көрінеді.
Сонымен бірге ауызшы акустикалық мәдениеті тек өз құндылығы
бар феномен ретінде ғана сұранысқа ие емес. Саз мәдениетін компара-
тивистика пәні ретінде зерттеуі болашақтағы салыстырмалы талдауға
жол ашады. Сөйтіп,
мәдени интеграция, аймақтық мәдениеттердің
өзара әрекеттесуі мен өзара әсерін зерттеу бойынша халықаралық
антология мен атлас толықтырып қайта құруға мүмкіндік береді. Ал
бұл халықтар арасындағы рухани жақындасу мен өзара түсіністікке
ықпал ететін көпір.
Жоғарыда айтылғандарға мысал, біріншіден сазды мәдениеттің
трансляторы ретіндегі музыкалық
білім беру аймақтық аспаптық,
эпикалық және ән мектептерінің жергілікті әлеуметтік-мәдени
мекемесі ретіндегі өміршеңдігі. Сонымен қатар қазақ ортасында білім
беруі төлтумалық (самобытный), атап айтқанда, бата беру түрде өмір
сүрді. Елімізде бата дәстүрі дарынды тұлғалардың мәртебесін халқы-
ның алдында заңдастырудың түрі ретінде қалыптасып биік дамыған.
138
Осындай тарихи мысалдар – Құрманғазы бата беріп, домбырасын
Дина
Нұрпейісоваға сыйлады; өз кезегінде ұлы күйшінің шәкірті тек
лайықты домбырашы ғана емес, сонымен бірге «Устаз – Шәкірт»
дәстүрін үздіксіз жалғастырған шебер дана болды. Дина апамыз Н.Д.
Тілендиев пен Б.Сарыбаев сияқты даңқты тұлғалар үшін рухани
болашаққа жол ашып, олардың даралығы домбыра өнерінде ғана емес,
музыкалық мәдениеттің жаңа бағыттарында да көрінді.
Қазіргі кезеңде, басқалардың мәдени-рухани тәжірибесін шығар-
машылық тұрғыдан игере отырып,
дәлірек айтсақ, батыс музыкалық
мәдениеті арқылы Ұлы Дала өзін, озінің тамырларын түсінуге көшті.
Осылайша басқа музыкалық әлемдерді қабылдау қазақ музыкалық
мәдениеті мен саз өнерін тереңірек түсінуге ықпал етті. Бұл қазақ
музыкалық мәдениетін өзіндік құнды және өзін-өзі қамтамасыз ететін
феномен ретінде жариялаудың перспективаларын ашады. Екінші
жағынан, барлық жаңа беттер сәйкес
келетін дамып келе жатқан
мәдениет ретінде. Бұл біздің болашағымыз бар екенін білдіреді.
Мәңгілік Елдіміздің рухани болашағы деген мағынада.